Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Айтыскер ақын Айбек Қалиев депутат атанды

От ауызды, орақ  тілді айтыскер ақын Айбек Қалиев Арқалық қаласының мәслихат депутаты атанды.  Бұл туралы ҚазАқпаратқа ақынның өзі хабарлады.

Айта кетейік,  1992 жылдан бастап айтыс өнеріне келген Айбек Киікбайұлы халықаралық, республикалық айтыстардың  бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.

Ақын айтыстарында қоғамның күрделі мәселелерін сөз етіп, терең, ойлы өлеңдерімен халықтың сүйіспеншілігіне бөленіп жүр. Айтыстағы еңбегі ескеріліп, 2001 жылы Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің Алғыс хатымен марапатталды. Бүгінгі таңда айтысқа баулып жүрген шәкірттері де республика жұртшылығына танылып қалды.

0
0
950

Бақытбек Есентаевқа қатысты сот отырысы 3 қарашада жалғасады

Бүгін Талдықорғанда Бақытбек Есентаевтың ісіне байланысты сот отырысы жалғасты. Жабық режимдегі бұл жолғы сот отырысында қос тарап жарыссөзге шықты. Процеске Баян Мақсатқызы да келіп қатысты. Соттың жабық режимде өтуіне байланысты Бақытбек Есентаевқа мемлекеттік айыптаушы қандай жаза қолдануды сұрағаны жөнінде алқа билер шешім шығарғанша жария етілмейді. Келесі сот отырысы бейсенбі күні 3 қарашада жалғасады. Оған дейін сотталушы соңғы сөзін айтуға, алқа билер шешім шығаруға дайындалуы үшін үзіліс жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, Бақытбек Есентаевтың соты 18 қазанда басталды. Алғашқы тыңдалымға қатысқан Баян Мақсатқызы өзінің бұрынғы күйеуін толықтай кешіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінген еді. Бақытбек Есентаев зорлық-зомбылық, зорлау фактілерінен өзге адам өлтіруге оқталу бабы…

0
0
454

Мәжіліс депутаты: Пәтерді жалға беруші онда тұратын адамды тіркеуге міндетті

Мәжіліс депутаттары баспанада тіркеусіз 30 күнге дейін тұру мүмкіндігін ұсынуда. Бұл туралы бүгін Сенатта Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013 - 2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселелері бойынша депутаттар мен мүдделі мемлекеттік органдардың кездесуінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәулен Әшімбаев мәлім етті. «Жалпы, Қазақстан азаматтарына ІІМ 10 күнді ұсынып, кейіннен тіркеуге тұру қажеттігін ескерген еді. Бірақ та түрлі жағдайлардың болуын қарастыра отырып, яғни қонаққа, жұмысымен барғанда 10 күн жетпеуі мүмкін, осы ретте бұл мерзімді 30 күнге дейін арттыруды ұсынудамыз. Егер де адам жұмыс бабымен, туыстарына сапарлап келсе, басқа қалада тіркеусіз жүруіне 30 күнге дейін мерзім қамтылуы тиіс. Осыдан ке…

0
0
475

Назарбаев: Ресейлік бизнес үшін қолайлы жағдайлар жасалады

Ағымдағы жылы ЕАЭО--ның жаңа кеден кодексі дайын болады. Бұл туралы бүгін Қазақстан мен Ресейдің XIII өңіраралық ынтымақтастық форумы барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Кәсіпорындарға ЕАЭО кеңістігінде еркін бәсекелестікке мүмкіншілік беру - стратегиялық міндет. Бұған біздің заңнамамызды одан ары біріздендіру шаралары септігін тигізетін болады. Ағымдағы жылы ЕАЭО-ның жаңа Кеден кодексін дайындау жұмыстары аяқталады. Ол біздің елдеріміздің арасындағы барлық кедендік процедураларды айтарлықтай жеңілдетеді. Үшінші елдермен сауда-саттықта тарифтік емес реттеудің бірыңғай шаралары қолданылады. Бірыңғай көлік кеңістігін рет-ретімен, кезең-кезеңімен құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді», - деді Н.Назарбаев. Елбасы ЕАЭО аясында барлық өндірушілер мен инвесторлар үшін түсінікті ортақ…

0
0
423

Қазақстанда балаларға өндіріп алынатын алимент мөлшері қайта қаралуы мүмкін

Алимет мөлшерін белгілеу кезінде баланың мүдделері ескерілуі тиіс. Бұл туралы Алименттер өндіріп алу жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель мәлім етті. «Біріншіден, алимент мөлшерін белгілеу тәртібін қайта қарауды ұсынамыз. Бүгінгі күні ол борышкердің еңбекақысының үлестерінде айқындалады және балалардан гөрі әкенің мүдделері ескерілген», - дейді ол. Оның үстіне, «айлакер» борышкерлер заңды айналып өтудің тәсілін игерген. «Олар жалақысы төмен жұмыстарға орналасқан жағдайларды мысалға келтіріп өттім. Содан кейін, заңды түрде балаларына 5-6 мың теңгеден аударып отырған. Бүгін бұл ақшаға баланы тамақтандыруға, киіндіруге бола ма? Сондықтан баланың мүдделері басымдықты болуы тиіс деп ойлаймыз. Баланың жасына қарай алименттердің базалық мө…

0
0
413

Дубайда көруге міндетті 10 орын

Егер сiзге лезде Дубайға барып келу бақыты қонса, онда қандай орындарды аралап көрер едіңіз? Сіздерге арнап дайындаған шолуымызға назар аударайық. Фото: alldubai.ae 1. Бiрiншi күнi Down Town Dubai алаңына баруға кеңес береміз. Онда дүниежүзіндегі ең биік ғимарат Burj Khalifa орналасқан. Биіктігі 828 метр. Оның көк тiреген “At The Top” байқау алаңынан Дубаи қаласын бір алақанға салып қойғандай, көше, өзен қиылыстарын асықпай зерттей аласыз. Burj Khalifa-ның дәл қасында The Dubai Mall сауда орталығы орналасқан. Ішінде алып аквариумы және шағын болса да хайуанаттар бағымен танысып болған соң, кешке далаға шығып, дүниежүзіндегі ең үлкен «өлең айтатын» су бұрқағын тамашалай аласыз. Burj Khalifa-ның байқау алаңына сол күнде кіру үшін 100 доллар тұрады, ал егер сіз ақшаны үнемдейін десеңіз, онда…

4
1
3835

Роналду Еуро-2016 «Күміс бутсаны» командадағы жолдасына сыйлады

Португалия құрамасының капитаны үш гол салғаны үшін және голға үш доп шығарғаны үшін «Күміс бутса» сыйлығымен марпатталды, деп жазады life.ru.

Криштиану Роналду Еуропа чемпионатының үздік ойыншысы ретінде өзіне берілген «Күміс бутсадан» бас тартып, командалас жолдасына сыйлады. Португалия құрамасының жартылай қорғаушысы Нани Роналдудан мұндай сый күтпесе керек.  Дереу Instagram әлеуметтік желісіне сыйлық фотосын салып, оқырмандарымен бөлісуді жөн санапты:

- Сен жай капитан емессің, сен чемпионсың! Сыйлық үшін рахмет! Алға, Португалия, біз чемпионбыз!- деп жазған Нани.

0
0
359

Батырхан Шүкеновтің соңғы арманы орындалды

«Қазақстан» ұлттық телеарнасы Астана күніне орай Батырхан Шүкеновтің орындауындағы «Жүрегімде Астана» атты әннің клипінің премьерасын өткізді. «Қазақстан РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Қайнар Олжайдың айтуынша, Батырхан Шүкеновтің соңғы арманы - осы әнге клип түсіру болған екен. «Корпорация Астана күніне арнап, жыл сайын бір-бір бейнебаян түсіруді қолға алғанбыз. Бұл 2013 жылы басталған үрдіс болатын. Тек қана таңдаулы, тек қана Астанаға арналған ең үздік шығармаға жылына бір-ақ рет бейнебаян түсіріп келеміз. Бірінші рет Ринат Гайсиннің «Астана - менің мақтанышым» атты музыкалық премьерасын ұсынған болатынбыз. Екінші жылы Айман Мұсақожаеваның «Әншілер академиясы» деген туындысына клип түсірдік. Биылғы клипті ерекше дарын иесі, қайталанбас әнші, керемет ұйымдастырушы, халықтың сү…

0
0
501

Геннадий Головкин Қазақстан экономикасына инвестиция салуда

Геннадий Головкин кәсіби рингте тапқан табысын Қазақстан экономикасына инвестиция есебінде салуда. Қарағандыда боксшының қатысуымен көмір байыту кәсіпорыны ашылатыны мәлім. Бүгін біздің түсіру тобымыз жаңа кәсіпорынды бірінші болып көрді. Құрылтайшылар қатарында жергілікті кәсіпкерлер мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры бар, деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы. Жаңа өндіріс орнында 150 тұрақты жұмыс орны бар. Фабриканың жобалық қуаты жылына 500 мың тонна көмірді құрайды. Оны 5 шілдеде таныстыру көзделіп отыр. Бұл күн кездейсоқ таңдалмаған. Бокстан WBA, IBF, WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің өзі: «Нұрсұлтан Әбішұлының: «Қарсыластарыңды жеңіп, үйіңе орал» - деген сөздерінен кейін ой келді. Мен Президенттің тапсырмасы бойынша Қазақстан экономикасына…

0
0
323

Елордадағы «Жерұйық» паркінде қымызмұрындық өтеді

Елорда күнін мерекелеу аясында «Жерұйық» паркінде қазақ ауылы тігіледі. 5 және 6 шілдеде алғаш рет Ұлы дала халқының басты сусыны - қымызға арналған «Қымызмұрындық» халықаралық этнографиялық фестивалі өткізіледі, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі. Қалада 1992 жылдан бастап өткізіліп келген бүгінгі этнографиялық мерекенің тақырыбы ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен «ЭКСПО-2017» көрмесі болмақ. Оны өткізу идеясы еліміздің өзге өңірлерінде де қолдау тапты - Алматы, Павлодар, Тараз, Шымкент және т.б. қалаларда. Бірнеше күн бойы көк шалғында ұлттық нақышта безендірілген 10 киіз үй тігіледі. Мол дастархан жайылып, көпшілікке ұлттық тағамдар - құрт, бауырсақ, жент, ірімшік, шұбат пен қымыз ұсынылады. Бұдан басқа, қонақтар самауырыннан құйылған хош иісті шай ішеді. Ал кіре берісте…

0
0
493