Көпбалалы анаға көмек көрсетілді
«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалында «Мектепке жол» акциясы әліде жалғасуда. Өскемен қаласының тұрғыны көпбалалы ана Әбдірахменова Гулжан Оразхановна партияның облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына жүгініп балаларына оқуға қажетті құрал жабдықтармен мектепте тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі бойынша өтінішін білдірген болатын.
Онлайын режимде өткен «Nur Otan» партиясының хатшысы Марат Әмірұлының қабылдауында болып көпбалалы ана жоғарыдағы мәселелерді жеткізді.
«Мен жеті баланың анасымын балаларымның алтауы мектепке барады. Өзім Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығында тазалықшы болып жұмыс істеймін. Жолдасым жүргізуші болып жұмыс жасайды. Қазіргі қымбатшылықта балаларды мектепке дайындау өте қиын. Сондықтанда партияға жүгініп көмек сұрауға тура келіп отыр. Деседе мемлекет тарапынан қолдауын үнемі көріп келеміз , өткен жылы жалдамалы баспанаға қол жеткіздік. Бүгін партия тарапынан балаларымның оқуына қажетті құрал жабдықтармен азық түліктер берілді. Өтінішімді ескеріп көмек көрсеткен «Nur Otan» партиясына алғыс білдіремін» -деді көпбалалы ана Гулжан Оразхановна.
Көпбалалы анаға балаларының оқуына қажеті құрал жабдықтарды табыстағын «Nur Otan» партиясы ШҚО филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков балаларды мектепте тегін тамақпен қамтамасыз ету мәселесі алдағы аптада өз шешімін табатындығын жеткізді.
Еске салар болсақ осы жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Мектепке жол» акциясы аясында 2 мыңнан астам оқушы оқуға қажетті құрал жабдықтар салынған сөмкелермен қамтылды.


