Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Nur Otan: Қоғамдық кеңесте эканомиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланы

Отырысқа "Nur Otan" партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков және кеңес мүшелерімен осы салаға жаупты басқарма өкілдері қатысты.

Жиынның күн тәртібінде бизнес объектілеріне инженерлік желілерді жүргізу, Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасы бойынша маңызды басым жобаларды қаржыландыру және бизнесті дамытудың басым шарты ретінде отандық материалдар мен жабдықтарды барынша пайдалану мәселелері талқыланды. Бұл жұмыстарды жүзеге асыру "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасында нақты көрсетілген.

«Қоғамдық кеңестің әр отырстарында біз партияның сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға арналған Жол картасының уақытылы орындалуын сөз етеміз. Себебі Жол картасының кейбір тармақтарының орындалуы бойынша қосымша сұрақтар туындауда. Кеңес мүшелері мен жауапты басқармалар осы мәселер бойынша жұмыс атқаруы тиіс. Біздің сайлау науқаны кезінде сайлаушыларға берген уәделеріміз біріншіден сапалы, екіншіден уақыттылы орындалуы керек»,- деді облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары О.Чугунков.

«Шағын және орта бизнеске қолдау көрсету мақсатында "Бизнестің жол картасы 2025" бағдарламасы шеңберінде 2010-2020 жылдар кезеңінде жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізу бойынша жалпы сомасы 13,9 млрд.теңгеге 57 жоба іске асырылды.

Ағымдағы жылы жалпы құны 10 291,88 млн.теңге болатын 16 жобаны іске асыруға 4 779,68 млн. теңге бөлінді»,- деді ШҚО энергетика және ТКШ басқармасы басшысының орынбасары Рамазанова Н.С.

Отырыс соңында кеңес мүшелері тарапынан кәсіпкерлікті қолдауға бақытталған жұмысты жандандыруға арналған ұсыныстар айтылды.

0
0
222

Осы тақырып бойынша

Nur Otan: Қоғамдық кеңесте эканомиканы дамыту және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланы - Yvision.kz