Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді

ШЫҰ-ның келесі саммиті 2017 жылы маусымда Астанада өтеді. Бұл туралы бүгін Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты. «Қазақстан зор жауапкершілікті сезіне отырып, алдағы жылы Шанхай ынтымақтастық ұйымына төрағалық жоғары миссиясын өзіне қабылдайды. Біз осы жылдар ішінде өзбек тарабы атқарған ауқымды жұмыстарды жалғастыруға, ШЫҰ-ны дамыту мен нығайтуға өз үлесімізді қосуға, оның әлемдегі рөлі мен беделін арттыруға ниеттіміз», - деді Елбасы. ҚР Президенті осы орайда Қазақстанның төрағалығы кезіндегі басымдықтар ретінде өңірлік қауіпсіздікті нығайту, экономикалық ынтымақтастықты дамыту, транзиттік-көліктік әлеуетті ашу, мәдени және гуманитарлық байланыстарды тереңдетуді атады. «Қорытынды шара 20…

0
0
727

Әсет Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

 

«Ә.Ө. Исекешевті Астана қаласының әкімі қызметіне тағайындау туралы» Жарлық

 

Әсет Өрентайұлы Исекешев Астана қаласының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі қызметінен босатылсын.

Қазақстан Республикасының
Президенті                                                                      Н.Назарбаев

0
0
1368

Қазақстан Олимпиаданың 98 жолдамасын жеңіп алды

Бүгін, 13 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан Рио-де-Жанейродағы жазғы Олимпиадалық ойындарға қатысу құқығына 98 жолдаманы жеңіп алды. Бұл туралы Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясынан хабарланды. Сонымен, жеңіл атлетикадан еліміздің еншісінде 20 жолдама, байдарка мен каноэде есуден - 11, бокс (ерлер) - 10, ауыр атлетика - 10, еркін күрес - 5, әйелдер күресі - 4, оқпен ату - 4, теннис - 3, грек-рим күресі - 3, таеквондо - 3, дзюдо (ерлер) - 3, дзюдо (әйедер) - 2, әйелдер боксы - 2, велошоссе - 2, садақ атудан - 2 жолдама бар. Мұнымен қоса, Қазақстан спортшылары академиялық ескек есуден - 2, мәнерлеп жүзуден - 1, жүзу - 2, қазіргі бессайыс - 1, стендтік ату - 1, велотрек - 1, семсерлесу - 1, үстел теннисі - 1, көркем гимнастика - 1, еспе слалом - 1, батутта секіру - 1,…

0
0
208

Астаналық делегация Жаһандық әйелдер саммитіне қатысты

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова 9-11 маусымда Варшавада (Польша) өткен жыл сайынғы Жаһандық әйелдер саммитіне қатысты. Елорданың ресми сайтының хабарлауынша, биылғы саммит «Әйелдер - сандық технологиялар дәуірінде инклюзивті экономиканы құру үшін» тақырыбымен өткен. Оған 70-тен астам елден 1 мыңнан астам табысты кәсіпкер пен саясаткер әйелдер осы беделді алаңда өз тәжірибелерімен әрі пікірлерімен алмасты. Бұл саммит мемлекеттік және жеке өмірдің барлық салаларында тиімді дамуға қол жеткізудегі жаңа креативті ойлармен алмасу мүмкіндігін бере алатын аса маңызды іс-шара болып табылады. «Бүгінгі таңда бизнестегі басшы әйелдердің үлесі 42%-ға жетіп отыр және бұл көрсеткіш тұрақты түрде артып келеді. Астанада бұл үрдіс ШОБ саласында ерекше байқалады, сондықтан озық тәжірибені…

0
0
286

Байқоңыр қала күнін мерекелеуге әзірленуде (ФОТО)

Ертең, 2 маусымда, ғарыш айлағын, қаланы қамтитын «Байқоңыр» ғарыш кешеніне 61 жыл толады.Қала және ғарыш айлағы күні - жергілікті тұрғындардың басты мерекелерінің бірі. Дәстүрлі түрде мерекелік күн еске алу жиынынан басталады. 2 маусым таңертең Байқоңыр тұрғындары мен қонақтары С.П Королев ескерткішіне және қаза тапқан ғарышқа алғаш ұшқан ұшқыштар мемориалына гүл шоқтарын қояды. Қалалық әкімшілік баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Байқоңырдың 61 жылдығы қарсаңында жаңа әлеуметтік нысандар ашылады. Қалалықтар үшін өмір қиындығына тап болған кәмелеттік жасқа жетпеген жасөспірімдерге арналған «Викинг» фитнес-клубы ашылды. Әлеуметтік пәтерлер кілті табыс етіледі. Мереке құрметіне қалалық мәдениет сарайында салтанатты жиын өтіп, арты мерекелік концертке ұласады. Салтанатты жиында «Байқоңы…

0
0
666

Қазақстандықтар шетелге шыққанды жақсы көреді

Биыл «KIFT-2016″ туризм көрмесіне 31 мемлекеттің компаниялары қатысты. Ал өткен жылы шараға 38-40 елдің компаниялары келген болатын. Шарада биыл алғаш рет Алматы облысының туристік әлеуеті көрсетілді, деп хабарлайды total.kz. Мамандардың айтуынша, Қазақстандағы ішкі туризм негізінен шет елдіктердің қызығушылығын тудыратын болады. «Инфляцияға байланысты Қазақстандық өнім өзге елдермен салыстырғанда арзанға түспек. Сонымен қатар, 19 елдің азаматтарына визасыз режим енгізу де шет елдіктердің Қазақстанға келіп дем алуына жағдай жасайды. Ал қазақстандықтардың өздерінің қызығушылықтарына келер болсақ, қазақстандықтар демалыс күнлері болмаса, ішкі туризмге арнайы шықпайды», — деп мәлімдеді Қазақстанның туристер ұйымының директоры Райшида Шайкенова. Осылайша экономикалық құлдырау туризмге оң әсер…

0
0
836

Бейбіт Шүменов — қос салмақта да әлем чемпионы атанған алғашқы қазақстандық

Қазақстандық боксшы Бейбіт Шүменов отандық кәсіпқой боксшылар арасында бірегей жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Sports.kz.



Бұған дейін жартылай ауыр салмақта сынға түсіп, әлем чемпионы атанған Бейбіт кеше ғана Лас-Вегастың шаршы алаңында америкалық Джуниор Райтты 10-раунда техникалық нокаутпен жеңіп, бірінші ауыр салмақта WBA чемпиондық белдігін иеленді. Күні бүгінге дейін бірде бір қазақстандық кәсіпқой боксшы мұндай жетістікке (қос салмақ дәрежесінде де әлем чемпионы атану) қол жекізбеген еді.

0
0
667

Құралай салқыны- табиғат тылсымы

Құралай, құралайдың салқыны — Қазақстанның орталығы және солтүстік аумақтарында шамамен 20 мамырдан басталып, оншақты күнге созылатын ауа райының құбылмалы күндері; табиғат құбылыстарына байланысты халықтық қағидаларда қалыптасқан амал. "Бес қонақ" өткен соң, мамыр айының шамамен он төрті және жиырма сегізі аралығында 2-3 күнге ғана соғылатын қатты желді халық даналары «Құралай салқыны» дейді. Ақсақалдар айтуынша, оның дәл бұлай айтылу себебі, осы уақытта киіктер лақтап, құралайын суық жерден тұрғызып жүгіртеді. Киіктердің төлдер кезі, желге қарсы жүгірген жағдайда ғана олар төлдеуге қабілетті болады екен. Олардың төлдері аптап ыстыққа шыдамайды, сол үшін жылда көктемнің үшінші айы мамырдың аяғына қарай табиғаттың тылсым күшімен қатты суық жел тұрады. Киіктердің төлдеуі екі – үш күнге ған…

0
0
6773

Асық ойыны тұңғыш рет оқушылар спартакиадасы бағдарламасына енгізілді

Дәстүрлі өткізіліп келе жатқан мектеп және колледж оқушыларының арасындағы 8-ші жазғы спартакиаданың қатарына биыл тұңғыш рет ұлттық ойынымыз - асық ату спорты енгізіліп отыр. Спартакияда шеңберінде оқушылар арасында өткізілген республикалық деңгейдегі асық ату турнирі Астана қаласында өзінің байрағын көтерді. Жарысқа республикамыздың түпкір-түпкірінен Атырау, Жамбыл, Ақмола, Қостанай, Алматы облысы, Маңғыстау облысы, Солтүстік Қазақстан облыстары, Астана және Алматы қалаларынан 9 командадан құралған 60 жуық спортшы қатысты. Турнирдің ашылу салтанатында сөз алған ҚР «Асық ату» федерациясының вице-президенті Жомарт Сабыржанов: «Асық ату жарыстары мұнымен тоқтап қалмайды. Алдағы маусым айында Қазақстан Республикасының кубогы ұйымдастырылады. Сосын елорда күні қарсаңында дәл осы спорт түріне…

0
0
1006

Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы неміс тіліне аударылды

Биыл неміс тіліндегі бай әдеби қор қазақ ақыны Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасымен толықты, деп хабарлады «Әдебиет» порталы. Поэма неміс тіліне қазақша түпнұсқасынан тікелей аударылып, Қазақстан-Гёте институтының қолдауымен «Büchergilde» (Германия) баспасында басылып шықты. Поэманың неміс тіліндегі нұсқасының авторы - неміс жазушысы Герт Хайденрайх. Қазақ халқының мәдениеті мен өнерін, тарихы мен салт-дәстүрін неміс тілді оқырмандарға кеңінен таныстыратын «Құлагер» поэмасының алғашқы тұсаукесері биылғы наурыз айында Лейпциг қаласында кезекті халықаралық кітап жәрмеңкесінде (Leipziger Buchmesse) өткен еді. 2016 жылдың 25 - 27 мамыр күндері «Құлагердің» неміс тіліндегі аудармасының тұсаукесері Астана мен Алматы қалаларында да өтеді деп жоспарланған. Аталған шараға осы жобаға қатысқан а…

0
0
618