Өмірзақ Озғанбайұлының 80 жасқа толды
Қапшағай қаласының қалалық кітапханасы академик Өмірзақ Озғанбайұлының 80 жасқа толуына орай № 3 орта мектептің 9-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Өмірзақ Озғанбай – ғалым, қайраткер, тұлға, академик» атты ақпараттық сағат өткізді. Кітапхана библиографы Қ.Оразалинова оқушыларға Тәуелсіз қазақ елінің дамуына үлес қосып, саналы ғұмырын педагогика саласына арнаған Өмірзақ Озғанбаевтың жеткен жетістіктері мен алған асулары туралы баяндап берді. Сонымен қатар, Ө. Озғанбаевтың қаламгерлік қарымын көрсете білген еңбектері «Дәуір бел-белестерінде», «Халықтан асқан ұстаз жоқ», «Атамекен хикаялары», «Жарығы өшпейтін жұлдыз», «Дорога в будущее», «Көкжиек», «Тоғысқан тағдырлар түбегі», «Жантануға кіріспе», «Келбет», «Адай көтерілісі» туралы да айтылды. #Ұлттықмұра
