Үлгілі үнем
Елді дүрліктірген теңге бағамы ауытқуларының әсерін алпауыт компаниялардан қарапайым адамға дейін сезінеді. Бірақ, дағдарыс кейде жақсы дағды қалыптастыруға көмектеседі. Шығындар көлемін қысқартамын деушілерге «Әйел бақыты» пайдалы кеңестерін ұсынып отыр. 1. Жоспардан тыс жұмсалған қаржыңызды міндетті түрде жазып алыңыз. Тіпті жолақысын да есептеп жүргеніңіз жөн. 2. Шартты түрде бір айлық түсіміңізді 100.000 теңге делік. Оның 15%-ын сақтап жүруді дағдыға айналдырыңыз! 15.000 теңгені жиғаннан не пайда деуіңіз мүмкін? Дегенмен, бір жылда бұл он бес мың 180.000-ға айналатынын ұмытпағайсыз. Егер бір айдағы табысыңыз 100.000-нан асып, 150.000-ды құрады дедік. Мұндай жағдайда міндетті түрде тек соманың жартысын ғана жұмсаңыз. Қалғаны сіздің қорыңызды толықтыруға жұмсалады. Неге десеңіз, 85.000…







