Жезді музейі
Өткендегі сапарымыз барысында Ұлытау облысының Жезді кентінде Қазанбаева Зейпін Зікірқызы басқаратын Мәкен Төрегелдин атындағы Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейіне жол түскен еді.Кент болса да мұндай керемет музей бар деп ойламаппын, әрине, музей туралы оқығанмын және естіген едім, дегенмен расында мұндай бірегей музей Қазақстан аумағында жоқ десек артық айтқандық емес.Жезді кентіндегі тау-кен және балқыту ісі тарихы музейі Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 21.12.1988 жылғы № 285-р Жарлығы бойынша ұйымдастырылады. Музей қоры 1986-1988 жылдары жергілікті өлкетанушы М.Төрегелдиннің бастамасымен Жезқазған тарихи-археологиялық музейінің ғылыми-зерттеу бөлімі болып ашылған кезеңінен жинақтала бастаған.Экспозиция тұжырымдамасы жалпы тарихи дәуірлер шеңберінде халқымыздың ата к…
