Астана тұрғындары уәде етілген пәтерлерін ала алмай жүр

Елорда тұрғынының айуынша, Мәңгілік Ел даңғылының бойында салынып жатқан R-Club тұрғын үй кешеніндегі пәтері 2022 жылы тапсырылуы керек болған. Осы уақыт ішінде пәтері мен көлігін сатып, оның құрылысына жалпы сомасы 53 миллион теңге құйған. Бүгінде әйел тұрғын үйді жалға алып, әлі алмаған шаршы бөлігін ипотекалық несиемен төлеп отыр.
"Үй премиум класс болуы керек еді, бірақ қазір бізде жағдай жоқ. Осы уақытқа дейін жалған директорлар бізді уәделерімен тойғызып келді. Ал негізгі басшылары, қауесеттерге сенсек, ақшаларды алып Францияға қашып кеткен. Осы жылдың наурыз айында полицияға арыз жаздық, қазір қылмыстық іс қозғалып жатыр. Олар тұрғын үйді рұқсатсыз салып, бізге жалған құжаттар көрсеткен", - деді елорда тұрғыны Гүлмира Қатубекова.
