Ғалымдар: күніне үш кесе кофе ішу суицид қаупін төмендетеді
Күніне 3-5 кесе кофе ішу адамның түрлі жүрек-қантамыр ауруларынан көз жұму, өз-өзіне қол салу және жүйке жүйесінің бұзылу қаупін айтарлықтай төмендетеді, делінген Circulation журналында жарияланған мақалада. «Кофенің құрамындағы биобелсенді қоспалар ағзаның инсулинге қарсы тұра алу дәрежесін төмендетіп, жалпы алғанда оның қабыну процестеріне төзе алуына оң әсерін көрсетеді. Кофенің әсер ету механизмдерін ашу үшін қосымша зерттеулер қажет», - деп мәлімдеді Гарвард университетінің ғалымы (АҚШ) Мин Дин (Ming Ding). Дин және оның әріптестері осындай пікірді 30 жылға жуық уақыт бойы Nurses' Health Study жобасының аясында 160 мыңнан астам америкалық медбике мен 41 мың дәрігер ер адамдардың денсаулығын зерттеген соң жасады. Бастапқыда тәжірибенің барлық қатысушылары ешқандай дерттерге шалдықпаға…



