Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Саз керуен». «Шалқар» ұлттық радиосы арқылы үздік әнді анықтаңыз!

«Саз керуен» - «Шалқар» ұлттық радиосының 50 жылдығына арналған жоба.

Әр аптаның бейсенбі күндері, сағат 21:00-22:00 аралығында радио эфирі арқылы үздік әндерге дауыс беру жүргізіледі. Жобаның ерекшелігі - байқауға Көркемдік кеңестің іріктеуімен әншінің ең соңғы шыққан әні қатыстырылады.

Апта сайын [email protected] электронды поштасы арқылы тікелей эфирде дауыс беру жүргізіліп, ай қорытындысы бойынша ең көп дауысқа ие болған ән радионың «Алтын қорына» тапсырылады.

Сондай-ақ, тыңдармандардың әлеуметтік желі арқылы дауыс беріп, ой-пікірлерін білдірулеріне мүмкіндік бар.

Жоба авторы әрі жүргізушісі - Айсәуле Бейсенхан. Саз байқауы 12 ай бойы жалғасады. Жыл соңында үздік шыққан бір ғана ән «Жыл әні» атағына ие болмақ.

Қараша айы бойынша төменде көрсетілген әндерге дауыс бере аласыздар:

«Ақ махаббат» - Меңдеш пен Ақмарал;

«Ал, не дейсің?!» - «Ағайындылар» тобы;

«Арман айым» - Ермек Мұқаш;

«Бір дос керек екен» - Айқын Төлепберген;

«Өткен күндер» - Асқар Жүнісбеков;

«Сен қуанышым» - Бейбіт Қорған;

«Туған ел» - Өмірқұл Айниязов.


0
0
465

Осы тақырып бойынша

«Саз керуен». «Шалқар» ұлттық радиосы арқылы үздік әнді анықтаңыз! - Yvision.kz