"Ардагерлерді ардақтайық" партиялық жобасы аясында
Осы орайда Жетісу ауданы «Nur Otan» партиясы филиалының ұйымдастыруымен Алматы қалалық мәслихат депутаты Ләззат Ибрагимова демеушілік көрсетіп, ауданымыздың әр түрлі сала бойынша Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген ардагер - қарияларымыздың үйлеріне барып құттықтап қайтты. Қарттарымызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, туған-туыстары мен жақындарына деген сүйіспеншілік пен түсіністік, жақсы көңіл -күй мен белсенді ұзақ ғұмыр тілейміз!
