«Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқылады.
«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы филиалына қарасты «Орда» бастауыш партия ұйымында ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқыланды.
«Орда» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрағасы ауылдық округ әкімі М.И. Сисенов ашып, жүргізіп отырды. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған бастамаларынан туындайтын міндеттер жайы айтылды. Кездесуге қатысушылар Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтындықтарын білдіріп, оны іске асыруға ат салысатындықтарын жеткізді. Кездесуде партия ардагерлері мен аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
