«АЛТЕЛ» 4G LTE GSM желісін іске қосты»
Бүгін «АЛТЕЛ» компаниясы LTE/GSM/UMTS желісін іске қосқаны туралы хабарлады. Ол смартфонда LTE технологиясы бойынша жоғары жылдамдықта деректер беруді пайдалануға мүмкіндік береді, дауыс қоңыраулары автоматты түрде GSM/UMTS желісіне көшірілетін болады. Қазақстанда тұңғыш рет Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Шымкент, Өскемен қалаларында 4G/3G/2G технологияларын бір мезгілде қолдай алатын конвергентті желі тармақталып отыр. АЛТЕЛ ағымдағы жылдың қыркүйегінде республиканың барлық облыс орталықтарын желімен қамтымақ. 2014 жылдың соңына қарай LTE/UMTS/GSM технологиясы негізіндегі байланыс Қазақстанның халық саны 50 000 адамнан асатын барлық қалаларында іске қосылатын болады. «АЛТЕЛ» АҚ Басқарма төрағасы Мақсұт Сауранбековтің айтуы бойынша, жаңа оператордың басты артықшылығының…



