Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Атырау облысында жантүршігерлік жол апатынан 7 адам көз жұмды

16 шілде күні сағат 15:00 шамасында Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 82-шақырым тұсында "Chevrolet Cobalt" маркалы автокөлік қарсы бағытта келе жатқан Toyota Ipsum автокөлігіне соқтығысқан.

Салдарынан Chevrolet Cobalt көлігінің жүргізушісі мен 4 жолаушысы, Toyota Ipsum көлігінің жүргізушісі мен 1 жолаушысы оқиға орнында қаза тауып, түрлі дене жарақатын алған 2 жолаушысы Жылыой аудандық ауруханаға жеткізілді.

"Аталған екі автокөліктің жүргізушілері бұрын бірнеше рет көлік жылдамдығын шамадан тыс арттырғаны үшін жауапқа тартылғаны анықталды", - деді Атырау облысы полиция департаменті жанындағы патрульдік ротасының командирі полиция капитаны Әділбек Шахметов.

0
0
266

Денсаулық сақтау министрлігі дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты

Денсаулық сақтау министрлігі үлкен функционалдылық пен қолжетімділікті ескере отырып, медициналық алғашқы көмек көрсету үшін дәрі-дәрмек қобдишасының құрамын жаңартты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Түркия, Германия, АҚШ, Оңтүстік Корея және басқа елдердің халықаралық тәжірибесі ескеріле отырып, дәрі-дәрмек қобдишасының құрамына мыналар енгізлді: дәке таңғыштар (стерилді және стерилді емес), эластикалық бинттер, таңғыш пакет, медициналық бұласыр, доғал қайшы, металл, өкпені жасанды желдетуге арналған қалта маскасы,таңуға арналған касынка-бандаж, құтқару көрпесі, бір реттік мұз пакеті, ысқырық, шам, дәрі-дәрмек қобдишасына арналған футляр, блокнот, қарындаш, дымқыл майлықтар (антисептикалық), қолғаптар, шендеуіштер және зардап шеккен адамға медициналық алғашқы көмек көрсету бо…

0
0
267

Мәйітті дәретхана шұңқырына тастаған: 19 жыл бұрынғы қылмысқа қатысты сот басталды

Шымкент қаласында 19 жыл бұрын жасалған қылмыс бойынша сот отырысы басталды. Күдіктілердің бірі биыл наурыз айында ұсталды.Сот материалына сәйкес, 2004 жылы Ринат Ғазизов досы Юраға көмектесуге келіскен. Юра оған жездесі әпкесін ұрып-соғатынын, онымен қоймай өзінің қызына тиіскенін айтқан.Ринат мылтық тауып береді. Ал Юра ішімдік ішіп алып, отырыс ұйымдастырған. Жездесін де шақырады. Сол кезде Ринат оған екі рет оқ атқан. Жәбірленуші сол жерде қайтыс болды. Екі дос барлық айғақты өртеп, мәйітті даладағы дәретхана шұңқырына тастаған. Үстіне құрылыс қоқыстарын үйіп қойған. Сосын көрші елге қашып кетеді. Ол кезде Ринат 22 жаста, ал Юра 16 жаста болды.Сот отырысы кезінде Ринат Ғазизов өз кінәсін мойындаған жоқ. Мылтықты қаңырап тұрған үйдің ішінен таптым деді. Ал Юра оқ атқан."Мен кінәлі емес…

0
0
237

Тоқаев Корея президентіне көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Корея Республикасының президенті Юн Сок Ёльге көңіл айту жеделхатын жолдады."Табиғат апаты салдарынан болған орны толмас қайғыға ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтамын. Зардап шеккен жандардың тез арада сауығуын, із-түссіз жоғалған азаматтардың отбасыларына оралуын тілеймін", – деп жазылған жеделхатта.Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда нөсер жауын салдарынан 32 адам қаза тапты, тағы 10 адам із-түзсіз жоғалған.Ауа райының қолайсыздығына байланысты 211 жол, сондай-ақ 20 ұлттық саябақта жаяу жүргіншіле…

0
0
237

Шегіртке Маңғыстауға жетті

Маңғыстау облысының тұрғындары қаптап кеткен шегірткені видеоға түсіріп алды. Жергілікті инспекция қауіп жоқ екенін мәлімдеді.Көлік жүргізушілері қаптаған шегірткені Құрық ауылы мен Ақтауға жақын жерде түсіріп алған. Ауыл шаруашылығы министрлігінің жергілікті инспекциясы шегірткенің Маңғыстау облысына жеткенін растады.Фитосанитарлық диагностика мен болжам жасау республикалық орталығы да көшпелі (азиялық) шегірткені тіркеді. Ал мониторинг кезінде бұл жәндіктің 50,3 гектарға тарағаны анықталды. Осыған байланысты фитосанитарлық өңдеу шаралары жүргізіледі."Қауіп жоқ. Фермерлер мен ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер тарапынан арыз-шағым түскен жоқ", - дейді мамандар.Айта кетері, бұған дейін Ақтөбе облысында 670 мың гектар жерге шегіртке жайылған. Сол кезде мамандар шегірткенің екі түрі - итал…

0
0
294

Шымкентте зәулім коттедж отқа оранды

Шымкент қаласында құрылысы бітпеген екі қабатты тұрғын үйдің шатыры отқа оранды, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

15 шілде күні сағат 15:45-те өрт сөндіру қызметіне Тұран ауданындағы Қазыбек би көшесінде құрылысы бітпеген тұрғын үйдің шатыры жанып жатқаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына 13 көлік пен 47 адам жіберілді. Шатырдағы өрт екі сағаттың ішінде оқшауланды. Ал бір сағаттан кейін толығымен сөндірілді.

Қазіргі кезде өрттің шығу себептері анықталып жатыр. Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

0
0
241

Депутат Дәулет Мұқаев қазақстандықтарды баспаналы етудің жолдарын ұсынды

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларына өзгеріс енгізуді ұсынды. Айтуынша, қолданыстағы бағдарламалар қарапайым халыққа қолжетімсіз.Мәжілісмен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жолдаған депутаттық сауалында баспанасыз жүрген қазақстандықтардың проблемасын көтерді."Халқымыздың "Ұлы дала квартиранттары" атанғаны жанға қатты батады. Анығын айтқанда, үйсіз-күйсіз жүрген қазақстандықтарды қолжетімді және сапалы баспанамен қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарламалар қолжетімді болмай отыр. Бүгінгі таңда тұрғын үй бағытындағы мемлекеттік бағдарламалар халықтың сұранысын қанағаттандырмай отыр", - дейді Мұқаев.Осы орайда депутат ел арасынан жиналған мәліметтер мен сұраныстар нәтижесі бойынша үкіметке бірқатар ұсыныс жолдады.Көпбалалы отбасылар бір бө…

0
0
246

"Ұмай" әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды

"Ұмай" әйелдер ипотекасына өтініш қабылдау басталды, деп хабарлады "Отбасы банк".

Биыл үшінші траншқа 15,6 млрд теңге бөлінді. Кредиттің 40 пайызы Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларына тұрғын үй сатып алуға бөлінеді, бұл шамамен 200 кредит.

Ал кредиттің 60 пайызы облыстар мен басқа қалалардан тұрғын үй сатып алуға беріледі. Бұл шешім облыста тұратын әйелдерді қолдау үшін қабылданды.

Бағдарламаның шарты қандай?

Мөлшерлеме 14.4% (жылдық тиімді мөлшерлеме 15,4%-дан), одан кейін 3,5% - 5%-ға (жылдық тиімді мөлшерлеме 3,6% - дан) дейін төмендейді. Ал бастапқы жарна 15-тен 20%-ға дейін. Тұрғын үйдің максималды құны – 30 млн теңге.

0
0
278

"Ұмай" ипотекасы бойынша қайтадан өтінім қабылданады

Биыл "Ұмай" ипотекасына 15,6 млрд теңге бөлінген болатын.10 мамырда басталған әйелдерге арналған бағдарлама үлкен дүрбелең тудырды. Сол күні түске дейін 1000-нан астам өтінім түсіп, лимит аяқталған болатын.Бірақ бағдарлама шарттарына сәйкес, үміткер төлем қабілеттілігін растап, бір айдың ішіне баспана табуы тиіс. Үйді бағалау құжатын да алуы керек. Кейбіреулер үлгермей, пәтер сатып алудан бас тартады."Клиенттердің бір бөлігінің ипотекадан бас тартуы себебінен банкте шамамен 6 млрд теңге резерв пайда болды, ол жаңа өтінімдерді қаржыландыруға бағытталатын болады. Бұл дегеніміз, шамамен 400-450 әйелге өз баспанасын тауып, қоныс тойын тойлауға мүмкіндік туды!", - дейді банк мамандары.19 шілдеде Отбасы банкі өтініштерді қайта қабылдауды бастайды.Оны банктің кез келген бөлімшесінде беруге болад…

0
0
232

Таиландта қайтыс болған екі қазақстандықтың денесі бірнеше күнде елге жеткізіледі.

Таиландта қайтыс болған екі қазақстандықтың денесі жақын арада елге жеткізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.1 маусымда Артур Ысқақов шектеу шараларына қарамай, жағажайда суға түскен.Бейресми ақпаратқа сәйкес, ол суға батып бара жатқан қызын құтқаруға тырысқан. Бірақ өзі қатты толқынға төтеп бере алмай, суға батып кете жаздады. Оны шұғыл аурухана жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызды. Кеше кешкісін Артурдың жүрегі тоқтап қалды."Бұл соңғы бір аптада болған екінші жағдай, 3 маусымда тура сол жерде тағы бір қазақстандық қайтыс болды. Ол да шектеулерге қарамай, суға түскен. Оны да қатты толқын алып кетті. Қазіргі кезде консул туыстарына қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесіп жатыр. Жақын арада екеуінің денесі Қазақстанға жеткізіледі", - деді…

0
0
224