Мазмұнға өту
Разное

Разное

425 555 жазбалар51 тіркелуші

Всяко-разно

«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқыланды.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы филиалына қарасты «Ұялы» бастауыш партия ұйымында ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқыланды.

«Ұялы» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрайымы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі М.Мұхамжарова ашып, жүргізіп отырды. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған бастамаларынан туындайтын міндеттер жайы айтылды. Кездесуге қатысушылар Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтындықтарын білдіріп, оны іске асыруға ат салысатындықтарын жеткізді.Кездесуде партия ардагерлері мен белсенді партия мүшелері қатысты.

0
0
248

Партиялықтар халықпен бірге.

Партиялықтар халықпен біргеБатыс Қазақстан облысында күннің күрт жылуынан еріген қар суының салдарынан 170-ке жуық үй мен 2 әлеуметтік нысанды су басты. 168 бас ірі қара мен ұсақ мал қырылды. Облыстың алты ауданында су басу қаупі әлі сақталуда."Су басқан үйлерден 750 адам эвакуацияланды, оның ішінде 215-і бала. Адамдар барлық қажетті азық-түліктермен және бірінші қажеттіліктегі заттармен қамтамасыз етілді. Су тасқынына қарсы іс - шараларға барлығы 770-тен астам адам мен 99 бірлік техника жұмылдырылды", - деді БҚО ТЖ өкілдері.Облыс орталығында 6 мыңнан астам адам тұратын Деркөл, Шаған және Орал өзендерінің жайылмаларында орналасқан саяжай серіктестіктері су басу қаупінде тұр.Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге облыс резервінен 1,2 миллиард теңге бөлінген. Зардап шеккендерге материалд…

0
0
201

"Апат айтып келмейді "

Достар! "Апат айтып келмейді " деген. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе, Шыңғырлау, Бөрлі, Жәнібек аудандарында төтенше жағдай орын алып отырғаны баршаңызға белгілі. Осы ретте, "AMANAT" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы аумақтық филиалдармен бірлесіп жергілікті жерлерде су басқан елді-мекен тұрғындарына көмек беруді бастап кетті.Барлық партияластарымызды, азаматтарды көмек қолын созуға шақырамыз.Қазірдің өзінде облыстық мәслихат депутаты, әріптесіміз Мұрат Орынбайұлы Жәкібаевтан зардап шеккен отбасылар үшін эвакуациялық жинақтау пункттеріне 4 тонна ұн мен 400 литр сұйық май жөнелтілді. Басқа да әріптестерімізден қаржылай көмектер келіп түсуде. Баршаңызды жерлестерімізге көмек қолын созуға шақырамыз. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші" көмектесейік!Бірінші қажетті заттарды жина…

0
0
234

«Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқылады.

«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы филиалына қарасты «Орда» бастауыш партия ұйымында ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқыланды.

«Орда» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрағасы ауылдық округ әкімі М.И. Сисенов ашып, жүргізіп отырды. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған бастамаларынан туындайтын міндеттер жайы айтылды. Кездесуге қатысушылар Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтындықтарын білдіріп, оны іске асыруға ат салысатындықтарын жеткізді. Кездесуде партия ардагерлері мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.

0
0
215

Су тасқынынан орын алған Жақсыбай ауылында болды

"AMANAT" партиясының облыстық және аудандық мәслихаттарының депутаттары Есқайыр Елемесов, Біржан Қуаналиев және Бауыржан Қарақұлов көктемгі су тасқынында орын алған Жақсыбай ауылында болып, қалыптасқан ахуалмен танысып қайтты. Сапар барысында депутаттар жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың сұрақ-сауалдарына жауап берді, сондай-ақ "АMANAT" партиясы атынан азық-түлікпен көмек көрсетті . Әрине, көрсетіліп жатырған көмек зардап шеккендерге көрсетілетін қолдау мен жәрдемнің тек бастамасы ғана және мұндай игі іс барлық жанашыр адамдар тарапынан жалғасын табатындығына сенімдіміз.

0
0
220

Құрметті жерлестер

Құрметті жерлестер! Көктемгі су тасқыны еліміздің көптеген аймақтарына залал келтіріп жатырғаны мәлім. Өкінішке орай, ауданымыздың Талов және Жақсыбай ауылдарына келген су арналардан тасып, тұрғын үйлер мен түрлі нысандардың ішіне еніп кетуде. Соның салдарынан ауыл тұрғындарының мүлкіне шығын келіп, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнуде. Бұл жағдайда, жергілікті атқарушы органдар тиісті мекеме, ұйымдармен бірлесе отырып, тұрғындарын құтқару, оларды қауіпсіз орындарға орналастыру, сондай-ақ табиғи апаттың салдарын жою бойынша қажетті шараларды қолға алуда. Бұл тұрғыда, ауданның барлық тұрғындары қалыптасқан ахуалға алаңдаушылық танытып, облыстық және аудандық мәслихаттардың бірқатар депутаттары Есқайыр Елемесов, Біржан Қуаналиев және Бауыржан Қарақұлов жергілікті тұрғындардың хал-жағ…

0
0
243

«Күйгенкөл», бастауыш партия ұйымдында жолдауды талқылау

"AMANAT" партиясы Жәнібек филиалына қарасты «Күйгенкөл», бастауыш партия ұйымдында ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқылады. «Күйгенкөл» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрағасы Саят Тарғынов ашып, жүргізіп отырды. Саят Тарғынов өз сөзінде ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауын партия мүшелеріне түсіндіріп және көрсетілген бастамалардың іске асуына әрбір партия мүшесін атсалысуға шақырды.

0
0
271

«Тау» бастауыш партия ұйымында жолдауды талқылау

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының «Тау» бастауыш партия ұйымында, осы ұйымның төрағасы Нұрлыбек Турешев Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын түсіндірді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
213

"Ақоба" БПҰ Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауын талқылау

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының "Ақоба" БПҰ төрағасы Нұрлыбек Жакиннің төрағалығымен ел Президенті, партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты жолдауын талқылау бойынша жиыны өтті.

Жиында " Ақоба " Бастауыш Партия ұйымы төрағасы Нұрлыбек Жакин бұл маңызды Жолдау елдің экономикасы мен халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталғанын, ел дамуына жаңа серпіліс берген Жолдау екендігін, алдағы уақытта партияны жаңғыртуға бағытталған мақсат- міндеттерді барша партияластар бірігіп, жұмыла жүзеге асыру керектігін айтып, жиынды қорытындылады.

0
0
230

«Борсы» бастауыш партия ұйымында жолдауды түсіндіру

«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының «Борсы» бастауыш партия ұйымында, осы ұйымның төрайымы Айгуль Беккалиева және ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын түсіндірді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

0
0
193