Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Армян халқының ұлттық нақыштары мен дәстүр сабақтастығы

Өрік жемісі - Армения мемлекетінің символы саналады. Мемлекет туындағы сары жолақ – өріктің түсімен тікелей байланысты.

Армян жазуының 1600 жылдан астам тарихы бар. Армян халқының ең айтулы ұлттық мерекелерінің бірі – Вардавар деп аталады. Күн жылынып, жадыраған жаздың лебі ескен кезде барлық жастар бір-біріне су шашып, мейрамды ұлықтайды. Неліктен армяндар өздерін әлемдегі ең ақылды халықтың санатына жатқызады? Дәстүрлі армян киімі немен ерекшеленеді? «Нұрлы отау» бағдарламасынан армян халқының ұлттық нақыштары мен дәстүр сабақтастығын тамашалаңыздар!

0
0
5078

Назар салыңыз! Кастинг!

"Нысана" апталық-сараптамалық бағдарламасының жүргізушісіне кастинг жарияланады.

Журналистика саласында кем дегенде бірнеше жыл машықтанған, өз бетінше мәтін жаза алатын адам қажет. Телеарнада тәжірибесі болса тіптен жақсы. Қазақ тілінде таза сөйлеуі шарт.

Барлық сұрақтар бойынша мына мекен-жайға хабарласыңыздар:

+ 7172 54 26 72, + 7 707 528 68 61, + 7 707 533 63 34, эл.пошта: [email protected], [email protected]

0
0
304

Кетбұғадай билерден кеңес сұрар күн қайда?!

Шыңғыс ханға ұлы Жошының қайтыс болуын жеткізген Кетбұға би екенін көбі біле бермейді. Алайда тарихтағы аңызды білмейтін адам жоқ. Кетбұға – жырау, күйші, аңыз кейіпкері. Ол Шыңғыс хан заманының тұсында өмір сүрген. Өз кезінде шығармалары халық арасында кең тараған. Көшпелілер арасында сөз өнерінің дамуына ерекше ықпал еткен көрнекті тұлға.

1
0
3218

Ағайынды Қосшығұловтардың есіміне берілген Қосшы ауылы

Ағайынды Қосшығұловтар - Елорданың байырғы Қараөткел аталған кезіндегі тарихымен тығыз байланысты есімдер. Олар өздерінің туған шаһарларының өсіп-өркендеуіне үлкен үлес қосты: Қараөткелдегі ескі мешітті қалыпқа келтіру, сол кездегі тұңғыш кәсіпорын, кәмпит-тоқаш фабрикасын ашу, мұсылман жастары мектебін салу сынды көптеген игі бастамалардың басы-қасында жүрді. Бүгінде Қосшығұловтардың есімін еске салатын елді-мекен – Қосшы ауылы болып табылады.
Аталмыш елді-мекеннің тарихымен «Өлкетану» бағдарламасында таныс болыңыздар! Құрманғали Қосшығұлов – Қара­өткелдің даңқын алысқа шы­­ғарған атақты көпес Баймұқамбет Қосшығұловтың үл­кен ұлы.

0
0
1683

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайы

«Аманат» бағдарламасының кезекті саны Астананың төрінде орналасқан, жуырда ғана ашылған ҚР Ұлттық мұражайына арналмақ. Ел тарихына қатысты жәдігерлерге бай мұражайда соңғы үлгідегі технологиялар кеңінен қолданылған.

0
0
1665

Мәңгі өшпес туынды – «Шұғаның белгісі» повесі

Ғ. Мүсіреповтің: «Жазушы үшін кейіпкердің үлкен - кішісі болмайды. Мәселе оны қалай суреттеп шығуында. Бейімбеттің бұл жөнінен төрт құбыласы сай. Кейбір әдебиетшілер осы мәселенің байыбына бара алмай жүр. Бейімбетті тани алмау – ештемені тани алмау...» деген екен. Бейімбет Майлин – қазақ әдебиетінде ойып тұрып орын алатын талантты жазушы. Әсіресе, көркем әңгіме жанрын өркендетуге көп еңбек еткен қаламгер. Ол 1914 жылдары «Шұғаның белгісін» жазып, жариялаған кезде қазақ прозасы жанр ретінде жаңа туып-қалыптаса бастаған. Бейімбеттің қазақ прозасы мен повесінің дамуына тікелей себепкер болған жазушы.
«Шұғаның белгісі» туындысы күні бүгінге дейін қазақ повесінің үлгісі боп қалып отыр.

0
0
1713

Жыр жүйрігі – Төлеген Айбергенов

Жыр алыбы Төлеген Айбергенов өлеңдерін басынан аяғына дейін және аяғынан басына дейін жаттап алатын қабілеті болған. Және басқа ақындардан тағы бір ерекшелігі – өлеңдерінің құрылысы. Қазақ өлеңдері көбінесе 7, 8 және 11 буынды болып келсе, Төлеген 18-19 буынды өлеңдер жазған. Сөйтіп, ол қазақ әдебиетіндегі өлең құрылысына да жаңалық әкелген ақын болып саналады.

Оның поэзиясы – жасампаздықтың жыры. Сондықтан да Төлегеннің жырларынан жауды жеңіп келген батырдың көңіл-күйіндей шаттық пен қуаныштың самалы соғады. Аз ғана ғұмырында халқына шынайы поэзияның шырынынан дәм татқызып, терең ой мен мөлдір сезімдерді тек өзіне ғана тән табиғи даралықпен шебер бейнелеген дарынды суреткер. «Кітапхана» бағдарламасы Айбергенов әлемі мен шығармашылығына тоқталады.

0
0
2972

Иммунитет қасиеті

Адам ағзасының алтын діңгегі – оның иммунитеті, ол - адам ағзасының басты қорғаушысы. Организмнің генетикалық тұрақтылығы иммундық жүйенің қызмет атқарылу нәтижесінде сақталынып отырады екен. Иммунитет – ағзаны жұқпалы агенттерді және антигендік қасиеті бар генетикалық бөгде заттарды өзіне қабылдамауы.

Иммунитеттің негізгі қызметі қандай? Адам ағзасына қаншалықты пайдасы бар? Оның қандай түрлері бар? Және иммунитеттер тұқым қуалай ма? «Жаңашыл алаң» бағдарламасы «иммунитет» атты алып тақырыпты зерделеп көрмек.

0
2
1623

Петроглифтер — ежелгі заманғы және ортағасырлық өнердің бірегей ескерткіштері

Фильм археология саласында жасалынған қызықты жаңалықтар туралы баян етеді. Бағдарламада құпиясы әлі күнге дейін ашылмаған петроглифтердің тарихы мен мән-мағынасы айтылмақ.

0
1
2854

ҚР Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің «Аққу» күйінің аңызы мен тарихы

Бағдарламада қобыз бен домбыраға арналған «Аққу» күйі мен аңызы берілген. Жүргізуші мен қатысушылар аңыздың мазмұнын айтып, қобыз бен домбырада күй орындап бермек. Сондай-ақ барлық қатысушылар аңыздың мағыналық және мифологиялық мазмұнын, музыка мен сөзінің байланысын талқылайды. Н.Тілендиевтің домбырада орындалатын заманауи «Аққу» күйі мен қобызда орындалатын күй талқыланып, айырмашылықтары көрсетілмек.

1
0
6384