Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Тағы бір отандық телехикая түсірілуде

Корей, түрік сериалдарын сатып алу сап тыйылатыны жөніндегі ақпараттан соң алаңдап қалған көрермендердің уайымдауына негіз жоқ. Қазірдің өзінде "Қазақстан" Ұлттық телеарнасы бірнеше отандық кинотуындыны ұсынып үлгерді. Келешекте олардың қатары тіпті көбейе түспек. Тағы бір телехикая түсіріліп жатқаны туралы хабарламақпыз бүгін. «Жедел жәрдем» - 24 сериядан тұратын көркем телехикая. Түсірілімнің басталғанына екі ай болды. Жанры жағынан медициналық драмаға жатады. «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде түсірілуде. Басты кейіпкері - Ермек атты дәрігер. Мақсат - Ермектің рөлі арқылы денсаулық сақтау саласындағы соңғы жаңалықтарды және соны технологиялармен емдеу жайын жұртшылыққа жеткізу. Фильм сюжетінен аздаған ақпарат беріп өтер болсақ. Ерлі-зайыпты Ермек пен Алма үлкен медициналық о…

0
0
605

«Қазақстан дауысы» тікелей эфирде!

«Қазақстан дауысы» жобасының нағыз тартысты, тартымды сәттері басталды! Байқау енді тікелей эфирде өтеді. Бұдан былай көрермендер жобада қалған 32 үміткердің ішінен өзі ұнатқан әншіге SMS арқылы дауыс бере алады.<br /> Бүгін әр тәлімгердің тобынан 4 әншіден, яғни барлығы 16 үміткер өнер көрсетеді. Әр топтан екі үміткер ғана келесі кезеңге жолдама алады. Олардың бірі көрермен дауысының қорытындысы бойынша өтсе, екіншісін тәлімгер таңдайды. Осылайша әр топтан екі өнерпаз жобамен қош айтысады. Тікелей эфирдің алғашқы күнінде Алмас Кішкенбаевтың тобынан өнер көрсететіндер: Ару Әуезова, Азамат Мәдуәлиев, Бердібек Құлғараев, Әлібек Сұрабалдинов. Мәдина Сәдуақасованың тобынан Айнара Айтқалиева, Гүлсім Макитова, Әділ Ахметжанов, Толғанай Пазылақын бағын сынамақ. Медеу Арынбаев тобынан Санда…

0
1
568

«Like IT» бонус картасының иегері бола отырып, 500 бонус алыңыз

Барлық «Қазақтелеком» АҚ абоненеттері Alser компаниясының «Like IT»  бонус картасының  иегері бола отырып, жаңа картаның шотына 500 бонус алу мүмкіндігі бар.

Бонус картасын және бонустарды алу үшін, Сізге «Қазақтелеком» АҚ соңғы төленген түбіртегіңізді жақын арада орналасқан Alser дүкеніне  алып келіп, анкетаны толтырыңыз да, бірінші сатып алынған заттан 500 бонустың иесі болыңыз.

Мекен жайымыз және бонус картасы туралы толығырақ білу үшін www.alser.kz

сайтына кіріңіз.

0
0
417

Осы жұмада «Ән шаңырақ» шоуының бірінші жартылай финалы өтеді

«31 арнаның» түсірілім алаңында қарбалас шақ – ата-әжелер немерелеріне шай беріп, көрермендер залында отырып қолдау көрсетіп, қолдарын көтеруде, ата-аналар алаңдаулы, балалар аздап қобалжу үстінде әрі-сәрі болып жүр. Операторлар эстрада жұлдыздарын камераға түсіріп бақса, сценаристер мәтіндерін қайта-қайта оқуда, ал жүргізушілер бұл қарбаластың өзін үйлесімді көрініс етіп бейнелегісі келеді. Музыкалық-отбасылық көрініс. Жалпы айтқанда, түсірілім залындағылар «Ән шаңырақ» атты көңілді әткеншекте тербеліп тұрғандай… Қатысушылардың толқынысы мен тақымын қысуына дүйім жұрт тамашалайтын телеэфир ғана емес, сонымен бірге олардың мықты қарсыластары мен білікті қазылар алқасы да әсер етті. Себебі, қазылар алқасының құрамында рэп орындаушы Тәкежан, Жанна Орынбасарова, Рүстем Нұржігіт және әйгілі ә…

0
0
1095

Қостанай ОТД 20 жаңа автокөлік сатып алды

Қостанай ОТД құрылымдық бөлімшелеріне жаңа автокөліктердің кілттерін тапсыру салтанатты шарасы болып өтті. Қостанай ОТД бас директоры Қажымұрат Темірхановтың айтуынша, автокөліктерді жаңарту байланысшылардың кәсіпорындағы өндірістік үдерістің сапасын арттыру және абоненттерге қызмет көрсету сапасын көтеру мақсатында сатып алынды. «Телекоммуникация желілерінің жұмыс істеу тиімділігі қызметкерлеріміздің жедел әрі сапалы қалпына келтіруіне байланысты. Сондықтан біз оларды жаңа жаңа көліктермен қамтамасыз еттік», - деді ол. Шалғай аудандардағы қызметкерлердің жұмысындағы ауа райы және жол қатынастыры ескеріліп, оларға жүру мүмкіндігі жоғары SsangYong Action Sports, УАЗ-390945 және ВАЗ-21041 автокөліктері сатып алынды. Рудный қалалық телекоммуникация торабының директоры Василия Заболотьконың а…

0
0
589

Біз халықаралық контент-провайдерлермен бірлескен жобаны жүзеге асырдық

Соңғы жылдары біз сыртқы Интернет-ресурстарға қолжетімділікті оңтайландыру жөніндегі бірқатар іс-шара атқардық. Біздің инновациялық бөлім Интернет ресурстарын шоғырландыру технологияларын енгізу жөніндегі жобаны іске асырды. Біз бұл жобаны Akamai Technologies және Google Global Cache сияқты халықаралық контент-провайдерлермен бірлесіп жүзеге асырдық. Клиенттердің Интернет желісіне сапалы қосылуын қамтамасыз ету мақсатында біздің инновациялық бөлім танымал контент-провайдерлермен нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Бұл өзара іс-қимылдардың мақсаты заңгерлік, техникалық сипаттағы түрлі мәселелерді және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерін шешу болып табылады. Әлемдік контент-провайдерлердің арнайы серверлері - ең танымал мультимедиялық қосымшалардың көздері. Біз Akamai Technologies және Google Globa…

0
0
1592

Көп білетіндерге арналған Excel: 4 пайдалы тәсіл

Microsoft Excel ең үздік кеңсе бағдарламаларының бірі саналады. Ол  -экономиканың тұтас салаларын «ұстап тұрған»  тетік. Әсіресе, өз ісін дөңгелете алатын  кәсіпкерлер үшін бұл тапсырмас құрал. 

Бұл бағдарламаның Сіз  жатқа базалық жұмыс әдіс-тәсілдерімен қоса, көп адамдар біле бермейтін, яғни, «көп білетіндер де» біле қоймайтын тәсілдер бар.  Міне осы тәсілдерді біле жүрсеңіз, жұртшылықты да тәнті етесіз,  бәсекелестеріңізден де озасыз. Excel-дің Сіз білмейтін 4 тәсілі мыналар!

0
0
560

«Таңшолпан» енді ғаламторда

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасының көрермен көзайымына айналған бағдарламасының бірі «Таңшолпан» екені анық. Алаш жұртын таңмен бірге қарсы алатын тамаша бағдарлама заман ағымына, көрермендерінің сұранысына сай жандана түсуде. «Таңшолпанды» енді ғаламтордан емін-еркін тамашалауға мүмкіндік туды. Бағдарламаның tankaz.kz сайты іске қосылды. Бағдарлама қонақтарымен болған мәнді әңгімелердің бейнежазбасын енді осы жерден таба аласыз. Алаштың атаулы күндері, біртуар тұлғалары туралы эксклюзивті сюжеттер де осында. «Қазақ жері» айдарында еліміздің әр өңіріндегі көрікті жерлерге көз сүйіндіріп, таңғажайып ескерткіштердің құпиясына қанық боласыз. Ақша қайдан пайда болды? саусақ іздерінің құпиясы, әлемдегі ең әдемі жағалаулар, халықтардың ерекше дәстүрлері, дүниежүзіндегі «біртүрлі» мерекелер тағы с…

1
1
1768

Ұлттық арнада – «Ұстаз» телехикаясы

Таяуда «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Ұстаз» атты жаңа отандық телехикая көрерменге жол тартады. «Ұстаз» көпсериялы фильмі Қазақстандағы тәрбиелік жүйе туралы ғана емес, сондай-ақ, көптен бері күрмеуі шешілмей келе жатқан ауыл шаруашылығы тақырыбын да қозғайды. Фильм желісі бойынша, қала типтес ауылдардың біріне мектеп салынады. Алайда, нысан салынып бітісімен, бірден кадр тапшылығы мәселесі алдан шығады. Мектептің директоры Байзақов Білім министрлігіне оқу ордасына жас мамандарды жолдау жөнінде сұраныс жібереді. Дәл осы сәтте Ақтөбе мемлекеттік педагогикалық институтын Салтанат есімді бойжеткен қызыл дипломмен аяқтайды. Ол нағыз педагог болып туған жан еді. Егер оның жігіті үйленуге ұсыныс жасамағанда, Салтанат қызметіне кірісіп кетуге дайын болатын. Бірақ, ол мансапты желеу етіп, жіг…

1
3
1971

«Қазақтелеком» Интернет желісіне қосылу жылдамдығын екі есеге арттырады

«Қазақтелеком» 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «заңды тұлғалар» және «жеке кәсіпкерлер» пайдаланушылар санаты үшін unlimited тарифтік жоспарлары бойынша Интернет желісіне қосылу жылдамдығын екі есеге арттырады. Бірақ абоненттік төлем өзгермейді. Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін Интернетке қатынау қызметінің сипаттарын жақсарту бойынша іс-шаралар аясында, «Трафикті есепке алмай» (unlimited)» тарифтік жоспары бойынша Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерінің өткізу қабілеттілігі екі есеге артты, оның ішінде қызметтерді пакеттік ұсыну аясында, ай сайынғы төлем деңгейі өзгертусіз қалды. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін пакеттік ұсыну аясында MegalineTurboPlus және MegalineTurboLight тарифтік жоспарларына ай сайынғы т…

0
0
542