Жетісу облысында депутатты пышақтап өлтіріп кетті
Бүгін Жетісу облысындағы Үшарала қаласында Алакөл аудандық мәслихатының депутаты Дәурен Слямовты өлтіріп кеткен.Бұл туралы алдымен журналист Сандуғаш Дүйсенова Instagram-дағы парақшасында жазды.Оның айтуынша, 34 жастағы депутаттың денесіне бірнеше жерден пышақ сұғылған көрінеді.Бірақ кейін осы оқиға туралы түсініктеме берген облыстық полиция департаментінің өкілдері марқұмның бір жерінен пышақталғанын айтты.«15 қаңтар күні сағат 15:25-те Алакөл аудандық полициясына Үшарал қаласында салынып жатқан нысандардың бірінде мас күйіндегі ер адам жұмысшыларға тиісіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Полиция келгеннен кейін жұмысшыларды жақтаған 34 жастағы ер адамға бір пышақ жарақатын салған күдікті 24 жастағы жергілікті тұрғын екендігін анықтады, ол оқиға орнынан қашып кеткен. Күдіктіні оқиға…






