Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Ұлағат Ақжолтай: Мақсатым – қазақ мүсін өнерінің дамуына үлес қосу

Ол - Мәскеудегі Суриков атындағы академиялық көркем сурет институтына ең жоғары 421 балмен 30 жылдан соң қабылданған жалғыз қазақ баласы. Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының түлегі Ұлағат Ақжолтай Мәскеудегі Суриков атындағы академиялық көркем сурет институтына ең жоғары 421 балмен 30 жылдан соң қабылданған жалғыз қазақ баласы. Колледж қабырғасында жүргенінде-ақ, ерекше қабілетімен көзге түскен студенттің шығармалары кәсіби мамандардың жоғары бағасын алған. Ол Көкшетау қаласында өткен жас мүсіншілер байқауының бас жүлдесін жеңіп алса, 2013 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен жасөспірімдер арасындағы көркемсурет байқауының жеңімпазы. «Өнерге деген адалдығы жоғары. Болашақта қазақ өнерін дамытуға үлесімді қосамын дегенде ұстаз ретінде қатты қуанамын»,-дейді мүсін өнері бойы…

0
0
680

Астанада «Алтын тұлпар» турнирі өтеді

Осыған орай ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. 6 қыркүйекте Астана қаласы маңындағы Қабанбай елді мекенінде дәстүрлі «Алтын тұлпар» аламан бәйгесі өтеді. Турнирді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігі «Нұр Отан» партиясы қолдауымен өткізеді. «Алтын тұлпар» турнирінің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры. Осыған орай ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының вице-президенті Ерлен Оспанов бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Байрақты бәсекеннің биылғы ерекшеліктеріне тоқталған Ерлен Оспанов: «Былтырғы додада 43 шақырымдық бір ғана айналым болған. Ал, биыл 12 шақырымнан 4 айналым жасадық. Мәре сызығынан тағы бір айналым қосылды. Сонымен жалпы, 51 шақырым. Мұндай…

0
0
460

Көлік терезелерін көлеңкелеу әдістері туралы не білеміз?

Сапалы жабыстырылған пленкалы терезенің сынуы немесе зақымдалуы сирек кездеседі. Сапалы жасалған көлеңкелеу ультракүлгін сәулелерінің салонға түсуін 97 пайызға кемітеді. Қосымша көлік терезелерін көлеңкелеу қауіпсіздікті азайтады деген пікір қалыптасқан. Мамандардың айтуынша, ол керісінше, қорғаныш күшін арттырады. Себебі, сапалы жабыстырылған пленкалы терезенің сынуы немесе зақымдалуы сирек кездеседі. «Көлеңкелеудің бірнеше түрі болады. Көбіне жүргізушілер қарақоңыр түсті қолданып жатады. Күн көзінен салонын сақтау және құнды заттарды көлікте қалдырған сәтте бөгде адамдарға көрсетпеу мақсатында автокөлік иелері арнайы келіп жасатады. Жоғары сапалы материал қолданса, 5 жылға дейін еш бүлінбестен қызмет етеді. Ал, мамандар үш жыл кепілдік береді. Пленканы көлік есігінің терезелеріне жабыст…

0
0
404

Астанада «Тарих және Мәдениет» атты этникалық мәдениет халықаралық фестивалі өтуде

«Көк түріктер» фольклорлық этнографиялық ансамблінің мүшесі, бас домбырашы Қазбек Атамбаев және домбырашы Еркеғали Махмұтханов бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. Астанада 2-4 қыркүйек аралығында «Тілеп Қобыз» сарайында Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы аясында «Тарих және Мәдениет» атты этникалық мәдениет халықаралық фестивалі өтуде. Фестивальдің ашылу салтанатына тоқталған «Көк түріктер» фольклорлық этнографиялық ансамблінің мүшесі, домбырашы Еркеғали Махмұтханов: «Фестивальге 17 мемлекеттен қатысушылар келді. Сол кісілермен танысып-білісіп жатырмыз»,-дейді. «Көк түріктер» фольклорлық этнографиялық ансамблінің мүшесі, бас домбырашы Қазбек Атамбаев: «Мұндай шаралар біздің шыңдала түсуімізге көп септігін тигізеді. Біздің ансамбльдің ерекшелігі сол, өзіміздің ұлттық аспаптарды ғана емес…

0
0
481

Бүгін Чехия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Бүгін Пльзень қаласының «Дусан Арена» стадионында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Чехия командасымен кездеседі.

Сырт алаңда өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да (3-нен 4-не қараған түн) тікелей эфирде көрсетеді.

Ойынға Мартин Стрембергссон бастаған швециялық бригада төрелік етеді.

Айта кетейік, 5 қыркүйекте өтетін Исландия-Қазақстан матчын да «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
572

Шымкентте 147 мыңнан астам оқушы мектепке барады

Биыл бірінші қыркүйекте Шымкент қаласындағы 126 мектепте алғашқы қоңырау соғылып, онда 147 мыңнан астам оқушы алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды.

Облыс әкімдігі таратқан мәліметтер бойынша, биылғы оқу жылының дайындығын  қаланың жуырда ғана тағайындалған жаңа әкімі  Ғабидолла Әбдірахымов қатаң бақылауда ұстап отыр.

Білім саласына қатысты  мәселелер жуырда ғана өткен Шымкент қаласы әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде де қаралған. Онда толассыз тексерулердің мектептегі берілетін білімнің сапасына кедергі келтіріп отырғандығы айтылған. Шаһар басшысы бұл мәселенің оңтайлы шешімін табуына жеке өзі ұйтқы болмақ.

0
0
296

Сайрамбай Дөненбаев – асыл тұқымды жылқы өсіріп отырған кәсіпкер

Кәсіптің нәсібін көріп отырған ол отандық өнімнің сапасын арттыруға күш салуда. Сайрамбай Дөненбаев ұзақ жылдар бойы асыл тұқымды жылқыларды баптаумен айналысып келеді. баптаудан бөлек, ол оны асылдандыруды да қолға алған. Шаруашылық күніне 500 литрге жуық қымыз өндіреді. Кәсіптің нәсібін көріп отырған жан отандық өнімнің сапасын арттыруға күш салуда. «Бүгінде жылқы саны 2500 басқа жетті. Қазақы жылқы мен Ресейдің асыл тұқымды, салмағы ауыр жылқыларын алып келіп, будандастырып отырмыз. Еті де, сүті де сапалы. Енді бір бес жыл осы бағытта жұмыс істесек, таза асыл тұқымды жылқы шығады»,-дейді кәсіпкер. Шаруашылықтағы будан түрінің дене бітімі шымыр, кез келген ауа райына төзімді. Жайылымына қарай жем, шөп талғамайды. Оның биіктігі шамамен – 145. Ал, тұрқы – 150 сантиметрді құрайды. Салмағы…

0
0
1415

Жеңіскүл Темірханқызы: Биылғы оқу жылын жаңа әнұранмен бастамақпыз

№74 мектеп-гимназиясының директоры Жеңіскүл Темірханқызы және сол мектептің оқушысы Альбина Сәлімова бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Бүгінгі көңіл күйіміз тамаша. Себебі, бірер сағаттан соң еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған оқушы алғашқы қоңырау салтанатты жиынында сап түзейтін болады. Жыл сайын бұл күн біз үшін ерекше, айтулы мереке. Бүгін біздің мектепте 1230 бала алғашқы қоңырауға қатысады. Мектебімізге келуші оқушылар саны да жыл санап артып келеді. Былтыр 750 бала мектеп табалдырығын аттаса, биыл 1340 бала. Мектебіміздің ерекшелігі – биылғы оқу жылын жаңа әнұранымызбен ашпақпыз»,- дейді Жеңіскүл Темірханқызы. «Менің бұл мектепте білім алып жатқаныма екі жыл болды. Мұғалімдерім білімді, кабинеттер қажетті құрылғылармен жабдықталған. Оқушының білім алуына қолайлы жағдай жасалған…

0
0
498

1 қазаннан Қазақстан бойынша қызылшаға қарсы вакцина егу басталады

Осы жылдың 1 қазанынан бастап Қазақстанның барлық өңірінде қызылшаға қарсы вакциналау маусымы басталады. ҚР ҰЭМ Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Жандарбек Бекшиннің айтуынша, қызылша жұқтырушылардың саны көп тіркелген соң, қосымша вакциналау маусымы қайта басталмақ. «Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, қазір әлемде қызылша ауруына қатысты жағдай күрделеніп отыр. Қазақстан Республикасында жыл басынан бері қызылша жұқтырған 2283 адам тіркелді. Өкінішке орай, алдыңғы иммундау маусымында вакцина алмаған бір жасөспірім маусым айында қызылша ауруынан көз жұмды. Қызылша ауруының асқынатын бірнеше түрі болады, соның бірі және өте қауіптісі мидың қабынуы. Сондықтан, ата-аналар мен ел азаматтарын вакцинадан бас тартпауға шақырамын. Биыл қосымша имм…

0
0
299

Елбасы барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады

Бүгін ҚР Конституциясының 20 жылдық мерейтойына арналған ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев барша қазақстандықтарды Ата заңымыздың 20 жылдық мерейтойымен құттықтады. «Біз барын бағалап, қадірлей біліп келе жатқан еліміз. Азаттығымыздың айшықты айғағы болған Ата заң тәуелсіздіктің бізге берген теңдессіз тартуы болып саналады .Сан буын ұрпақ алмасса да ескірмейтін, жыл өткен сайын жаңғыра беретін құндылықтардың жинағы. Мемлекетіміздің алтын қазығын қадірлеу әрбір қазақстандықтың қасиетті парызы болып саналады», - деді Елбасы. Мемлекет басшысы Конституцияның әрбір сөзін мүлтіксіз орындап, бұлжытпай сақтасақ, алар асуымыз әрдайым асқақ болатындығын баса атап өтті. «Сол арқылы Мәңгілік Елдің тұғырын нығайтып, шаңырағын биіктете түсеміз. Ата заңымыздың мерейлі б…

0
0
215