Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Мырзағали Айтжанов: Жәнібек Әлімханұлының Азия чемпионатына дайындығы кемшін болды

Бокстан Ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов Тайландта өткен Азия чемпионаты туралы пікірін жеткізді.

Бокстан Тайландта өткен Азия чемпионатында қазақстандық былғары қолғап шеберлері ел даңқын аспандатты. Финалдық бәсекенің нәтижесі бойынша қоржынға 5 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль түсті.

Осылайша, спортшылар жалпыкомандалық есепте 1 орын иеленді.

«Жеңіске жеткенімізге әрине, қуаныштымыз. Ұтылып қалған жігіттеріміз де бар. Бұл жарыс бізге қателіктермен жұмыс істеу керектігін көрсетіп берді.

Үміт күткен мықты спортшыларымыздың бірі Жәнібек Әлімханұлы өз деңгейіндегі жарысты көрсете алмады. Себебі, дайындығы кемшін болды. Кем-кетіктермен жұмыс істесек, Әлем чемпионатында жетістікке жетеміз деген сенімдеміз», - дейді бокстан Ұлттық  құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

0
0
166

Осы тақырып бойынша