Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Ақтауда каналдан бойжеткен қыздың мәйіті табылды

2 шілдеде сағат 08:00 шамасында 102 кезекші пультіне әйелдің мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Ақтау қаласындағы су жинау каналында, көпір маңында адамның мәйіті жатыр деген шақырту келіп түсті. Оқиға орнынан 21 жастағы қыздың мәйіті табылды, денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ ", - дейді ведомство.

Қылмыстық кодекстің 105-бабы ""Өзін өзі өлтіруге дейін жеткізу" бойынша сараптама жасалып, тергеу басталды.

0
0
241

Қазақстанның батысында электр энергиясы бойынша қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін

Бүгін Қазақстанның батысында электр энергиясы бойынша қосымша шектеулер енгізілуі мүмкін. Бұл туралы KEGOC компаниясының басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев мәлімдеді.Оның айтуынша, таңғы сағат 9-дағы жағдай бойынша Атырау энергия торабында шектеулер жоқ. Маңғыстау энергия торабы бойынша өнеркәсіптік тұтынушылар үшін 65 мегаватт көлемінде шектеу бар."Бұл шектеулер электр энергиясының тапшылығымен байланысты. Өйткені жылу станциясында қуаты 140 мегаватт 1 блогы әлі іске қосылған жоқ, өтінім – жұма сағат бірге дейін. Сондай-ақ қуаты 220 мегаватт ""Karabatan Utility Solutions" ГТС-те 40 сағатқа санкциялық бұғат қосылу салдарынан генерация толығымен жоғалған. Өтініш ертең сағат 12.00-ге дейін", - деді Молдабаев үкімет отырысында.Ол бүгін республиканың батысында электр энергиясы бойынша шектеуле…

0
0
248

Жетісу облысында құны 7 млн теңгеден асатын заңсыз темекі өнімдері тәркіленді

Жетісу облысында заңсыз темекі өнімдері салынған 10 мыңнан астам қорап тәркіленді.

Депаратменттің мәліметінше, бақылау-есепке алу маркалары жоқ акцизделетін (темекі) өнімдерін тасымалдады деген күдікке ілінген азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

"Жүк көлігін тексеру барысында жалпы құны 7 млн теңгеден асатын 10 мыңнан астам қорапты құрайтын тіркеу және бақылау белгілері жоқ темекі өнімдері табылып, тәркіленді", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта темекінің шығу тегі анықталуда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр.

0
0
192

Украина екі қазақстандық компанияға қарсы санкция енгізді

Украина 300-ге жуық кәсіпорын мен ұйымға қатысты санкция енгізді. Соның ішінде екі қазақстандық компания да бар.Санкциялық тізімге 291 компания енген. Санкцияның мерзімі – 10 жыл. Ал екі қазақстандық компанияға қатысты шектеу шаралары бес жылға енгізіліп отыр. Олар - "ИТС-Астана" жауапкершілігі шектеулі серіктестік және "Тыныс" акционерлік қоғамы."ИТС-Астана" дәнекерлеу құрал-жабдықтарын жеткізумен айналысады және ресейлік "ИТС-Урал" компанияның Қазақстандағы ресми өкілі болып саналады."Тыныс" АҚ шығаратын өнімдер - полиэтилен құбырлары, автомобиль крандары мен мүгедектерге арналған арбалар. 2013 жылдан бастап кәсіпорында амуниция және қорғаныс құралдарын тігетін цех ашылды. Мемлекеттік тапсырыспен Қазақстанның күш құрылымдары үшін бронды кеудешелер, бронды жүйелер мен соққыға қарсы қалқа…

-1
1
1287

Мәдениет және спорт вице-министрі Оралда есеп беру кездесуін өткізді

Нұрғиса Дәуешовтың айтуынша, мәдениет пен спорт саласының дамуы көш ілгерілеп келеді. Белсенділік артқан. Дегенмен, ол ұлттық құндылықтарды, тарихи тұлғаларды насихаттайтын іс-шаралар көбірек ұйымдастырылса деген тілегін жеткізді."Алаш арыстары туралы туындылар, қойылымдар көбірек шықса, бұл тарих қойнауындағы зұлмат жылдар зардабын тартқан боздақтарға, қазақтың арда ұлдарына көрсетілген құрмет болмақ. Сондықтан жоспар құрғанда ұлттық маңызды іс-шаралар тізімінде осындай тапсырмалар болғаны жөн", – дейді Нұрғиса Мұратұлы."Неге осы жақтағы қазақ театрында Жаһанша туралы спектакль жасамасқа?.. Ол бүкіл Алаш мемлекетін құрған адам. Осындай мәселеге мән беріп, назар аудару керек. Спектакль тек көріп кететін нәрсе емес, ой салатын, тарихымызды тану үшін қажет дүние. Астанада "Алаш жауы" деген…

0
0
260

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары пайда болды

Қазақстанда мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары институты енгізілді, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.Әлеуметтік кодекстің күшіне енуімен мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларының мәртебесі, олардың негізгі ережелері, құқықтары мен міндеттері бекітілді.Қазақстан Республикасы бойынша әлеуметтік қорғаудың бас мемлекеттік инспекторы орталық мемлекеттік орган деңгейінде бекітіледі.Министрліктің еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті аумақтық департаменттерінің басшыларына өңірлер бойынша бас мемлекеттік әлеуметтік инспектор мәртебесі берілді. Әр өңірде әлеуметтік қорғаудың қатардағы мемлекеттік инспекторларының штаты бекітілді.Әлеуметтік қорғау мемлекеттік инспекторларының құзыретіне: мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, арнаулы әлеуметтік қы…

0
0
266

"AMANAT" партиясы Көксу аудандық филиалының төрағасы:Бейсенов Мәлік Аманбайұлы

Құрметті оқырмандар! Өздеріңіз білетіндей Астанада "AMANAT" партиясы атынан сайланған барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының республикалық форумы өтті. Форумға еліміздің барлық өңірлерінен екі мыңнан астам мәслихат депутаттары, сондай-ақ мәжілісмендер, қоғам қайраткерлері, партияның Саяси кеңесінің мүшелері, "Жастар Рухы" жастар қанатының белсенділері және басқалар жиналды. Форумға қатысушылар Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын іске асыру контексінде өңірлік дамудың өзекті мәселелерін, сондай-ақ мәслихаттардың өкілеттіктерін кеңейтуді талқылады. Өткен форумда еліміздің ғана емес,әрбір өңірдегі елеулі мәселелер көтеріліп, талқыланды.Көксу ауданында халықты толғандырып отырған барлық мәселелерді партиялық жобаларымыздың аясында шешуге күш салынатын болады.Көксу аудандық мәслихат депутат…

0
0
410

Қауынның құрамындағы пайдалы дәрумендер

Қауынның дәмінен бөлек, оның адам денсаулығына пайдалы тұсатры көп. Оның құрамында аскорбин қышқылы ,калий ,натрий ,фруктоза секілді дәрумендері бар. В дәрумені қант пен көмірсуларды өндіріп, бойыңызға қуат береді. Тарихқа сыр шертетін болсақ, қауынның отаны-көне Мысыр. Ежелгі заманда Египеттегі Ніл өзенінде қауынның алуан түрлі сұрыптары өсірілген. Соның нәтижесінде қауын бар әлемге таралып,адамзат оның жемісін көре бастады. Қауын -ыстыққа төзімді,күн көзін жақсы көретін өсімдік. Құрамындағы фолий қышқылы ,-анимияға таптырмас ем. Қауын- төмен калориялы жеміс түрі . Оның 500 грамм 30 калория. Демек қауынды тұтыну арқылы салмақтан арылуға болады. Артық салмақтан арылғысы келетін адамдарға қауынды тұтынуға кеңес беремін! Қауынның шырынын , ішек құрттарына қарсы ем ретінде пайдалануға болады…

0
0
329

Тұмар ханшайым туралы толғаныс

Әйгілі тұмар ханшайым (Томирис)туралы тарих пәнінен оның ерлігі мен өжеттілігіне қатты тамсанып тыңдайтынбыз. Тарих пәнінен естігенен кейін, тұмар ханшайымды өз көзіммен көруге асықтым. Бір күні "Томирис" тарихи фильмінің тұсаукесері өтіп,жарыққа шықты. Фильмді алғаш көрген сәтте бейне бір тарих қойнауына еніп,ерекше сезімге бөлендім.Сақ тайпаларының көшпелі өмір-салты,тұрмыс-тіршілігі суреттеліп,олардың әдет-ғұрыптарымен,наным-сенімдері көрсетіліп,өзгеше реңк береді. Бір ерекшелігі- кейіпкерлер парсы және түркі тілінде сөйлейді. Фильмде тұмар ханшайымның балалық шағында жақындарынан айырылып ,есейіп,бой жеткенде қуатты патшайымға айналғанға дейінгі тағдыры суреттеледі. Тарихқа сүйенетін болсақ, ел басқарған Томирис патшайым массагеттердің көсемі Спаргапистің қызы. Томиристің әкесі билікт…

0
0
541