«Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқыланды.
«AMANAT» партиясы Бөкей ордасы филиалына қарасты «Ұялы» бастауыш партия ұйымында ел Президенті Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына арнаған «Жаңа қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауды талқыланды.
«Ұялы» бастауыш партия ұйымының жиналысын бастауыш партия ұйымының төрайымы аудандық мәслихаттағы депутаттық фракциясының мүшесі М.Мұхамжарова ашып, жүргізіп отырды. Жиында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында айтылған бастамаларынан туындайтын міндеттер жайы айтылды. Кездесуге қатысушылар Жолдауда айтылған бастамаларды қолдайтындықтарын білдіріп, оны іске асыруға ат салысатындықтарын жеткізді.Кездесуде партия ардагерлері мен белсенді партия мүшелері қатысты.
