Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Новости по новому на телеканале «Қазақстан»!

Ежедневные оперативные и актуальные новости о событиях в стране и мире, всегда являлись визитной карточкой национального телеканала «Қазақстан». В связи с этим, руководством телеканала было принято решение сделать свои новости еще более актуальными, живыми и свежими. С 6 октября 2015 года, произошло обьединение новостной-информационной службы телеканала в единый целостный бренд - «Кaznews», с абсолютно новым форматом подачи иформации. Обладающий сильнейшей новостной базой, «Кaznews» смог расширить свои возможности и еще больше увеличить доступ общественности к ньюсмейкерам государственной политики. Это позволило предоставить зрителю максимально горячую и объективную информацию из различных сфер деятельности страны и мира. Еще более улучшенная корреспондентская сеть, позволила новостной сл…

0
0
265

«Қазақстан» телеарнасында жаңаша жаңалықтар!

Еліміздегі және әлемдегі күнделікті өзекті жаңалықтар – «Қазақстан» ұлттық телеарнасының бетке ұстар бағыттары. Осыған орай, телеарна басшылығы жаңалықтар топтамасын заман талабына сай түрлендіру туралы шешім қабылдады. 2015 жылғы 6 қарашада ақпаратты жаңаша форматта беру мақсатында телеарнаның ақпараттық жаңалықтар қызметі бірыңғай тұтас «Кaznews» брендіне орталықтандырылды. Республиканың ең ірі жаңалықтар базасын қамтитын «Кaznews» өзінің мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, қоғамды мемлекеттік саясат нюсмейкерлеріне бір табан жақындата түсті. Бұл еліміз бен әлемдегі түрлі қызмет саласындағы соңғы және объективті жаңалықтарды көрерменнің назарына ұсынуды қамтамасыз етті. Жетілдірілген тілшілер желісі «Кaznews» жаңалықтар қызметіне әлемнің түкпір-түкпірінен оперативті, нақты, әрі өзекті…

0
0
537

«Намыс додамен» бірге биіктікті бағындыр!

2015 жылғы 1 қарашада сағат 15.00-де Алматы және Астана қалаларындағы MEGA ойын-сауық кешенінде орналасқан SCALA жарға өрмелеуіштерінде әуесқойлар арасында құзға шығудан қызықты жарыс өтеді. «Намыс дода» тележобасының аясындағы осы жарыстың ұйымдастырушысы – «Қазақстан» телерадиокорпорациясы. Құзға шығу деген не? Бұл табиғи шыңдар мен жасанды құзға өрмелеушілердің 15-30 метрлік биікті бағындыруды білдіретін белсенді демалыс және спорт түрі. Құзға шығу – әлемнің түкпір-түкпірінде мыңдаған адамдар айналысатын ерекше спорт. Спорттың ерекше және экстремалды бұл түрі түрлі жастағы ең белсенді адамдардың басын біріктіреді. Бұл сайысқа кез келген адам қатысып, естен кетпес сәттер мен сезімдерді бастан кешіреді. Бұл экстремалдар мен биіктікті ұнататын адамдар үшін өз күшін сынап көретін сәт. Арна…

0
0
406

Чемпиондар Лигасы. «Астана» — «Атлетико Мадрид» ойынына қазірге дейін 17 мың билет сатылған

3 қарашада елордалық «Астана» футбол клубы Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында өз алаңында Испанияның «Атлетико» командасын қабылдайды.

Билеттерді онлайн-режим арқылы сатып алып, жанкүйер бірегей QR-коды бар электрондық билет алады. Кейіннен бұл код бойынша үш сату орнының (Мега-орталық, «Қазақстан» СК, Конгресс-Холл) бірінен Чемпиондар лигасының ойынына билетті бастырып шығаруға болады. Қазіргі кезде 17 мыңнан астам билет сатылған.

Қала әкімдігі жанкүйерлердің автобустармен жеткізілуін қамтамасыз етеді. Матч Астана ауақыты бойынша сағат 21:00-де басталады.

Астана уақытымен сағат 18:00-де автобустар жанкүйерлерді мына мекенжайлардан алып кетеді:

1. «Қазақстан» СК.

2. Мұнайтпасов атындағы стадион.

3. «Нұр-Астана» мешіті.

4. Салтанат сарайы.

0
0
361

Астана қаласындағы Ұлттық академиялық кітапхана туралы не білесіз?

Мұражай төрінде әдебиеттанушы, ғалым Заки Ахметовтың 600-ден астам кітабы мен жұмыс үстелі орналасқан.

Қорында миллионнан астам кітабы бар елорда төріндегі Ұлттық кітапханаға келушілер саны жаңа маусымда едәуір өсті. Себебі бұл орталықта арнайы кітап бөлімдерінен бөлек, түрлі танымдық залдар саны артуда.

Атап айтсақ, кітап мұражайында көне қолжазбалардан бастап, құнды тарихи жәдігерлер де сақталған. Ыбырай Алтынсарин хрестоматиясы, Әбілғазы Баһадүрдің шежіресін де осы жерден таба аласыздар.

Сондай-ақ, мұражай төрінде әдебиеттанушы, ғалым Заки Ахметовтың 600-ден астам кітабы мен жұмыс үстелі орналасқан.

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы туралы толығырақ «Таңшолпаннан» біле аласыздар.

0
0
1384

Нұрғали Нүсіпжанов: Өнер жастары үшін ел алдына шығу, сахнада өнер көрсету – өмірі бітпейтін бәйге, бітпейтін байқау

Бүгін «Таңшолпанда» әнші, ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов қонақта болды. Бүгін «Таңшолпанда» әнші, ҚР Халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов қонақта болып, биылғы Шәмші Қалдаяқов атындағы халықаралық ән фестивалі туралы әңгімеледі. «Байқаудың мақсаты – жас өнерпаздарды тану, оларға бағыт-бағдар беру. Кеше сайыстың бірінші кезеңі өтті. 32 қатысушының жұмыстарымен таныстық. Жақсы үміт күттіретін балалар бар екен», дейді Нұрғали Нүсіпжанов. Сұхбат барысында әнші байқау қатысушылары туралы да айтты. «Қатысушылар бүгін жүлде алып, жарқырап шығады деп айта алмаймыз. Себебі дарыны болғанмен, бір қайнауы жетпей тұрады. Өнер жастары үшін ел алдына шығу, сахнада өнер көрсету – өмірі бітпейтін бәйге, бітпейтін байқау деп есептеймін», - деді әнші. Нұрғали Нүсіпжанов сұхбатын «Таңшолпаннан» тыңдай аласызд…

0
0
481

«Таңшолпанда» — айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов қонақ болды. Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасында айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов қонақ болды. Ол жуырда Талдықорған қаласында өткен XIX ғасыр ақын Сүйінбай Аронұлының 200 жылдығына арналған «Менің пірім - Сүйінбай» атты айтыстың бас жүлдесін иеленді. Сұхбат барысында осы айтыс туралы әңгімеледі. «Үлкен айтыс сахнасына Сүйінбай атамыздың 190 жылдық мерейтойында түскен екенмін. Биыл 200 жылдығына қатыстым. Айтыста жүргенімізге тура 10 жыл болды. Айтысқа Моңғолиядан, Қытайдан қандастарымыз келді. Мен қырғыз ақындарымен айтыстым», - дейді Жандарбек Бұлғақов. Сондай-ақ, ол басқа да елдерде айтыс өнерінің қалай дамып жатқанына тоқталды. «Еліміздегідей басқа елде айтыс шоқтығы биік өнерге әлі айнала қойған жоқ. Бірақ, тәжірибе алм…

0
0
647

Көлігіңіздің дөңгелегін ауыстырып үлгердіңіз бе?

Назар аударатын жайт - қысқы резеңкелерді маусымына қарай сақтау. Көлік жүргізушілері маусым ауысар сәтте дайындық жұмыстарын бастайды. Олардың қатарында жазғы шинаны қысқыға ауыстыруды жатқызамыз. Суық мезгілге көлікті баптау – уақыт күттірмейді. Себебі күн күрт суытқанда әбігерге түсіп, уақыт жоғалтасыз. «Шинаны ауыстыру үшін міндетті түрде қар жауып, ауа температурасының төмендегенін күтудің қажеті жоқ. дөңгелек шығаратын компаниялардың сайтына кіріп қарасаңыз, қысқы маусымға дайындықты +6, +8 градус жылы болғанда кірісе беруге болады», - дейді маман Андрей Мухортов Назар аударатын жайт - қысқы резеңкелерді маусымына қарай сақтау. Дөңгелекті ешқашан күннің көзі тік түсетін жерге қоюға болмайды. Себебі кеуіп қалса, қатайып, қолданысқа келмей қалады. Сонымен қатар, қысқы резеңкелерді таң…

0
0
237

«Жарқын бейне» бағдарламасы Мариямгүл Төлегенованы еске алады

Бұл туралы бүгін сағат 13:20-да «Жарқын бейне» бағдарламасынан көре аласыздар.

Әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Мәриямгүл Төлегенова 1952 жылы  дүниеге келген. Ол 1979 жылы қазіргі Қазақ Ұлттық консерваториясын бітірген.

Мәриямгүл Төлегенова Қазақ Ұлттық консерваториясында педагогикалық қызметпен де айналысқан. Сондай-ақ, Б.Төлегенова атындағы Халықаралық әншілер байқауының үйлестіруші-директоры болған.

Мариямгүл Төлегенова туралы бағдарламаны бүгін сағат 13:20-да көріңіз.

0
0
863

«Қазақстан дауысы» — «Шайқас» кезеңі басталды

«Шайқас» кезеңінде бақ сынайтын қатысушыларға Ұлттық арнамен бірге сағат 21:00-де жанкүйер болыңыз!

Бүгін «Қазақстан дауысы» жобасының үшінші маусымының «Шайқас» кезеңі басталады. Бұған дейін хабарлағанымыздай, жобада өзгеріс көп. Тәлімгерлердің бірі – Медеу Арынбаевтың орнына әнші Рүстем Нұржігіт келді.

Сондай-ақ, биыл «Нар тәуекел» атты жаңа кезең қосылған. Бұл кезең қатысушыларға екінші мүмкіндік бермек.

Жобаның «Шайқас» кезеңіне өткен үміткерлер:

Нұрлан Албанның тобы:

0
0
290