Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«ПАРЫЗ» Телехикая («Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, 2012 ж.)

«Қазақстан» Ұлттық арнасында азаматтық міндет, қасиетті борыш, қастерлі ұғымды өмірлік қағида еткен жандардың қандықол қылмыс әлемімен аяусыз күресін арқау еткен шытырман оқиғалар топтамасының соңғы хикаялары!

0
0
982

Шығыс аймақ қуатты өндіріс кластеріне айналмақ

Еліміздің шығыс аймағы түсті металлургия, ядролық технологияларды зерттеу және энергетика саласының негізгі орталығы болып табылады. Бұл аймақтағы өнеркәсіп өндірісі жалпыреспубликалық көрсеткіштен әлдеқайда жоғары: мұнда ол 123,9 пайызды құраса, Павлодар облысында 103,4 пайызға дейін артқан. 2012 жылдың қаңтар және мамыр айларының аралығында Шығыс Қазақстан өңіріндегі өңдеуші өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 313 миллиард 425 миллион теңге деңгейінде, ал, Павлодар облысында бұл көрсеткіш 273 миллиард 399 миллион теңгеге дейін жетті. Осының нәтижесінде, тек өткен жылы жалпы республика бойынша еңбек өнімділігі 106,7 пайызға дейін көтерілді. Бұл тұрғыда, айтарлықтай өсім Павлодар облысында байқалды: мұндағы еңбек өнімділігі 2011 жылы 142 пайызды құраған. Өткен 2,5 жыл ішінде еліміздің шығы…

0
0
757

Қазақстан индустриялық даму жолында оң белестерді бағындыруда

2012 жылы Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан-2020» стратегиялық жоспарын қабылдады. Оның алғашқы 5 жылдық кезеңінде индустрияландырудың жеделдетілген инновациялық мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жолдары қамтылған. Бұл тұрғыдан келсек, елімізде өткен екі жарым жыл ішінде экономикалық құрылымының өзгеруіне септігін тигізген 443 жаңа өндіріс ошақтары ашылған, бұрын-соңды Қазақстанда өндірілмеген жаңа өнімдер шығарыла бастаған. Демек, жаңа сипаттағы индустрияландыру бағдарламасы өнеркәсіптің басты салаларының қарқын алуына тиімді жағдай тудырды. Жалпы есепте, алдағы бес жылға бағдарланған бағдарлама индикаторлары мерзімінен бұрын орындалып келеді. Мәселен, машинажасау саласындағы жалпы үстеме құн 169,4 пайызға, ал, өндіріс көлемі 300 миллиардтан 500 миллиард теңгеге дейін өскен.…

0
0
1352

Оңтүстік өңір тың қарқынмен қарыштай бермек

Оңтүстік аймақ еліміздің аграрлы-индустриалды орталығы. Елдің шағын және орта бизнес субъектілерінің 40 пайызы осы өңірге тиесілі. Өткен екі жарым жыл ішінде аймақта құны 700,5 миллиард теңгенің 123 жобасы іске асып, 38 мың жұмыс орны ашылған. Оңтүстік өңір болашақта еліміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепіліне, сондай-ақ, химиялық, машинажасау, туризм және энергетика қуаттылығы шоғырланған орталыққа айналады.

0
0
275

Маңызды мегажобалар ел экономикасын өрістетеді

Елімізде жүзеге асырылып жатқан жеделдетілген индустриалды-инновациялық даму локомотивтерінің міндеттерін маңызды мегажобалар атқармақ. Алғашқы 5 жылдықта елімізде 18 халықтық құрылыс өз жұмысын бастап та кетті. Оның ішінде, Шығыс Қазақстандағы титан құймалары мен қорытпаларын өндіру зауыты, Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты, «Жетіген-Қорғас» және «Өзен-Түркіменстан» мемлекеттік шекара теміржолдар желісі тәрізді жобалар қазірдің өзінде-ақ жүзеге асырылып, іске қосылған. Алдағы межеде 11 ірі халықтық құрылысты қолға алып, жүзеге асыру жоспарда бар. Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында салынып жатқан шипажайлар жылына 3 миллионға жуық туристі қабылдауға қауқарлы Қазақстандағы негізгі туристік орталықтарға айналмақ. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевт…

0
0
378

«Жаужүрек Мың Бала» - 4 и 6 июля на "Хабаре"!

Всем привет! На прошлой неделе мы объявили о показе на телеканале «Хабар» исторической драмы отечественного режиссёра Акана Сатаева в праздничные дни, мы получили массу позитивных телефонных звонков и писем по электронной почте, реплаев и перепостов в социальных сетях. Мы еще раз убедились, что это кино вы будете ждать особым трепетом! Но также в ваших обращениях звучали нотки сожаления, что 6 июля у многих казахстанцев не будет возможности посмотреть известную кинокартину, в силу разных причин – кто-то планирует провести этот день на праздничных мероприятиях (а их в республике 6 июля будет немало!), а кто-то уедет отдыхать за город и т.д. Проанализировав ситуацию, Агентство «Хабар» приняло решение о переносе премьерного показа «Жаужүрек Мың Бала» на русском языке – на 4 июля в 22.00. В б…

0
0
482

«Жаужүрек мың бала» фильмі Ұлттық арнада

Отандық кино туындыларының ішінде соңғы уақытта жарық көріп, қалың көрерменнің ыстық ықыласына бөленген режиссер Ақан Сатаевтың «Жаужүрек мың бала» атты тарихи драмасы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан 5 шілде күні, түнгі сағат 22.05-те көрсетіледі. Теледидар әлемінде тұңғыш рет тұсауы кесілгелі отырған бұл премьералық көрсетілім Астана күніне орай Ұлттық арнаның көрермендерге жасаған тартуы болмақ.

Естеріңізге сала кетейік, «Жау жүрек мың бала» фильмі еліміздің кинотеатрларына прокатқа биылғы жылдың мамыр айының 3-де шықты. Жаңа туынды екі апта көрсетілім ішінде 2 миллион доллар жинап, отандық кинотуындылар ішінде кассалық кірістен рекорд орнатты. 17 мамырда бұл фильм Францияда өткен 65-ші Канн кинофестивалінде шетелдік мамандардың назарына ұсынылып, жоғары бағаға ие болды.
0
0
398