Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

2022 жылғы Әлем чемпионатында Катар билігі жанкүйерлерге жаңаша дүние ұсынбақ

Лусаил қаласы Әлем чемпионатының бірнеше ойындарын қабылдайды. Катар билігінің басты мақсаты – кез келген дүниені сапалы етіп салу. Ал, олар тұрғызған спорттық нысандар әлі де әлемді таң қалдыруда. 2006 жылы Азия ойындарын өте жоғары дейгейде өткізді. «Aspire Academy» спорт академиясы соңғы технологиямен жабдықталған. Болашақ чемпиондар осы жерден түлеп ұшады. Футболдан 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатына арналған қалашықтың құрылысы әлі басталған жоқ. Катар билігі жанкүйерлерге жаңаша дүние ұсынбақ. Ал, оған кететін бюджет шамамен 45 миллиард долларды құрайды деп күтілуде. Лусаил қаласы футболдан 2022 жылы өтетін Әлем чемпионатының салтанатты ашылуын және финалдық ойынды қабылдайды. Бұл шаһар 2019 жылға қарай шөл далаға салынбақшы. Парсы шығанағының бойында орналасатын қаланың аумағы 35 м…

0
0
182

«Көсемсөздің көсемі» атты кітап жарық көрді

Кітап Алаш қайраткері Халел Досмұхаметов туралы. Ел тағдыры таразыға түскен уақытта Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Халел Досмұхаметовтер бастаған қайраткерлер қазақтың болашағы үшін шешуші қадам жасап, ұлт мүддесі жолында аянып қалмады. Олардың асыл мұраты мен атқарған істерін ұрпақтың жадына сіңіру, Алаш идеясын насихаттау ғасырдан-ғасырға жалғасуы тиіс. Таяуда әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Алаш қайраткері Халел Досмұхаметов туралы кітаптың тұсаукесері өтті. Авторы – филология ғылымдарының кандидаты Аманқос Мектептегі. «Жалпы, Алаш ардақтылары ақталған жылдан бастап, мақсаты – Алаш қайраткерлері туралы тың деректерді жұртқа жариялау болды. Кезінде Омбы, Петербор, Мәскеу, Қазан қалаларындағы мұрағаттарды, Қазақстандағы мұрағатта…

0
0
674

Қазақстанның банктері мен айырбастау пункттерінде долларды сату бағасы 300-301 теңгеге дейін өсті

Астана және Алматы қалаларының банктері мен айырбастау пункттерінде доллар бағамы күрт өсті.Валюталар бағамына мониторингі жүргізіп отырған kurs.kz сайтының мәліметтерінше, Қазақстанның қалаларындағы айырбастау пункттерінде, Алматының айырбастау орындарында долларды 288,5 теңгеден сатып алып, 290-300 теңгеден сатып жатыр.

Центркредит банкінде долларды (банктің ресми сайтының ақпараты бойынша) 301 теңгеге сатып алуды ұсынады.

Қазкоммерцбанкте долларды сатып алу 299 теңге, сату - 301 теңге.
Қазақстанның Халық банкінде долларды 300,49 теңгеге сатып алуға болады.

ҚазАқпарат

http://inform.kz/kaz/article/2836008

0
0
207

«007: Спектр» фильмінің қазақ тіліндегі нұсқасының алдын ала көрсетілімі өтті (ВИДЕО)

«Нұр Отан» партиясының қолдауымен Астанада алғаш рет қазақ тілінде ұсынылып отырған британдық агент Джеймс Бонд жайындағы жиырма төртінші «007: Спектр» фильмінің таныстырылым-көрсетілімі өтті, деп хабарлайды nurotan.kz. «007: Спектр» фильмі 2011 жылдан бергі отандық кинотеатрларда мемлекеттік тілде шығатын 12-ші кинокартина және 2015 жылдың 3-ші кинопремьерасы болып табылады. «Болашақ» қауымдастығы бес жылдан бергі кезеңде әлем деңгейіне танылған кинотуындылар мен анимациялық фильмдерді қазақ тіліне аудару бастамасын табысты іске асырып келеді. Осы жылдар ішінде 11 голливудтық блокбастер мемлекеттік тілге аударылып, дубляждалды. Тұңғыш рет қазақ тілінде дыбысталған фильмдердің қатарында «Көліктер-2», «Батыл жүрек», «Монстрлар университеті», «Галактика сақшылары», «Күлшеқыз», «Кек алушылар…

0
0
213

«Таңшолпанда» — суретші, мүсінші Ертіс Тәтиев қонақта

Суретші ақын Төлеужан Ысмайыловтың мемориалдық ескерткішін, Көкбай ақынның портреттік мүсінін, Алаш зиялысы Шаймардан Тоқжіговтің т.б. тұлғалардың мүсіндерін жасаған. Суретші, мүсінші Ертіс Тәтиев өз күшімен танымал тұлғалардың ескерткіш мүсінін жасап, суретін салумен айналысады. Ақын Төлеужан Ысмайыловтың мемориалдық ескерткішін, Көкбай ақынның портреттік мүсінін, Алаш зиялысы Шаймардан Тоқжіговтің т.б. тұлғалардың мүсіндерін жасаған. Сондай-ақ, Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай «Еңлік-Кебек» белгісінің (мазары) қасына «Еңлік-Кебек» мүсінін жасаған. «Бұл салаға мектеп қабырғасынан қызықтым. Қазақтың кез келген баласы жылқыға әуес келеді ғой. Бала сурет салуды да жылқыны бейнелеуден бастайды. Мен де бала кезімде жылқының суретін көп салатынмын». «Абайдың 170 жылдық мерейтойына орай Абай…

0
0
518

«Қамкөңіл қарттар»

Бүгін 11:45-те «Айтуға оңай...» хабарын көріңіз.

Қартын қазынасына балаған қазақтың бүгінгі қариялары неге қарттар үйін паналап жүр? Балаларын өсіріп, үйлендіріп, енді қызығын көремін, деп отырғанда ұл-қыздары осында әкеліп тастаған. Мұнда олар түрлі себеппен келген.

Бойынан әл кеткен шақта қолтығынан демер жақыны қалмай, шарасыздықтан қарттар үйін паналағандар болса, бір сәрі. Алайда, бұл мекемедегілердің денінің отбасы, бала-шағасы, немере-шөбересі бар. Қиыны сол...

Қалған санаулы ғұмырын отбасынан жырақта өткізген қам көңіл қариялар туралы бүгін 11:45-те  «Айтуға оңай...» хабарының қайталауынан көріңіз.

0
0
401

Ұлттық инновациялар байқауына журналистерден 240-тан астам материалдар түсті

Еліміздің Инвестициялар және даму министрлігі мен Техникалық дамыту жөніндегі Ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы және Қазақстандағы Британия консулдығы тарапынан ұйымдастырылған Ұлттық инновациялар байқауына журналистерден 240-тан астам материалдар келіп түсті, деп хабарлайды акционерлік қоғамның баспасөз қызметі. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, байқауға қатысуға ниет білдіргендердің басым бөлігін (100 өтініш) Астана қаласының тұрғындары құрап отыр. Екінші орында, Батыс Қазақстан облысы (34 өтініш) тұр, үздік үштікті Алматы қаласы түйіндеді. Байқаудағы «Үздік телевизиялық сюжет» аталмынына қазақ тілінде 41 материал, орыс тілінде 19 материал келіп түскен. «Баспасөз бетінде жарияланған үздік материал» аталымына қазақ тілінде 67 материал, орыс тілінде 27 материал өткізілген. «Қазақ тілін…

0
0
462

Елбасы рөлін сомдаған Әбілмансұр Серіков «Таңдау» телехикаясында

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы 32 сериялық «Таңдау» телехикаясын ұсынады. Телехикая режиссері - Айдын Сахаманов, сценарий авторы – Ләззат Түлкібаева. Хикаяның басты кейіпкерлері жаңа ғылыми жобаны ашуға ұмтылған төрт дос. Кейіпкерлер арқылы нағыз достықтың үлгісі көрсетіледі. Аталмыш телехикаяда 4 достың бірін жас актер Әбілмансұр Серіков ойнайды. Жас актер 2009-2013 жылдары Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының театр факультетін тәмамдаған. Рахилям Машурова, Роза Рымбаева, Айдын Сахаманов сынды ұстаздардан тәлім алған. Әбілмансұр Серіков бұған дейін «Шолпанның күнәсі» фильміне, Рымбек Әлпиевтің «Ангелочки» сериалына түскен. Сондай-ақ, ҚР Президенті туралы «Балалық шағымның аспаны» фильмінде Елбасының 15-16 жастағы бозбала шағын сомдаған. «Балалық шағымның аспаны» — 2011 жылғы режиссёр Рү…

0
0
1192

Қазақстандық төрешілер УЕФА CORE курсынан оралды

УЕФА-ның жас төрешілерге арналған курсы жыл сайын Ньон қаласындағы штаб-пәтерінде екі кезең бойынша өткізіледі, деп жазады ҚФФ сайты. Биыл бұл курс 28-рет ұйымдастырылды. Алғашқы кезең 5-14 мамыр күндері, екінші кезең 22-29 қазан аралығында өтті. Қазақстаннан Премьер-лига мен Бірінші лиганың бас төрешісі Данияр Сахи (Қызылорда), төрешілердің көмекшілері Юрий Тихонюк (Ақтөбе) және Сергей Калачев (Атырау) қатысты. Қазақстандық төрешілер УЕФА-ның төрешілік саласындағы үздік фитнес-нұсқаушылары және мамандарының жетекшілігімен Швейцария футбол федерациясы және Франция футбол федерациясы аясындағы турнирлерде дайындықтан өтті. Екінші кезеңнің соңында фитнес-нормативтер мен ағылшын тілінен емтихандар тапсырылды. Төрелік ету және қадағалау департаменті курс аяқталғаннан кейін бас нұсқаушы Дэвид…

0
0
230

Астанада БАҚ пен спорт әлемінің өзара әрекеттесуінің негізгі аспектілері талқыланды

2015 жылғы 30 қазан – 1 қараша аралығында «Сарыарқа» велотрегінде спорт саласындағы БАҚ қызметінің ерекшелігі және олардың спорт федерацияларымен, спорт клубтарымен және ұйымдарымен өзара әрекеттесуі тақырыбындағы семинар өткізілді. Семинарды Қазақстанның спорт баспасөзі ассоциациясы және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен «Kazsport» телеарнасы ұйымдастырды. Семинарға 100-ден астам түрлі сала өкілдері, атап айтқанда: республикалық және аймақтық БАҚ спорт журналистері, режиссерлері мен операторлары, спорт қауымдастықтары мен федерация өкілдері, медиа басшылар, сондай-ақ Ресей мен Украинадан арнайы шақырылған қонақтар қатысты. Семинарды «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – Данияр Нұрғазин ашты. Семинардың алғашқы күні спорт жарыстарын ақпараттандырудың технол…

0
0
452