Франция баспасөзі қалай құрылды?
Сіздер білесіздер ме? Әлемдгі ең алғашқы журнал Франция мемлекетінде жарыққа шықты. Міне, бүгін тарихы мен тағылымы терең, ерекшеліктерге бай, тым қызықты Франция мемлекетінің баспасөзі жайында жазатын боламын. Бұл мемлекетте алғашқы баспаханалар 1470 жылы атақты Париж қаласында алғашқы өнімдерімен таныстыра бастады. Ал, 1604 жылы газет шығару пайда болып, алғашқы “Газет франсуаз” деген еңбек жарыққа шықты. Жоғарыда айтып өткенімдей, әлемдегі ең бірінші журнал 1665 жылы Францияда шықты. Ол - «Журнал де саван» деп аталды. Франциядағы баспасөзде көптеген мерзімді және мерзімді емес басылымдар бар. Енді газет-журналдарға жекелей тоқталып өтсек.
Ұлттық маңызы бар күнделікті газеттердің ішінде «Фигаро», «Парисиенне» (Парисиен), «Монд» (Мир), «Франция-Соир» («Кешкі Франция») және «Либерасьон» газеттері ең көп таралымға ие. La Tribune - күн сайынғы қаржы -экономикалық газет, ол акция көрсеткіштерін жариялайды және нарықтың жағдайын талдайды. Le Dauphiné Libéré - күнделікті таңертең шығып тұратын газет: халықаралық, ұлттық және аймақтық жаңалықтар, саясат, экономика, қоғам, мәдениет. La Croix - христиандардың күнделікті таңертеңгі газеті. Газеттің редакциясы қоғамдық және саяси өмірдегі оқиғаларға жалпы гуманистік көзқараста болуды талап етіп, оны «діни де, конфессиялық та емес» деп санайды. Негізгі айдарлар: «Франция», «Бейбітшілік», «Экономика», «Дін», «Ата -аналар мен балалар», «Мәдениет», «Ғылым», «Руханият». Сонымен қатар көптеген аймақтық күнделікті газеттер бар, олардың ең әйгілісі Батыс Франция, таралымы 797 000, бұл кез келген ұлттық газеттен екі есе дерлік. Сонымен қатар «Le Progres» газеті бе осындай. Енді, журалдың отаны болған мемлекеттің журналдарына тоқтала кетейік. Танымал журналдар - Paris Match (суретті апталық жаңалықтар), Express, Poin, Nouvelle Observatory (апта сайынғы жаңалықтар), Le Point (халықаралық мәселелерден мәдени және ғылыми жаңалықтарға дейінгі кең ауқымды тақырыптарды қамтитын әйгілі апта сайын, жұма күні шығатын консервативті бағдар). «Марианна» Парижде шығатын қоғамдық-саяси журнал. Бағыты: саясат, мәдениет, экономика. Іскерлік жаңалықтар журналы: Les Eco. Спорт: «Жабдықтау», «Франция футболы». Әйелдерге арналған журналдар: Famme Actuel, Elle, Marie-France. Телебағдарламалар мен жаңалықтар: «Телесет жур». Сатиралық: Чарли Эбдо және т.б.
Қазіргі таңда Францияда 100-ге жуық апталық басылымдар шығып тұрады. Ең беделді әні танымал 797 мың данамен таралатын “Уэст Франс” газеті және балаларға арналған әйгілі журнал “Пиф”. Француздардың радио және телебағдарламаларында ағылшын тіліндегі бағдарламалар шектеулі. Әсіресе, американдық клиптер, фильмдер тағы басқа шетел мәдениетінің көріністері өте аз көрсетіледі. 2011 жылдың маусым айынан бастап Францияда фейсбук пен твиттер атауын телебағдарламаларда қолдануға тыйым салынған. Сонымен, біз білетін Фрнация мемлекеті баспасөзі өзінің тарихымен, журналдары және газеттерімен, кейбір ұстанымдарымен ерекшеленеді.
