Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

WADA Ресейдің «Достық ойындарын» өткізу жоспарына қатысты алаңдаушылық білдірді

Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің (WADA) атқару комитеті Ресейдің 2024 жылдың қыркүйек айында «Достық ойындары» халықаралық жарысын өткізуді жоспарлап отырғанына алаңдаушылық білдірді.Фото: Pavlo Gonchar / Keystone Press Agency / Global Look PressБұрынырақ WADA-ның бас директоры Оливье Ниггли бұл елдің мұндай жарыс өткізуге құқығы жоқ екенін, өйткені Ресей допингке қарсы күрес агенттігінің Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексіне сәйкес келмейтінін мәлімдеген еді. Тіпті өткен жылы қазан айының аяғында Халықаралық олимпиада комитеті «Достық ойындарына» қатыспауды сұрап, ұлттық олимпиада комитеттеріне хат жолдаған.«Бұл шара Дүниежүзілік допингке қарсы кодекстің қорғауымен өтпейтіндіктен, спортшылардың денсаулығына зия келіп, әділдік те болма ма деген алаңдаушылық», – дейді W…

0
0
371

Жетісу облысында ірі көлемде киік мүйізін алып өтпек болғандар ұсталды

Киік мүйізінің ірі партиясы ұсталды.
undefined
ҰҚК Жетісу облысы бойынша Шекара қызметі департаменті полиция органдарымен бірлесе шекара аумағында жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз іске асыруы күдігі бойынша Қазақстанның үш азаматын ұстады.
Тінту барысында олардан 1382 дана киік мүйізі алынды.
Орман шаруашылық және жануарлар әлемі облыстық инспекциясының мәліметі бойынша ұсталған адамдардан мемлекетке келтірілген залал 3,5 млрд. теңгеден артық бағалануда.
Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес жария етуге жатпайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
204

Сақинасы шықпай қалған

Сақина жас қыздың саусағын қатты қысып жіберді. Саусақ ісіне бастады, қыз құтқарушыларды шақырды.
undefined

Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары қысқа уақыт ішінде Слесарлық құралдың көмегімен қызды жарақаттамай сақинаны шешіп алды.
https://t.me/qr_tjm

0
0
299

Атырау облысында бір аптадан бері қамыс өртеніп жатыр

Атырау облысында бір аптадан бері қамыс өртеніп жатыр. От 2500 гектар жерді шарпыған.
undefined
Өрттің шығу себебі анықталған жоқ. Бір апта ішінде қызыл жалын шамамен 2500 гектар аумақты шарпыған.
Қазіргі ақпарат бойынша, жалпы ауданы 148 гектар аумақ жанып жатыр.
Өртті сөндіруге 60-қа жуық маман жұмылдырылған. Елдімекендерге қауіп жоқ.

https://t.me/qazaqstantv

0
0
345

Газада аспаннан тасталған гуманитарлық көмектен адамдар өлді

Газа секторында жәрдем күтіп отырған палестиналықтар ұшақтан тасталған гуманитарлық көмектен қаза тапты.

undefined

Фото: REUTERS

Жәшіктер адамдардың үстіне қатты келіп құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, соның салдарынан бес адам өліп, бірнеше тұрғын жараланыпты.   

Соңғы күндері Мысыр, Біріккен Араб Әмірліктері, Қатар, Оман және Бахрейн Газаға бірлесіп гуманитарлық көмек жеткізуде.

Жалпы, палестиналықтарға аспаннан тасталған көмекті алу оңай емес. Өйткені олардың біразы теңізге түсіп кететін. Ал адамдардың кейбірі соны алу үшін қайықпен жүзіп барады.

0
0
350

Қарағандыда көлік жүргізіп келе жатып инсульт алып қалған жүргізуші құтқарылды

Қарағандыда тәртіп сақшылары инсульт алып, есінен танып қалған жүргізушіні құтқарды.8 наурыз күні патрульдік инспекторлар Ақжаркен Мұқажан мен Берік Кеңесовке бір автокөлік тоқтап, жүргізушісі бірінші ықшамаудандағы бір қиылыста төтенше жағдай орын алғанын хабарлаған. "Оқиға болған жерге келгенімізде қиылыста жол шетіндегі бордюрға шығып кеткен көлікті көрдік. Машина от алып тұрды және ол бордюрға шығып кеткендіктен бір дөңгелегі айналып тұрды. Көліктің барлық есігі бұғатталып қалған екен. Мен көліктің алдыңғы жолаушы отыратын терезесін сындырып ішке кірдім. Әріптесім екеуіміз оны сыртқа шығардық. Жүргізушінің денесі құрысып, тілін жұтып қоятындай болып жатты. Біз оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, демала бастағанда қызметтік көлікке салып ауруханаға жеткіздік,- деді Ақжаркен М…

0
0
338

Брейкинг бойынша қазақстандық бишілер жеңімпаз атанды

Парижде брейкинг бойынша чемпионатта қазақстандық бишілер жеңімпаз атанды.

undefined

Құрамына Dias (Диас Әубәкіров), Amir (Әмір Закиров) сияқты b-boys кіретін Predatorz командасы Парижде 22 ақпан мен 2 наурыз аралығында өткен атақты Hip Opsession чемпионатында жеңімпаз атанды.  

Бқл – ірі жеңіс. Қиындықтарды айтпай-ақ қояйық. Алда ірі чемпионаттар көп. Енді тоқтамау керек. Әлі де жеңу керек», – деді Dias.

0
0
452

Астанада өрттен 4 адам құтқарылды

Елордалық өрт сөндірушілер төрт адамды құтқарды.

7 наурыз күні сағат 11:12-де елордалық ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері Конституция көшесі, 22 мекен-жайына алты қабатты тұрғын үйдің төртінші қабатындағы пәтерде шыққан өртті сөндіруге шықты.
Өртті сөндіру барысында елордалық өрт сөндірушілердің күшімен 4 адам, оның ішінде екі бала құтқарылды. Өрт 11:26-да оқшауланып, 12.07-де сөндірілді. Астана ТЖД жеке құрамының 27 адамы және 7 техникасы жұмылдырылды.

t.me/qr_tjm

0
0
487

Алек Болдуиннің түсірілім кезінде кісі өлтіруіне реквизитор кінәлі болып шықты

Америкалық актер әрі продюсер Алек Болдуин өзінің «Тот» фильмінің түсірілімі кезінде операторды атып өлтірген болатын.

undefined

Енді осыған реквизитор Ханна Гутьеррес-Рид кінәлі деп танылды.

2021 жылы қазан айында фильмнің продюсері әрі басты рөлде ойнаған Болдуин украиналық оператор Галина Хатчинсті абайсызда атып өлтірген болатын. Әрине, ол кезде актер қарудың шынымен оқталып тұрғанын білген жоқ. Ал оны солай оқтап берген реквизитор екен.

Алек Болдуиннің өзі де абайсызда кісі өлтірді деген айыппен сотталайын деп жатыр. Бірақ енді оның қорғануға мүмкіндігі бар.

«Тот» фильмінің түсірілімі оператордың өлімінен кейін тоқтатылды. Бірақ былтыр түсіру тобы оны марқұм Галина Хатчинстың құрметіне арнап қайта түсіре бастады. Ал атқарушы продюсер ретінде оның күйеуі Мэтью Хатчинсті шақырған.    

0
0
427

Еліміздің тас жолдарындағы жағдай туралы айтылды

Еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәлімет Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көріністің шектелу қаупі бар. Қостанай және Ақмола облыстарында екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжанады. Жамбыл облысының таулы аймақтарында көк тайғақ пайда болу қаупі бар. Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар! Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз. #QAJ

0
0
290