WADA Ресейдің «Достық ойындарын» өткізу жоспарына қатысты алаңдаушылық білдірді
Дүниежүзілік допингке қарсы күрес агенттігінің (WADA) атқару комитеті Ресейдің 2024 жылдың қыркүйек айында «Достық ойындары» халықаралық жарысын өткізуді жоспарлап отырғанына алаңдаушылық білдірді.

Фото: Pavlo Gonchar / Keystone Press Agency / Global Look Press
Бұрынырақ WADA-ның бас директоры Оливье Ниггли бұл елдің мұндай жарыс өткізуге құқығы жоқ екенін, өйткені Ресей допингке қарсы күрес агенттігінің Дүниежүзілік допингке қарсы күрес кодексіне сәйкес келмейтінін мәлімдеген еді. Тіпті өткен жылы қазан айының аяғында Халықаралық олимпиада комитеті «Достық ойындарына» қатыспауды сұрап, ұлттық олимпиада комитеттеріне хат жолдаған.
«Бұл шара Дүниежүзілік допингке қарсы кодекстің қорғауымен өтпейтіндіктен, спортшылардың денсаулығына зия келіп, әділдік те болма ма деген алаңдаушылық», – дейді WADA өкілдері.
