Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

«Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»

14 қыркүйек күні С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасының ұйымдастыруымен «Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы» аясында «Мақал-сөздің мәйегі» атты мақал-мәтел сайысы ZOOM бағдарламасы арқылы өткізілді. Сайысқа Шеңгелді ауылындағы Қ.Жалайыр атындағы №6 орта мектебінің 4 «В» сынып оқушысы Булгакова Аружан қатысып «Алғыс» хатпен марапатталды.

0
0
214

Өмірзақ Озғанбайұлының 80 жасқа толды

Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы академик Өмірзақ Озғанбайұлының 80 жасқа толуына орай № 3 орта мектептің 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Өмірзақ Озғанбай – ғалым, қайраткер, тұлға, академик» атты ақпараттық сағат өткізді. Кітапхана библиографы Қ.Оразалинова оқушыларға Тәуелсіз қазақ елінің дамуына үлес қосып, саналы ғұмырын педагогика саласына арнаған Өмірзақ Озғанбаевтың жеткен жетістіктері мен алған асулары туралы баяндап берді. Сонымен қатар, Ө. Озғанбаевтың қаламгерлік қарымын көрсете білген еңбектері «Дәуір бел-белестерінде», «Халықтан асқан ұстаз жоқ», «Атамекен хикаялары», «Жарығы өшпейтін жұлдыз», «Дорога в будущее», «Көкжиек», «Тоғысқан тағдырлар түбегі», «Жантануға кіріспе», «Келбет», «Адай көтерілісі» туралы да айтылды. #Ұлттықмұра

0
0
218

Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуге бейімделуіне мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Қапшағай қаласы бойынша әлеуметтік нысандардың мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсетуге бейімделуіне мониторинг жұмыстары жүргізілді. Мониторинг негізінде анықтама толтырылып, мекеме басшыларына ұсыныстар айтылды. Мониторингтік топ құрамында қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Е.Нұрпейісов, қалалық мәслихат депутаты С.Сүйіндік, әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің маманы М.Дандыбаева, қала әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлык жұмысы, мемлекеттік қызметтер мониторингі және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы Ж.Байбагисова қатысты.

0
0
203

Отбасы күнін мерекелеу аясында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары Қолановтар отбасы!

Отбасы күнін мерекелеу аясында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары Қолановтар отбасы!Отбасы - мемлекеттің тірегі! Сондықтанда, Елдің ел болып қалыптасуы, осынау кішкентай ғана отбасынан бастау алатыны хақ. Осы сөздің мағынасына терең бойлаған адамға көп дүниені түсіндіргендей. Расыменде, шаңырақ астындағы ауызбірлік пен татулық, баланың әкеге, қыздың анаға қарап өсуі дәл осы оймақтай ғана шағын мемлекетте қалыптасатыны анық. Сол себептенде, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген дана сөз тегін айтылмаған-ды. Тәрбиенің тал бесігі отбасы болғандықтан, мұндағы тәлім де дұрыс болғаны абзал. Бүгінгі қоғамды үлгі етер, сол өнегелі жолды өмірлік ұстанымына айналдырып, өмір кешіп жатқан жандар баршылық. Олардың қатарынан Қолановтар әулетін көруге болады. Үш баланың анасы, үш неме…

0
0
215

Nur Otan: Қоғамдық кеңесте эканомиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланы

Отырысқа "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков және кеңес мүшелерімен осы салаға жаупты басқарма өкілдері қатысты.Жиынның күн тәртібінде бизнес объектілеріне инженерлік желілерді жүргізу, Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша маңызды басым жобаларды қаржыландыру және бизнесті дамытудың басым шарты ретінде отандық материалдар мен жабдықтарды барынша пайдалану мәселелері талқыланды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасында нақты көрсетілген.«Қоғамдық кеңестің әр отырстарында біз партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының уақытылы орындалуын сөз етеміз. Себебі Жол картасының кейбір тармақтарының орындалуы бойынша қосымш…

0
0
223

«Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсе менеджерлері жастармен кездесті

«Jetisý - adaldyq alańy» жобалық кеңсе менеджерлері Алматы облыстық Талдықорған өнеркәсіптік индустрия және жаңа технологилар колледж студенттерімен, колледж белсенділерімен кездесті.

Кездесу барысында, жобалық кеңсе менеджерлері жастарды «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» саясаттың мән-жайымен таныстырып, «Жемқорлық» ұғымын толықтай түсіндіріп, жастарды «Адалдық, әділдік, парасаттылық» қағидаларына бағыттады.

Аталған іс-шара, жастардың оң көңілінен шығып, кездесу барысында жастар өздерін мазалап жүрген сұрақтарына жауап алды. Алдағы уақытта, жобалық кеңсе менеджерлері, басқа да білім ошақтарының студенттерімен кездесу жоспарлануда.

0
0
167