Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Қояндыда өткен құсбегілер сайысында тараздық бүркітшілер топ жарды

Бұл туралы Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы хабарлады. Қарашаның 13-15 аралығында Астана қаласы маңындағы Қоянды ауылы аумағында белгілі бүркітші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алуға арналған бүркітшілердің республикалық турнирі және Астана қаласының ашық біріншілігі өтті. Аталмыш жарыс халық арасында ұлттық спорт түрлерін кеңінен тарату, бүркітшілер арасында тәжірибе алмасу және спорттық шеберлігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті, сондай-ақ, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы, Астана қаласының Дене тәрбиесі және спорт басқармасының мұрындық болуымен ұйымдастырылды, деп хабарлайды Ұлттық спорт түрлері қауымдастығынан. Додаға еліміздің 9 облысынан және Астана қаласынан 18 бүркітші қатысты. Сайыс бүркітті қолға…

0
0
375

Қазақстандық самбошылар Есет Қуанов пен Ділдәш Күрішбаева Әлем чемпионатында қола медаль иеленді

Мароккода спорттық және әскери самбодан Әлем чемпионаты өтті.

Жарыстың 3-ші күні 62 келіге дейін салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық Есет Қуанов қола медаль иеленді.

1. Иван Анискевич (Беларусь)

2. Жавидан Гараев (Әзірбайжан)

3. Давлатжон Хамроев (Өзбекстан)

3. Есет Қуанов (Қазақстан)

Ал, осы күні 68 келіде бақ сынаған жерлесіміз Ділдәш Күрішбаева да қола жүлде алды.

1. Ольга Захарцова (Ресей)

2. Нино Одзелашвили (Грузия)

3. Йоханна Йлинен (Финляндия)

3. Ділдәш Күрішбаева (Қазақстан).

0
0
435

Гүлнұр Иманова-Латып: Дәстүрге қатысы бар дүниені ұнатамын

«Itali collection» және «ARULINE» қазақстандық брендтерінің дизайнері, Гүлнұр Иманова-Латып бүгін «Таңшолпанда» қонақта. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін өткізуге арналған ұлттық нақыштағы өнімдерді насихаттаушы ұлттық өнімді ұлттық бренд ретінде әлемге танытқысы келеді. «Өзім дәстүрге қатысы бар дүниені ұнатамын. Бала кезімнен әжемнің ұлттық дүниелерге, қолөнерге деген махаббатын көріп өстім. Мені де осы өнерге баулыған сол кісі. Бүгінде жастардың дені салт-дәстүр дегенді білмейді. Өз қатарластарымнан да соны байқадым. Тіпті, маған келіп, «қоржын деген не?», деп сұрағандары болды. Сондықтан, қазіргі заманда салт-дәстүрдің насихаты аса қажет екенін түсіндім»,-дейді дизайнер. «Біз халықаралық көрмелерге жиі қатысамыз. Шетелдіктерге қазақтың тарихын, мәдениетін, қолөнерін таныстырамыз. Жазда…

0
0
397

Руслан Мәдиевтің алдағы жекпе-жегі АҚШ-тың Калифорния штатында өтеді

Еске салайық, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алты жеңіске қол жеткізді.

GGG Promotions қазақстандық боксшысы 23 жасар Руслан Мәдиев (6-0, 3 КО) өзінің келесі жекпе-жегін 3 желтоқсанда АҚШ-тың Калифорния штатындағы Коста-Меса қаласында өткізеді.

Бұл жекпе-жек 6 раундтан тұрады. Әзірге қазақстандықтың қарсыласы анықталған жоқ, деп хабарланған Қазақстан кәсіби боксының Вконтакте-дегі парақшасында.

Еске салайық, қазақ боксшысы өз мансабында өткізген алты кездесуде алты жеңіске қол жеткізді. Оның үшеуі нокаутпен аяқталды.

0
0
220

Лена Сахариева: Қазақтың оюы – асқан ыждаһаттылықты талап етеді

70 жастағы қолөнер шебері туралы толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар. Лена Сахариева – Ақтөбе қаласында қолөнер бұйымдарын жасауда көпшілікке үлгі болып жүрген жан. Жасына қарамай, бүгінде жеке кәсіпкер атанып, тапсырыс бойынша жұмыс істеп келеді. Бала күнінен біліп өскен өнер, уақыт өте келе шыңдала түскен. «Әрбір қазақ қызының ісмерлікке жақын болғаны құптарлық іс»,-деп біледі ол. «Ұқыптылық, шыдамдылық деген қасиеттердің барлығы – осы қазақтың қолөнерінде жатыр. Кезінде қазақ қыздары өз жасауларын өздері дайындаған. Бұл – қыз баланың тиянақты жүруіне септігін тигізеді»,-дейді Лена әже. Лена Сахариева Ақтөбе облысында қыздар университетін тәмамдаған соң, ұзақ жыл бала оқытқан. Кейін зейнетке шыққан соң, өзі білетін бұйымдарды жасаумен, қазақы өнерді жаңғыртумен айналысуды бастады. «…

0
0
487

«Театр тізгіншісі» деген кім?

Назым Қалиева әртістер киімін тігумен 16 жылдан бері айналысып келеді. Театр, сахна, драма дегенде, ойымызға алдымен актерлер мен режиссерлер келетіні рас. Арасында сахнаны безендірушілер мен жарық беруші мамандардың еңбегін де ескереміз. Ал, «театр тізгіншісі» деген қызметкерлердің жұмысы қандай? Театр қойылымын дайындау үшін маңдай терін төгетін жандар баршылық. Әсіресе, әртістер сияқты халық алдына шықпайтын, бірақ олар үшін сахналық киім тігетін қызметкерлердің еңбегі орасан. Назым Қалиева әртістер киімін тігумен 16 жылдан бері айналысып келеді. Әрі кәсібін мақтан тұтады. «Менің атам атақты етікші болған екен. Туыстарым «сол атаңа тартқансың», деп жатады. Сүйікті кәсібім болғандықтан, әр таңда жұмысқа қуана кірісемін»,-дейді ол. Сахна киімі, спектакль кейіпкерлерінің костюмі – қойылым…

0
0
382

Жылдың үздік жаңалықтарын «Таңшолпанмен» бірге білейік!

Таңғы бағдарлама қойған сауалдарға толымды жауап беріп, сыйлыққа ие болыңыз!

«Таңшолпан» ақпаратты-сазды бағдарламасының көрермендеріне ұсынатын жаңалығы бар.

Биылғы жылдың елеулі жаңалықтары қандай? Айтулы оқиғаларды білесіз бе? Жедел әрі толымды жауап беріп, жеңімпаз атаныңыз!

Бір ай көлемінде белсенділік танытқан көрермен арнайы жүлдемен марапатталады.

2 қараша – 2 желтоқсан аралығында жылдың үздік жаңалықтарын бірге білейік!

Толық ақпарат: 8 (717) 2-55-31-94

0
0
283

Күмістің қасиеті

Күміс әшекейлерді қалай тазарту керек екенін білгіңіз келсе, «Таңшолпанды» көріңіз. Қазақ халқы ежелден күміске ерекше мән берді. Күмістің адам ағзасына пайдасы бар, деп түсінген жұрт күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суға шомылдырып, «баланың күні күмістей жарық болсын», деген ниетпен жоралғы да жасалған. Мұның әдемілігі өз алдына, таңғажайып емдік қасиеті де жоқ емес. Тіпті, түрлі жамандықтан қорғайды деген сенім бар. Күмістің емдік қасиеті мол екенін медицина да дәлелдеп отыр. Емшілер мұндай ерекшелікті өте ерте замандарда-ақ жоғары бағалаған. Мысалы, Үндістанда күмісті адам иммунитетін көтеруге қолданса, Египетте жараға жапсырған. Ал, Ресейде шіркеудегі күміс қосылған су киелі саналады. Ғалымдар болса, күмістің бұл қа…

0
0
1014

«Әкемді жалға беремін» комедиясын көріңіз

Режиссері - Ким Деок-Су.

Бұл фильм жұмыс істегісі келмеген жалқау Чхе Тхэ Ман туралы. Оның әйелі отбасын асырау үшін тынымсыз жұмыс істейді.

Бұл жағдайға көңілі толмаған қызы «Әкемді уақытша жалға беремін» деп интернетке хабарлама жазады.

Қызық осы арадан басталады...

Ким Сан Ген, Чхе Чжон Ан, Мун Чжон Хи кейіпкерлерім сомдаған фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 16:05-те тамашалай аласыздар.

0
0
981

«Монстрлар университеті». Мультфильм

Бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:25-те көріңіз.

Майк пен Салли — Монстрополистегі ең шыңдалған қорқытушылар, бірақ әрдайым бұлай болмаған еді.

Алғаш кездескенде бұл екі монстр бірін-бірі жек көретін. «Монстрлар университеті» -  ол екеуінің жек көрушілігінен бастап, мызғымас достығына дейінгі хикаяларын баяндайды.

Режиссер Дэн Скэнлонның  «Монстрлар университеті» мультфильмін бүгін Ұлттық арнадан сағат 11:25-те көре аласыздар.

0
0
1184