Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

"Жаужүрек Мың Бала" 6 июля на телеканале «Хабар»!

Историческая драма "Жаужүрек Мың Бала" отечественного режиссера Акана Сатаева, которая не так давно прошла в казахстанских кинотеатрах, будет показана 6 июля в 22.30. на телеканале «Хабар». Этот премьерный показ станет праздничным сюрпризом ко Дню Астаны, так как впервые телевизионная трансляция полнометражной картины выходит на экраны почти сразу после проката. Напомним, что премьера картины "Жаужүрек Мың Бала" состоялась 2 мая и именно этот фильм побил рекорды кассовых сборов, заработав по всей республике в первый уик-энд проката около $1 млн. Многие казахстанцы дважды, а то и трижды смотрели фильм в кинотеатрах. Теперь возможность увидеть историческую картину, не уступающую голливудским блокбастерам, есть у всех жителей Казахстана. Эксперты киноиндустрии и шоу-бизнеса сходятся во мнени…

«Елім менің»

«Қазақстан» Ұлттық арнасында еліміздің тарихына арналған «Елім менің» атты жаңа патриоттық - ойын-сауық хабары эфирге шықты. Бағдарлама телеойыннан тұрады, оған екі команда қатысып, Қазақстан тарихынан білім сайысына түседі. Жаңа бағдарламаны жіберіп алмаңыз.

0
0
633

«Сіз танитын...».

«Қазақстан» Ұлттық арнасында тұсаукесер! Тележүргізуші Гүлмира Дайрабай сіз танитын тұлғаның осыған дейін беймәлім болып келген құпияларын ашады. Әр жексенбі сайын «Сіз танитын...» бағдарламасын

0
0
247

«Қазақтың қолөнері».

Бұл хабар халқымыздың ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, өшпес мұра болып келе жатқан асыл қазынасы -- бай қолөнерін, оның ішінде: тоқыма, сырмақ сыру, ағаш бұйымдарын әрлеу, ісмерлік, ұсталық сынды өнерін насихаттайды.
Category:

0
0
372

«Парыз» («Қазақстан» Ұлттық арнасы, 2012).

«Қазақстан» Ұлттық арнасының төл туындысы! Жас режиссер Жасұлан Пошановтың азаматтық міндет, қасиетті борыш, қастерлі ұғымды өмірлік қағида еткен жандардың қандықол қылмыс әлемімен аяусыз күресін арқау еткен шытырман оқиғалар топтамасы.

0
0
356

Облыстарда Жеңістің 67 жылдығы кеңінен аталды

Кешегі соғыста жеңіс үшін қолдарына қару алып, майданның алдыңғы шебінде қанқұйлы жаумен шайқасқан соғыс ардагерлеріне көрсетілер құрмет айрықша. Ұлы Жеңістің 67 жылдығын аймақтарда кеңінен атап өтті. Майдангерлер қалың бұқарамен мәңгілік алаудың басында соғыста құрбан болған батырларды еске алып, жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Сұрапыл соғыс жылдары қанды майданға 73 мыңнан аса адам аттанды қостанай өңірінен. Оның 38 мыңға жуығы еліне оралмай, шайқастың бел ортасында қаза тапты. Қазір бұл облыста көзі тірі 673 Ұлы Отан соғысының ардагері қалған. Бүгін оларды жерлестері ұлықтап, құрмет көрсетті. Қасымхан Алдабергенов, соғыс ардагері: Бәрі де қақ жарылып, жолда тұрып, жол беріп, құттықтап, гүл ұсынып, айқайлап, тіпті кейбіреулері көзіне жас алып жатқанын байқадым, мен. А…

0
0
362

Елбасы ардагерлерді мерекемен құттықтады

«Отансыз адам - ормансыз бұлбұл». Ал, сол Отанды қалай қорғау керектігін білсек, онда болашағымыз бекем болады». Бүгін Астанада 9-мамыр мерекесіне орай, «Отан қорғаушылар» ескерткішіне гүл шоғын қойған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді. «Бұдан 67 жыл бұрын келген Жеңіс миллиондаған адамның ерен ерлігі мен қайтпас қайсарлығының арқасында жетті. Ендеше, оны қастер тұтып, есте сақтау бүгінгі және келер ұрпақтың қасиетті борышы. Кешегі бозбала, бүгінгі қария ардагерлер ұдайы мемлекет назарында»,- деді Президент. Бүгінде олар шинель орнына ақ шапан киді, қару орнына орден-медаль тағынды, әскери әнді бейбіт күннің әнұранына ауыстырды. Қатары сиреп бара жатқан қарттар қазір бейбіт елде қаз-қатар тұрып, тізілді. «Аспаның ашық болсын!» деген ақ батаны соғыс қасіретін көрген қариялар…

0
4
611

Бала – бауыр етің

«Еңкейген қарияларымыз аман болсын» деген тілекпен еңбектеген балалардың мәселесіне ойыссақ. «Көкек ана», «тасбауыр әке», тумысынан тірі жетім атанған «бейбақ сәби» мәселесі бүгінгі біздің қоғамның сыздаған бір жарасы. БАҚ осы мәселені жиі-жиі көтеріп, талқыға салған сайын, сол жара жазылмақ түгіл, асқынып барады. Бельгия секілді кейбір елдерде жетімдер үйі жоқ деседі. Ал бізде перзентханалардан гөрі, жетімдер үйі көбірек. Қазақстанда қазір 154 балалар үйі бар. Ал жетімдер саны 94 мыңнан асады. Көкейді шерге бөлеп, шымбайға шоқ тастайтыны сол - шерменде балғындардың көбі өзіміздің қаракөздер. Жесірін қаңғытпаған, жетімін жылатпаған ел едік, мұны да көрдік. Тасбауыр қоғам, тастанды сәбиді қажет етпеген соң Батыс Еуропа, АҚШ-тан қамқоршы әке-шеше табылып жатыр оларға. Жиырма жылда 8 мың бал…

0
0
2593

Қазақтың қара шалдары-ай…

Бүгінгі Отан қорғап жүрген әскерилер - кешегі ардагерлердің ұлдары мен немерелері. Яғни, жеңіскер ұлттың ұландары. Олардың сапы күн санап жастармен толығып жатса, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде от кешкен қариялардың қатары сиреп барады. Бұрынырақта 9-мамыр күні омырауларын орденге толтырып, сапқа тұрған сарбаздай ардагерлеріміз мерекелік алаңға бет алғанда айбарлы көрінуші еді сырт көзге. Бүгінде азайып қалды, көңілің құлазиды. 10 мыңға да жетер-жетпес ардагеріміз бар. Мұқағали ақынша айтсақ, «бара жатыр сарқылып дариялар, бара жатыр азайып қариялар». Жаһандық соғыс қаһармандары жаумен жағаласқандай, кәрілікпен алысып жүр осы күні. Арасында денсаулығын күтіп-баптап, сол кәрілікке дес бермей тұрған тарландар қаншама. Жүгіру төзімділік пен табандылықты талап етеді. Спорттың бұл түрі Кеңе…

0
1
666

Отандық өнім үлесі артсын

«Қарашығанақ кен орнын игеруші «Қарашығанақ Петролеум Оперейшн» компаниясы түрлі байқаулар мен тендерлер туралы алдын ала жария ақпарат бермейді, берсе де орындалмас орынсыз талаптармен төңірегіне қамал тұрғызады. Нәтижесінде қазақ кәсіпкерінің қолынан келетін жұмыстарды мұхит асып келгендер атқарып жүр». Осылай деген отандық кәсіпорындар мен әлеуетті жеткізушілердің аталмыш консорциумға өкпесі қара қазандай. Бұл мәселе бүгін «Самұрық Қазына» АҚ-ның басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен кен орнында өткен кеңесте талқыланды. Шетелдік компания өкілдерінің айтуынша жыл санап, қазақстандық мазмұн артып келеді. «Бүгінде Қарашығанақ Петролеум Оперейшнде» 3 мыңнан астам қазақстандық кәсіпорын тіркелген. Өткен жылдың 9-айында отандық ұйымдармен 146 миллион долларға жасалған келісім барлы…

0
0
505