Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Терешкованы туған күнімен ғарыштан құттықтады

Тұңғыш ғарышкер әйел Валентина Терешкованың жасы 90-ға таяп қалыпты.

Ғарышкерлер Халықаралық ғарыш станциясынан әлемдегі тұңғыш ғарышкер әйел, Кеңес Одағының батыры Валентина Терешкованы 87 жасқа толуымен құттықтады деп хабарлайды ТАСС тілшісі. «Роскосмос» ғарышкерлер жасағының командирі – Олег Кононенко.

Валентина Терешкова 1937 жылы 6 наурызда Ресейдегі Ярославль облысының Большое Масленникова ауылыда дүниеге келген. Ол жас кезінде дөңгелек зауытында және техникалық маталар комбинатында істепті. Бір күні парашют спортына қызығушылық білдіреді де, содан тағдыры өзгереді. Ол 1963 жылы ғарышқа ұшқан.

0
0
325

Ақтөбе облысында жол апатынан 8 адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жол апаты болып, 8 адам көз жұмған. Бір көлік өртеніп кетті.

undefined

Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, оқиға бүгін сағат 08:36–да тіркелген.

Ақтөбе-Атырау тасжолында Лада Ларгус және Тойота Хайлюск көлігі соқтығысқан. 

"Жол-көлік оқиғасы кезінде Лада Ларгус көлігі жанды. Барлығы 8 адам көз жұмды. Сонымен бірге 3 адам Мұғалжар аудандық ауруханасына жеткізіліп, дәрігерлер қарап шықты", — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиев. 

Айта кетейік, жолаушылар арасында балалар да болған.

Қазіргі кезде олардың жасы мен аты-жөні анықталып жатыр.

kaz.inform.kz

0
0
220

Головкин Ұлттық олимпиада комитетінің президенті ретіндегі қызметіне кірісті

undefined

"GGG Астана қаласы Қабанбай батыр 17 көшесінде орналасқан кеңседегі жұмысын бастады. Қазір тазалап, спортты бір жолға қоямын деп жанталасып жүр екен. Геннадий Генадиевичтің қолынан бұл келе ме? Қалай ойлайсыздар?", - деп жазды @bektuleuov

0
0
250

Бортында 550 адам бар ұшақты найзағай соқты

Ғаламторда бортында 550 жолаушы бар ұшақты найзағай соққанын көрсететін видео тарады.

undefined

Бұл видео CityNews –ке жарияланды. Оқиға Канадада болған.

Ванкувер халықаралық әуежайынан ұшып шыққан Boeing 777-300-ге  найзағай соғады.

Құдай сақтап, ұшаққа ештеңе болмаған. Ұшқыштың айтуынша, бұған найзағайға қарсы арнаулы жүйенің септігі тиіпті.  

0
0
248

Алматыда жалған француздар анықталды

ҰҚК Шекара қызметі Қазақстан аумағын заңсыз қөші-қон үшін маршрут ретінде пайдаланудың кезекті әрекетінің жолын кесті.

Айталық, 2024 жылғы 1 наурызда Алматы қаласының халықаралық әуежайында шекаралық бақылауды жүзеге асыру кезінде Франция Республикасының жалған құжаттарын ұсынған 2 шетелдік азамат ұсталды. Арнайы техникалық құралдарды пайдалана отырып, олардың жарамсыздығы расталды. Жалған төлқұжаттар алынды, шетелдік азаматтар депортацияланды. 2024 жылдың басынан шекарашылар Мемлекеттік шекара арқылы өткізу бекеттерінде жарамсыз және бөтен төлқұжаттарды пайдаланудың 38 фактісінің жолын кесті. ҰҚК Шекара қызметі жалған құжаттарды пайдалана отырып, шекараны бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық көзделгенін хабарлайды.

ҰҚК баспасөз қызметі

0
0
248

Кішкендай Димаш гимнастикадан халықаралық турнирде бірнеше медаль ұтып алды

Гимнастикадан халықаралық турнир Дубайда өткен.

Онда 7 жасар қазақстандық Димаш Қанат 6 медаль ұтып алды. Оның екеуі – алтын, төртеуі – күміс.

Димаш гимназияның бірінші сыныбында оқиды. Ал 2023 жылдың қыркүйегінен Алматыдағы Мамандандырылған балалар және жасөспірімдер олимпиада резерві мектебіне барып жүр.

0
0
284

СҚО-дағы кәсіпорыннан 45 келі сынап табылды

Солтүстік Қазақстан полициясы "Дәрмек" алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңін аяқтады. Оның мақсаты есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталды болды. Бес күн ішінде тәртіп сақшылары облыс аумағындағы 55 өнеркәсіптік және медициналық мекемені тексерді. Он үш нысанда фармацевтикалық қызмет ережелерінің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласының әртүрлі бұзушылықтар анықталды."Құрамында есірткі бар препараттарды сақтау мен пайдаланудың қатаң ережелері олардың "қара нарыққа" енуіне жол бермеу үшін қажет. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға қатысты 24 әкімшілік хаттама толтырылды. Барлығы 16 килограмм 720 грамм прекурсорлар, 1030 ампула және 120 психотроптық дәрілер, 394 есірткі заттарының ампулалары тәркіленді. Сондай-ақ,…

0
0
219

Газаға 5 ай ішінде 70 мың тонна жарылғыш зат тасталған

5 ай бойғы соғыс кезінде Газа секторына 70 мың тонна жарылғыш зат тасталған.

Фото: Reuters

Израиль әскері Газадағы 150 күн бойы болып жатқан әскери операция барысында мынадай әрекеттер жасады:

70 мың тұрғын үйді жоқ қылды;

290 мың ғимаратты тұруға жарамсыз етті;

500 мешітті қиратты;

бомбалау мен оқ жаудырудың кесірінен 32 аурухана мен 53 медицина орталығы жұмысын тоқтатты;

100 мектеп пен университет толық, 305-і жартылай қираған

https://t.me/sputnikKZ

0
0
215

Нұрлан Еспанов: «3 миллион теңге қалыңмалға жинап қойдым»

Белгілі әнші-сазгер Нұрлан Еспанов «Қызықты weekend» бағдарламасына қонақ болды.

Онда Еспанов ұлын үйлендіру туралы сұраққа жауап берді.

"Әмина Өмірзақова апамызға ұқсап өзім шығамын дедім. Олжас, биыл үйленбейсің бе, мен өзім шығамын дедім. Уайымдама, саған қыз табамын дедім. Қалыңмалын бәрін дайындап отырмын. Тойына қанша кететінін білмеймін, қалыңмалына 2,5-3 миллион теңге жинап қойдым", – деді сазгер.

0
0
331