Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Қаламқас Жұмабаева: Скрипка өмірімнің ажырамас бөлшегіне айналды

Қазақстанның Мәдениет қайраткері Гауһар Мырзабекованың сыныбынан білім алып шыққан өнерпаз бүгінде елордадағы опера және балет театрында оркестрде қызмет етуде. Скрипкашы Қаламқас Жұмабаева кәсіби қызметін бала кезінен бастаған. Сырлы да сазды музыка әлемімен оны ең алғаш таныстырған – ата-анасы. Жас дарынның қолына алған ең алғашқы аспабы флейта. Бүгінде бірнеше аспапты қатар меңгерген Қаламқасты өзінің шығармашылық ортасында «Әуеннің асқан шебері» деп атайды. «Алғашында скрипкада ойнауға аса бір ынта танытпадым. Алайда, ата-анамның және маған сенім артқан жақындарымның үмітін ақтауым керек болды. Кейіннен бұл аспапқа деген құмарлығым оянып, өмірімнің ажырамас бөлшегіне айналды. Музыка мектебіне түскенім, соның ішінде скрипканы таңдағаныма қатты қуанамын», дейді Қаламқас Жұмабаева. Мекте…

0
0
445

Исландия-Қазақстан матчы 0:0 есебімен тең аяқталды

Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы мен Исландия командасы арасындағы кездесу тең аяқталды.

Ойынның бірінші таймында екі құрама да алма-кезек шабуылдағанымен қақпаға гол соғылмады.

2-таймның алғашқы 10 минутында исландиялық футболшылар басымдықты қолдарына алып, гол соғуға тырысқанымен Стас Покатиловтың қақпасына саңылау таба алмады.

Қазақстан Ұлттық құрамасының сапында алғашқы ойынын өткізген Александр Меркель 48-минутта гол салатын мүмкіндікті пайдалана алмады. Ойын соңына дейін екі құрамада гол салуға бірнеше мүмкіндік болғанымен, шабуылдарды бірде қақпашылар қайтарса, бірде нәтижесіз аяқталып жатты.

Осылайша кездесу 0:0 есебімен тең аяқталды.

Еске сала кетейік, Астанада өткен алғашқы ойында исландиялықтар 0:3 есебімен ұтқан еді.

0
0
258

«Күз аңыздары» драмасы – Ұлттық арнада

Режиссері - Эдвард Цвик.

Бұл фильм ағайынды үш жігіт пен олардың әкесі, сонымен қатар, бәрінің өмірін өзгерткен сұлу әйел туралы.

Ешқашан ажырамастай бірге өскен үш бала өмірдің қандай қаталдығына ұшырайтынын әзірге білмейді.

Өсе келе махаббат пен сатқындықтың, үміт пен күдіктің не екенін танып біледі.  Брэд Питт, Энтони Хопкинс, Эйдан Куинн басты рөлдерін сомдаған «Күз аңыздары» драмасын бүгін Ұлттық арнадан сағат 22:25-те тамашалай аласыздар.

0
0
319

«Семсер» шытырман оқиғалы фильмін көріңіз

Фильмде басты рөлдерді Шин Хён Чжун, Юн Со И,Ли Со Чжин сомдайды.

927 жыл. Жауынгер қыз Нон Со-Ха 14 жыл бойы болған ханзаданы тауып келу туралы бұйрық беріледі. Бұл ханзада үшін таққа отырып, елді қалпына келтіретін мүмкіндік.

Алайда, оның хандыққа қайта оралуы күтпеген жағдайлар мен қиындықтарға толы болмақ.

Режиссер Янг-джан Кимнің «Семсер» фильмінде басты рөлдерді Шин Хён Чжун, Юн Со И,Ли Со Чжин сомдайды. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 14:15-те көріңіз.

0
0
733

Ата-аналардың шектен тыс қамқорлығы баланың есеюіне кері әсер етеді — ғалымдар

АҚШ зерттеушілерінің пікірлерінше, ата-аналардың баласына деген шектен тыс махаббаты мен қамқорлығы оларды шектейді немесе бала үнемі өзін бақылауда жүргендей сезінеді. Оның салдары өз-өзіне лайықты баға бере алмау, өзін-өзі қауіптен аулақ ұстай алмау сияқты әрекеттерге алып келеді. Мысалы, бала ішімдікке үйірсек болып кетуі мүмкін. «Біз ата-ананың зор қамқорлығының бір пайдасы бар деп есептейтінбіз. Алайда сеніміміз ақталмады», - дейді зерттеу жұмыстарының жетекшісі Ларри Нельсон. Ғалымдар тәжірибе барысында студенттердің өзін-өзі бағалауы, білім алуы, қауіпті әрекеттерге жақын болуы сияқты қасиеттер бойынша талдау жасады. Зерттеулер нәтижесі шектен тыс қамқорлықтың әсіресе балалардың жетіле бастаған кезінде, яғни ересек бола бастаған кезде кері әсерлері болуы мүмкіндігін көрсетті. Ғалым…

0
0
475

Ертең Исландия-Қазақстан матчын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді

Ертең, 6 қыркүейек күні (6-нан 7-не қараған түн) футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Еуро-2016 іріктеу кезеңі аясында Исландия командасымен кездеседі.

Өткен турда Қазақстан Ұлттық құрамасы Чехиядан 2:1 есебімен ұтылса, Исландия құрамасы Нидерланд командасын 1:0 есебімен ұтқан. 7-турдан соң Ұлттық құрамамыз 1 ұпаймен топ соңында келсе, Исландия 18 ұпаймен көш бастап келеді.

Айта кетейік, сырт алаңда өтетін ойынды «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы Астана уақытымен сағат 00:30-да (6-нан 7-не қараған түн) тікелей эфирде көрсетеді.

0
0
321

«Шыңдалған намыс» — Ұлттық арнада

Бүгін 14:15-те Ұлттық арнадан көріңіз.

Оқиға желісі алыпсатарлардың бір отбасының пілдерін ұрлап, заңсыз түрде  Сиднейге жіберуден басталады. Пілдің иесі Кхам қылмыскерлерді тауып, жазасын беру үшін Австралияға аттанады.

Ал, Австралияда Кхамды  ірі қылмыстық топ күтіп тұрған еді. Олар жігітті лайықты қарсылас санамайды. Алайда, жауынгерлік өнерді жетік меңгерген Кхам өзіне сенімді еді. Әрі ол пілсіз ауылға қайтпауға бекінген.

Режиссер Прачья Пинкаюдың  «Шыңдалған намыс» шытырман оқиғалы фильмінде Тони Джа, Петчтай Вонгкамлао, Бонгкодж Кхонгмалай басты кейіпкерлерді сомдайды.

0
0
515

«Поэзия әлемінде» — Жанар Айлашова

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы толығырақ бүгін Ұлттық арнадан сағат 13:45-те біле аласыздар. Жанар Асанқызының поэзиясы лирикаға жақын. Ол өлеңдерінде жүрегіндегі тылсым кейіпкеріне еркелей отырып, мұң-шерін айтады. «Әдемі сөзді теріп, бір-біріне қосарлап, тіркес жасап, мың құбылтып оқырманға ұсынғанмен, ондай дүниелер жүрекке жетпейді. Күштеп құрастырған ой мен ұйқастың астарына қарасаңыз, тігісі сөгіліп, ойы жыртылып жатады. Жанар не ойлайды, нені жазғысы келеді соны жазатын шынайы талант. Жасандылықтан ада». Бұл ақын Ербол Бейілханның ақынға берген бағасы. Жанар Айлашова - 1984 жылы 20 қаңтарда Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Бейнеу ауылында дүниеге келген. М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің түлегі. Бала кезінен әдебиетке құмар болып өскен ол облыстық, аймақтық ақындар айтысына қат…

0
0
614

Кәсіби аурулар деген не?

Аурудан арылудың жолын білгіңіз келсе бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан көріңіз. Кәсіби аурулар – белгілі бір мамандыққа байланысты кәсіпорынның зиянды әсерінен болатын кесел. Кәсіби аурулар кәсіпорындардағы санитарлық-гигиеналық ережелердің дұрыс орындалмауынан, шу, діріл, тағы басқа әсерінен пайда болады. Мысалы, шаң-тозаңы көп жерде жұмыс істеген адамның өкпесі пневмокониозға (өкпені шаң басу), ал радиоактивті препараттармен жұмыс істейтіндер сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ уақыт жұмыс істеу тамыр неврозына (ангионеврозға) ұшыратады. Кәсіби ауруларды азайту үшін радиоактивті препараттармен, рентген кабинеттерінде, ыстық пештерде, тағы басқа жұмыс жасайтын адамдарды жұмысқа аларда және әрбір 6 – 12 ай сайын денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұру қажет.…

0
0
1211

Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты

Үкімет Аи-92/93 бензині бағасын мемлекеттік реттеуден бас тартты. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев мәлім етті. «Бүгін Үкіметтің отырысы өтті. Онда негізгі қаралған мәселе кейбір жанар-жағармайдың түрлеріне бағаны мемлекеттік реттеуден бас тартуға байланысты болды. Осы жөнінде Энергетика министрлігінің баяндамасы тыңдалып, соның есебінен Үкіметтің тиісті шешімі қабылданды», - деді ол. Б. Сағынтаевтың айтуынша, Үкімет бензин тапшылығын болдырмас үшін Аи-92/93 бензині бағасына мемлекеттік реттеуден бас тартып отыр. Қазақстан бұрындары Ресейден жетпейтін бензинді 97 теңгеден алған еді, яғни 1 рубль - 2,95 теңге бағамы бойынша. Бүгінде теңгенің еркін бағамы аясында бензин 120 теңгеден сатып…

0
0
202