Алматы облысында жеке үйлерге таудан топырақ құлады
Алматы облысының Талғар ауданында тау баурайынан топырақ құлаған.2024 жылғы 23 наурызда сағат 00:20-да Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Талғар ауданының Бесағаш ауылында «Бурабай» коттедж қалашығында ауа райының тұрақсыздығына байланысты 2024 жылғы 21-23 наурыз аралығында жаңбыр мен қарлы жауын-шашын жауыы нәтижесінде топырақтың батпақтануы орын алып, салдарынан таудың баурайынан екі жеке тұрғын үйдің аумағына топырақтың өздігінен түсуі орын алғаны жайлы хабарлама келіп түсті. Топырақ аяқталмаған қорғаныс қоршауының шетінен өтіп кеткен (биіктігі 4 м бетон тіреу қабырғасы). Кірген топырақ үйдегі терезенің сындырып, зақым келтірді, сонымен қатар жеке тұрғын үйдің аумағындағы уақытша тұрған құрылысша (үй шаруашылығына) ішінара зақым келтірді. Түскен топырақтың болжамды көлемі 500 текше мет…





