4 депутат шекара әскерінде қызмет етіп жатыр

Олар екі апта бойы шекарашыларды дайындау ерекшеліктерін, қызмет ету жағдайы, дала мен казарма тіршілігін тексереді. ҰҚК шекара қызметі өкілдерінің шынайы өмір жағдайын көріп, сонда оқу туралы бастаманы Максим Рожин, Олжас Құспеков, Болат Керімбек және Самат Нұртаза көтерген. Зерттеу аяқталғаннан кейін олар өз ұсыныстарын мәжіліс отырысына ұсынуды жоспарлап отыр, деп хабарлады мәжілістің баспасөз қызметі.
