Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Бүгін – жазушы Әкім Таразидің туған күні

Бүгінде сексеннің сеңгіріне шықса да, жазушы өзімді жігіттей сезінемін дейді. Бүгін – жазушы, драматург, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әкім Таразидің туған күні. Ол 30-ға жуық кітаптың авторы. Туындылары бірнеше тілге аударылған. Әкім Тарази - 1933 жылы 9 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. 1955 жылы Абай атындағы Қазақ педагогика институтының филология факультетін, Мәскеудегі сценаристердің жоғары курсын тәмамдаған. «Құйрықты жұлдыз», «Тәж», «Тасжарған», «Қыз махаббаты» сынды роман, повестердің авторы. Бүгінде сексеннің сеңгіріне шықса да, жазушы өзімді жігіттей сезінемін дейді. «Балалар 80-ге келіпсіз дейді. Содан кейін мойындаймын. Әйтпесе өзім жасымды сезіп жүрген жоқпын. Жастың…

0
0
724

Бүгін – Сұлулық күні

Бүгін – Сұлулық күні. XX ғасыр сұлуы атанған Одри Хепберннің сұлулыққа қатысты кеңестерін ұсынамыз. Актриса әйелдердің қалай тартымды болу керектігі туралы көп кеңес берген. Ол бастысы – сыртқы келбет, киім, байлық сынды нәрселер емес, адамның ішкі жан дүниесі, жүрегінің тазалығы мен айналасындағыларға деген махаббаты деген екен. Ерніңіздің тартымды болуын қаласаңыз, жақсы сөздер айтыңыз; Арық боламын десеңіз, тамағыңызды кедейлермен бөлісіңіз; Көздеріңіз әдемі болуын қаласаңыз, айналаңыздағы әдемі дүниелерді көре біліңіз; Шашыңыз әдемі болуы үшін бүлдіршінге шаштарыңызды сипатыңыз. Өзіңізге сенімді боламын десеңіз, қасыңызда біреудің болуына мүмкіндік беріңіз. Әсемдік сыртқы бейнеде емес, әйелдің жанында. Сұлу боламын десеңіз, ішкі махаббатыңызды көрсетіп, онымен бөлісе біліңіз. Әйелдің…

0
0
462

Тырнағыңыз күтімді қажет ете ме?

Зерттеу нәтижесі бойынша, әйелдер ақшасын, уақытының көп бөлігін шаш пен келбетіне бөледі екен. Ал, тырнақ пен қолдың ахуалына бірі аса назар аударса, енді бірі бас қатырғысы да келмейді. Әрине, салонға барып немесе үйде отырып-ақ маникюр жасап, тырнақты өсіріп алу жеткіліксіз. Күнделікті күтім қандай болуы керек? «Әйел бақыты» пайдалы кеңестерін ұсынады. 1. Үйден шығар алдында қолыңызға ғана крем жағып қана қоймай, тырнағыңызды да ұмытпаңыз. Сонымен қатар, майды да үнемі өзіңізбен бірге, сөмкеңізде алып жүрсеңіз, балғындықты сезбеген кезде дереу қажетіңізге жарата аласыз. Себебі, кремнің құрғақтықтан және ультракүлгін сәулелердің алдын алуға септігі тиеді. 2. Ыдыс, еден жуғанда, шаң сүрткенде үй шаруашылығына арналған арнайы қолғапты пайдаланғаныңыз орынды. Қолданатын сұйықтықтардың құра…

2
0
870

Футболдан Қазақстан жастар құрамасы Швейцария жастарынан ұтылып қалды

Қазақстан жастар құрамасы 2017 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Алматыда Швейцария құрамасын қабылдап, 0:1 есебімен жеңілді, деп жазады ҚФФ. Кездесу тағдырын шешкен жалғыз гол ойынның 85-минутында соғылды. «Грассхопперс» шабуылшысы Шани Тарашадж пенальтиді мүлтіксіз орындады. Қазақстандық футболшылар қарсыласына қарағанда жеңіске жақын болған еді. Бірінші таймда Әлішер Сүлейдің соққысы қақпа маңдайшасынан қайтты. Швейцария құрамасы допқа иелік етуде басымдық танытты. Алайда, қазақстандық футболшылардың шабуылы өткірлеу болды. Екінші таймда да қонақтар допты бақылауда ұстап, шабуылдарын үдете түсті. Біздің футболшылардың ойын соңында шаршағаны байқалды. Ойынның 85-ші минутында қонақтар он бір метрлік айып добын мүлтіксіз орындады. Қазақстан U-21 — Швейцария U-21 - 0:1 (0:0) Го…

0
0
220

Досжан Қартықов грек-рим күресінен Рио Олимпиадасына жолдама алды

АҚШ-та басталған күрес түрлерінен Әлем чемпионатының алғашқы күнінде грек-рим күресінен 75 келідегі қазақстандық палуан қола медаль иеленіп, 2016 жылы өтетітін Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

Ол іріктеу кезеңінде украиналық Дмитрий Пышковты (4:2), молдовиялық Игорь Бислягты (6:0) жеңді. Онан соң Досжан оңтүстіккореялық Әлем және Олимпиада чемпионы Хенву Кимді (4:2) ұтып, ¼ финалына шықты. Ал, ширек финалда Олимпиада чемпионы ресейлік палуан Роман Власовтан ұтылып қалды.

Жұбаныш белдесуде Досжан армениялық Әлем чемпионы Арсен Джулфалакянды ұтты. Қола медаль үшін өтен белдесуде Досжан Қартықов әзірбайжандық палуан Эльвин Мурсалиевты ұтып, Әлем чемпионатының қола медалін және Рио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды.

0
0
988

Тұрсынбек Кәкішев — XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытқан ғалым

Қаламгер қаншама ғалымдар шоғырын тәрбиелеп, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің филология факультетінде ұзақ жылдар бойы ұстаздық етті.

Ғалымның 30-ға тарта түрлі жанрдағы кітаптар жарық көрген. Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығы туралы кеңінен зерттеді. Тіпті осы бағытқа шәкірттерін де баулып, XX ғасыр ақтаңдақтарын ақтау жолында жанкештілік танытты.

«Тұрсынбек Кәкішев - ғылымда өзінің орны бар тұлға. Ол әдеби сынды жеке жанр ретінде қалыптастырып, оны жоғары оқу орындарына пән ретінде енгізді», дейді академик Сейіт Қасқабасов.

Саналы ғұмырында қазақ әдебиеті мен мәдениетін, өнерін зерделеген ғалым мұрасының орны ұрпақ үшін құнды болып қала бермек.

Ғалымның өнегелі жолы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көріңіз.

0
0
861

«Таңшолпанның» қонағы — күйші Секен Тұрысбеков

Студияда жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады.

Композитор, күйші, «Ақ жауын» мемлекеттік камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі Секен Тұрысбеков  «Таңшолпанда» қонақта.

Секен Тұрысбековтің тұңғыш күйі - «Көңіл толқыны». 1985 жылы шыққан. Одан басқа күй қоржынында «Ақ жауын», «Жазғы қар», «Бесік күйі», «Күлтегін», «Көкбөрі», т.б ән-күйлер мен романстар да бар.

«Таңшолпан» студиясында жаңадан жазылған «Мәңгілік ел» авторлық күйін орындады.

«Мәңгілік - ол сұрау, жалбарыну.  Батырларымыз ұйқысыз, күлкісіз жүріп, құс қанаты талып, тұлпардың тұяғы тозатын ұлан-ғайыр даламызды сақталып қалды. Осы бақытымыз баянды болсын, деген тілектен шыққан туынды», дейді күйші.

Күйдің толық нұсқасын «Таңшолпаннан» тыңдаңыз.

0
0
1088

Меруерт Әбуова: Балабақша кезегі мәселесін шешу жолдары қарастырылуда

Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері Меруерт Әбуова «Таңшолпанда» қонақта. «Биылғы жыл білім саласы үшін ерекше болғалы тұр. Елбасы белгілеп берген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сәйкес,«Біздің ел. Біздің халық. Біздің болашақ» деген ұранмен бірқатар жұмыстар атқарылмақ», дейді Меруерт Әбуова. Астанада жаңа оқу жылы бойынша 81 мектеп жұмысын бастады. Оның 65 пайызы - қазақ тіліндегі, 45 пайызы аралас мектептер. Сондай-ақ, оқу бағдарламасының стандарттарына біршама өзгерістер енгізілді. «Қоғам баланың білім мен тәрбиесін дұрыс жолға қоюымыз үшін көп мүмкіндік беріп отыр. Елордадағы мектепке дейінгі мекемелер саны бүгінгі күні 81-ге жетті. Оның 11-і жекеменшік. Дегенмен, балабақша кезегінде тұрғандар өте көп. Қазіргі уақытта осы тығырықтан шығудың жолдарын қарастырып жатырмыз», дейді…

0
0
212

Мырзағали Айтжанов: Жәнібек Әлімханұлының Азия чемпионатына дайындығы кемшін болды

Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Тайландта өткен Азия чемпионаты туралы пікірін жеткізді.

Бокстан Тайландта өткен Азия чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шеберлері ел даңқын аспандатты. Финалдық бәсекенің нәтижесі бойынша қоржынға 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль түсті.

Осылайша, спортшылар жалпыкомандалық есепте 1 орын иеленді.

«Жеңіске жеткенімізге әрине, қуаныштымыз. Ұтылып қалған жігіттеріміз де бар. Бұл жарыс бізге қателіктермен жұмыс істеу керектігін көрсетіп берді.

Үміт күткен мықты спортшыларымыздың бірі Жәнібек Әлімханұлы өз деңгейіндегі жарысты көрсете алмады. Себебі, дайындығы кемшін болды. Кем-кетіктермен жұмыс істесек, Әлем чемпионатында жетістікке жетеміз деген сенімдеміз», - дейді бокстан Ұлттық  құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

0
0
169

«Алтын тұлпарға» 82 тұлпар қатыстырылды

Қазақ хандығының 550 жылдығына орай ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының ұйымдастыруымен өткен «Алтын тұлпар» республикалық турнирі мәресіне жетті. Астана қаласынан 35 шақырым қашықта орналасқан Қабанбай ауылы маңында ұйымдастырылған аламан бәйге 51 шақырымға созылды. Жарысқа 82 тұлпар қатыстырылды. Алматы облысы, Жамбыл ауданының Тарғап ауылынан келген Олжас Қойшыбек «Жаннұр» атты жүйрігімен тұғырдың үшінші сатысына шығып, 3 миллион теңге иеленді. Павлодардың Шаха ауылынан «Бейбарыс» атты тұлпарын әкелген Мейірхан Дәулетов тұғырдың екінші биігіне көтеріліп, 5 миллион теңге иеленді. Ал, бас бәйгені «Шамал» атты сәйгүлімен жамбылдық Ақжол Жұматай иеленді. Бұл - тұлпардың 19-шы жеңісі. Осыған дейін қатысқан жарыстарында алдына қара салмаған. Бәйгенің жалпы жүлде қоры 23 миллион теңгені қ…

0
0
441