Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Жамбыл облысының Аспара станциясындағы жүк вагондары жолдан шығып кетті, деп хабарлайды Қазақстан темір жолы компаниясының баспасөз қызметі.

Компанияның мәліметінше, 17 шілде сағат 01:05-те Түрксіб-Шу учаскесінің Аспара станциясында жүк вагондары жолдан шығып кеткен.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Аталған жағдай жолаушылар пойыздарының жүру кестесіне әсер етті. Барлық пойыз ауыз сумен қамтамасыз етілген, вагон-мейрамханалар жұмыс істеп тұр", - делінген компания хабарламасында.

Болған жағдайдың себептерін анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясында арнайы комиссиясы құрылды.

0
0
267

Осы тақырып бойынша

Жамбыл облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті - Yvision.kz