«Борсы» бастауыш партия ұйымында жолдауды түсіндіру
«AMANAT» партиясы Жәнібек аудандық филиалының «Борсы» бастауыш партия ұйымында, осы ұйымның төрайымы Айгуль Беккалиева және ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауын түсіндірді. Түсіндірме жұмыстары барысында партия мүшелері тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар беріліп, жиынға қатысушылар өз тараптарынан барлық бастамаларды қолдайтындықтарын білдірді.

