Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Қазақтелеком» Интернет желісіне қосылу жылдамдығын екі есеге арттырады

«Қазақтелеком» 2013 жылғы 1 желтоқсаннан бастап «заңды тұлғалар»  және «жеке кәсіпкерлер» пайдаланушылар санаты үшін unlimited тарифтік жоспарлары бойынша Интернет желісіне қосылу жылдамдығын екі есеге арттырады. Бірақ абоненттік  төлем өзгермейді.

 

Заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін Интернетке қатынау қызметінің сипаттарын жақсарту бойынша іс-шаралар аясында, «Трафикті есепке алмай» (unlimited)» тарифтік жоспары бойынша Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерінің өткізу қабілеттілігі екі есеге артты, оның ішінде қызметтерді пакеттік ұсыну аясында, ай сайынғы төлем деңгейі өзгертусіз қалды.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап жеке тұлғалар және жеке кәсіпкерлер үшін пакеттік ұсыну аясында MegalineTurboPlus және MegalineTurboLight тарифтік жоспарларына ай сайынғы төлем есебіне енгізілген сыртқы ресурстарға трафик көлемі бойынша шектеулер алынады.

Тарифтік жоспарлардың жаңа параметрлерімен компанияның www.telecom.kz және www.megaline.kz. сайттарында танысуға болады.

0
0
529