Отбасы күнін мерекелеу аясында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары Қолановтар отбасы!
Отбасы күнін мерекелеу аясында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының қатысушылары Қолановтар отбасы!
Отбасы - мемлекеттің тірегі! Сондықтанда, Елдің ел болып қалыптасуы, осынау кішкентай ғана отбасынан бастау алатыны хақ. Осы сөздің мағынасына терең бойлаған адамға көп дүниені түсіндіргендей. Расыменде, шаңырақ астындағы ауызбірлік пен татулық, баланың әкеге, қыздың анаға қарап өсуі дәл осы оймақтай ғана шағын мемлекетте қалыптасатыны анық. Сол себептенде, «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген дана сөз тегін айтылмаған-ды. Тәрбиенің тал бесігі отбасы болғандықтан, мұндағы тәлім де дұрыс болғаны абзал. Бүгінгі қоғамды үлгі етер, сол өнегелі жолды өмірлік ұстанымына айналдырып, өмір кешіп жатқан жандар баршылық. Олардың қатарынан Қолановтар әулетін көруге болады. Үш баланың анасы, үш немеренің әжесі Қоспаева Дания Қайыпбекқызының Мейрамхан Максимұлымен отауласқандарына 30 жылдан асқан. Отбасының бақытты да, өнерлі әрі, өнегелі атануы отағасы Мейрамхан мен жұбайы Данияның қосқан теңдесіз үлесінің жемісі. Қазақтың салт-дәтүрін, әдеп- ғұрпын, ата-анадан мирас болып келген өсиеттерді бойына сіңіріп өскен апамыз келіні Анарды да қызындай көріп, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді, өзі секілді ер азамат, туған-ағайынды қадірлеуге кеңесін айтып, үйретіп келеді. Оның арасында күйеу баласы Бауыржанға да аналық ақылымен бөлісіп, оған да қамқорлығын танытып жүреді. Сонымен бірге, үлгілі жанұя мүмкіндігі шектеулі, аз қамтылған жандарға, қарттар үйіндегі азаматтарға қайырымдылық игі істерін де атқарып тұрады. Қапшағайымызда Қолановтай отбасылары артып, жерлестеріне сыйлы, замандастарына өнеге болар жандар көп болсын демекпіз! #Бақыттыотбасы
