Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Тоқаевтың тапсырмасы: Жалақыға 100% үстемеақы қосылады

Биыл 1 шілдеден бастап Қазақстанның табиғатты қорғау мекемелері қызметкерлерінің жалақысына 100% үстемеақы қосылады. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.Құжатта адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жұмыс үшін қосымша ақы белгілеу көзделген.Еңбек жағдайлары ерекше құрылымдардың қатарына жануарлар дүниесін қорғау, орманды қорғау және қалпына келтіру, мемлекеттік орман қорғау және т.б. мамандандырылған ұйымдар жатады.Енді қызметкерлердің орташа жалақысы атқаратын қызметі мен жұмыс өтіліне байланысты 101 мыңнан 320 мың теңгеге дейін ұлғаяды.Жалпы, осы салада 12 876 қызметкердің жалақысы көтеріледі. Бұл шара білікті кадрлардың тұрақтап қалуына және жалпы жұмыстың тартымдылығын арттыруға мүмкіндік береді.Айта кетейік, Абай облысында орман өртеніп, 15 адам қаза тапқаннан кейі…

0
0
201

«Оңаша жерге апарып...» – аула сыпырушы балабақшадағы балаларға азғындық көрсеткен

AstanaTV-ның хабарлауынша, бұл мәселені заңгер Айман Омарова әлуметтік желідегі парақшасында жазды. Ер адам балабақшада аула сыпырушы және бағбан болып жұмыс істейді. Ол балаларды оңаша жерге алып барып, азғындық көрсеткен. Мұны балалардың ата-анасы біліп, дабыл қаққан. Заңгердің деректеріне сәйкес, бес жасқа дейінгі алты бала осы жайттың құрбан болғаны анықталды. Қалалық полиция департаменті бұған қатысты мәлімдеме жасады.Алматы қаласы ПД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек: «Алматы қалалық полиция Департаменті қылмыстық істі Бостандық аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 124-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркеп, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның объективті мән-жайын тергеу анықтайды. Нәтижесінде, қылмыстық іс бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Сотқа дейінгі тергеу барысын басшылық бақылауғ…

0
0
226

Астана тұрғындары уәде етілген пәтерлерін ала алмай жүр

Елорда тұрғынының айуынша, Мәңгілік Ел даңғылының бойында салынып жатқан R-Club тұрғын үй кешеніндегі пәтері 2022 жылы тапсырылуы керек болған. Осы уақыт ішінде пәтері мен көлігін сатып, оның құрылысына жалпы сомасы 53 миллион теңге құйған. Бүгінде әйел тұрғын үйді жалға алып, әлі алмаған шаршы бөлігін ипотекалық несиемен төлеп отыр.

"Үй премиум класс болуы керек еді, бірақ қазір бізде жағдай жоқ. Осы уақытқа дейін жалған директорлар бізді уәделерімен тойғызып келді. Ал негізгі басшылары, қауесеттерге сенсек, ақшаларды алып Францияға қашып кеткен. Осы жылдың наурыз айында полицияға арыз жаздық, қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Олар тұрғын үйді рұқсатсыз салып, бізге жалған құжаттар көрсеткен", - деді елорда тұрғыны Гүлмира Қатубекова.

0
0
231

Жастар кеңесі өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы жанындағы жастарды қолдау бойынша облыстық Кеңес отырысы өтті. Кеңес төрағасы Ұлытау облыстық мәслихат депутаты Еркебұлан Молдашов жиынды ашып, жүргізді. Аталмыш іс-шараға облыстық, қалалық мәслихат депутаттары, қоғам белсенділері және жастар саясаты мәселесі төңірегінде еңбек етіп жүрген азаматтар, жалпы 11 адам қатысты. Күн тәртібінде «Жастар бастамалары үшін гранттық қаржыландыруды бөлудің тиімділігі туралы» мәселесі көтерілді. Бұл сұрақ бойынша кеңес мүшесі Ақансері Сүлейменов баяндама оқыды. Қазіргі таңда облысымызда өз ісін ашып, кәсіп дөңгелетемін деген 18 бен 35 жас аралығындағы жастар үшін түрлі бағдарламар және гранттар берілуде. Бірақ, сол грант берілгеннен кейін, ол істің ары қарайғы жұмысы ұалай жүруде, оны бақылайтын орган бар ма? Осы сынды сұрақтар о…

0
0
247

4 депутат шекара әскерінде қызмет етіп жатыр

Олар екі апта бойы шекарашыларды дайындау ерекшеліктерін, қызмет ету жағдайы, дала мен казарма тіршілігін тексереді. ҰҚК шекара қызметі өкілдерінің шынайы өмір жағдайын көріп, сонда оқу туралы бастаманы Максим Рожин, Олжас Құспеков, Болат Керімбек және Самат Нұртаза көтерген. Зерттеу аяқталғаннан кейін олар өз ұсыныстарын мәжіліс отырысына ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.

0
0
294

Алматыда балабақшада бүлдіршіндерді азғырды деген күдікпен аула сыпырушы ұсталды

Алматыдағы "Солнышко" балабақшасында аула сыпырушы ер адам бүлдіршіндерді азғырған. Балалардың құқын қорғап жүрген адвокат Айман Омаровамен тілдесіп, оқиғаның қалай болғанын білді.Айман Омарованың айтуынша, ата-аналар бір сұмдықты сезіп, бір-бірімен ақылдасқан. Сөйтіп балаларынан ақырындап сұрай бастаған."Балабақшаға 4, 5, 6 жастағы балалар барады. Ата-аналар бәрін кейін білген. Балаларынан сұраса,"біздің құпиямыз бар, ешкімге айтпауымыз керек" деген. Жаңағы кісі балабақшада жұмыс істейді екен. Балалардыңбірі "бақшада жұмыс істейді"деген, бірі "аула сыпырушы" деген", - дейді адвокат Айман Омарова.Балалардың барлығы оқиғаны бірдей етіп сипаттап берген."Балалардың айтуынша, кішкентай үйшікбар екен. Сол жерге балаларды апарып, іш киімін шешкізген. Ер адам өзі де іш киімін шешкен. Бір кішкент…

0
0
259

Африкалық диқан Қазақстанда "тәтті картоп" өсіріп жатыр

Африкалық азамат Қазақстанда баламасы жоқ ерекше көкөніс өсіріп жатыр.Тиедиугу Кулибали – Мали елінің азаматы. 1987 жылы білім іздеп Орта Азияға келген. Содан бері Қазақстанда еңбек етеді. Оның айтуынша, Африкада наннан кейінгі тағам саналатын батат біздегі картопқа ұқсайды. Пісірілу тәсіліне байланысты дәмі де өзгеріп отыратын көкөністен сорпа, ботқа мен суфле жасауға болады."Неге осы істі жолға қойып, бизнес көзіне айналдырмасқа деп ойладым. Өйткені қазақстандықтар бататты Қытай мен Үндістаннан қымбат бағаға сатып алады екен. Ал оның пайдасы көп. Тропиктік өсімдік болғанымен, жақсы жағдай жасалса климаты қоңыржай аймақта да өсіруге болады", – дейді шаруа Кулибали.Тиедиугу өсіріп жүрген көкөніске құнарлы топырақ пен су болса жеткілікті. Бататтың өзі химиялық қоспаға төзімсіз келеді, ол –…

0
0
276

Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Жамбыл облысының Аспара станциясындағы жүк вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, 17 шілде сағат 01:05-те Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында жүк вагондары жолдан шығып кеткен.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Аталған жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр", - делінген компания хабарламасында.

Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында арнайы комиссиясы құрылды.

0
0
269

"Ұтқан көлігімді 200 мыңға әрең саттым": мамандар ат спорты қалай дамып жатқанын айтты

Ұлттық спорт түрі – ат бәйгесіндеделебесі қозбайтын қазақ жоқ. Еліміздегіат спортының, әсіресе бәйгенің қазіргі ахуалы қандай?Қазақтың ат спортын кезінде айтыс өнерінің майталмандары басқарған."Ат спорты біраз жыл кенже қалды. Ішінара үлкен жарыстар болып тұрғанымен, қазіргідей жақсы дамыған жоқ", - дейді "Бәйге федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Жомарт Сайболатов.Жомарт Құмарқанұлы 2007 жылы Дубай қаласына барып, кездейсоқ ат бәйгесін тамашалайды."Арабтардың ұшқыр бәйгесін көріп, қаттытаңғалдым. Бұл бәйгеге әлемнің ең жүйрік аттары қатысадыекен. Бұл жарыста сәйгүліктер әртүрлі қашықтыққа –1000 метр, 2000-3000 метрге ғана шабады. Бұл жарысқа қатысу үшін 3 кезең жарысқа қатысып, содан үздік шығу керек, сонда ғана ұшқыр бәйгенің ақтық кезеңіне шыға алады", - д…

0
0
256

Алматыда әскери-техникалық мектепте тегін оқуға болады – қабылдау басталды

Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Алматы филиалында тегін оқуға қабылдау басталдыФилиалда Қарулы күштерді жасақтау қажеттілігіне қарай әскери жүргізушілерді даярлау жоспарланған. Оқу мерзімі – үш ай. Мектеп түлектері "В", "С" және "С1" санатындағы жүргізуші куәлігін алып шығады."Заң бойынша "С" санаты бойынша автокөлік құралын жүргізу құқығы 21 жастағыларға ғана беріледі. Ал жергілікті әскери басқару органының жолдамасы бойынша біздің мектепті бітірген жастарға мұндай мүмкіндік 18 жасында беріледі", – дейді филиал директоры, полковник Мирас Жылгелдин.Оқу кезеңінде курсанттар мемлекет есебінен тұрғылықты жермен, тамақпен және киім-кешекпен қамтамасыз етіледі.Биылғы 60-тан астам адам білім алады. Осылайша, Қарулы күштер қызметке дайындалған әскери-техникалық бейіндегі маманд…

0
0
264