Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

"Апат айтып келмейді "

Достар! "Апат айтып келмейді " деген. Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе, Шыңғырлау, Бөрлі, Жәнібек аудандарында төтенше жағдай орын алып отырғаны баршаңызға белгілі. Осы ретте, "AMANAT" партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы аумақтық филиалдармен бірлесіп жергілікті жерлерде су басқан елді-мекен тұрғындарына көмек беруді бастап кетті.

Барлық партияластарымызды, азаматтарды көмек қолын созуға шақырамыз.

Қазірдің өзінде облыстық мәслихат депутаты, әріптесіміз Мұрат Орынбайұлы Жәкібаевтан зардап шеккен отбасылар үшін эвакуациялық жинақтау пункттеріне 4 тонна ұн мен 400 литр сұйық май жөнелтілді. Басқа да әріптестерімізден қаржылай көмектер келіп түсуде. Баршаңызды жерлестерімізге көмек қолын созуға шақырамыз. "Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші" көмектесейік!

Бірінші қажетті заттарды жинақтау орыны:

Орал қаласы, Ж. Молдағалиев көшесі, 19

Есеп-шот

Kaspi gold:

8 778 606 78 18 (Гаухар Ш)

"AMANAT" партиясы БҚО филиалы қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі

KZ88722C000020506992

@amanat.partiyasy @askhat_oralov

#AMANAT

0
0
228

Осы тақырып бойынша