Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Бүгін «Нүкте» бағдарламасында

Бағдарламаның әр шығарылымында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланады. Студияға түйткілдің түйінін шешуге ықпалын тигізе алатын және оны шешуге міндетті адамдар шақырылады. Көкейіндегісін ортаға салатын кейіпкерлердің айтары тыңдалады. Олардың жанайқайын психолог мамандар саралап, билік өкілдері шешу жолдарын қарастырып, еліміздің белгілі және беделді азаматтары ағалық ақылдарын айтып, талқыға салады. Бағдарлама авторлары әдеттегі ток-шоу жанрындағы таптаурын әдістен бас тартты. Олар бұрынғыша көрерменге лық толы зал мен айтары бар адамдарды ғана жинамайды. Әр дүйсенбіде «Хабар» арнасында ең өткір мәселелер - жетімдер, қараусыз қалған қарттар, үзілген отбасылық тағдырлар, жалғыздық сияқты тағы да басқа қоғамдағы баршамызға қатысы бар сан алуан тақырыптар қаралады. Тек қана «Нүктеде» - еге…

0
0
474

Халықаралық темiржол билеттерiн арзан бағамен сатып алуға мүмкiндiк жасалады

Халықаралық темiржол билеттерiн ерте сатып алушыларға «ҚТЖ» 30 пайыз жеңiлдiк жасайтын болады. Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихатында «Жолаушылар тасымалы» АҚ Жедел жұмыс қызметiнiң басшысы Жамбыл Байделдинов мәлiм еттi.

Оның айтуынша, мұндай мүмкiндiк 2015 жылдан бастап қолжетiмдi болады.

«Бiз бүгiнде билеттердiң бағасын оңтайландыру бойынша жұмыстар атқарудамыз. Бiрiншi кезде ол жеңiлдiк жасау тетiктерiне қатысты болып отыр. 2015 жылы 11 қаңтардан бастап, халықаралық деңгейдегi темiржол қатынастарына 30 пайыздық жеңiлдiк жасау бағдарламалары жасалмақ. Егер жолаушы алдын ала сатып алса, билет бағасы төмен болады», - дедi Ж. Байделдинов.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

0
0
164

Астанада бәссаудаға Головкиннің қолтаңбасы бар боксерлік қолғабы мен Нибалидің сары жейдесі шығарылады

Астанадағы VII Қысқы қайырымдылық балында алғаш рет бәссаудаға Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар боксерлік қолғап шығарылады. Атап айтқанда, биылғы 14 желтоқсанда сағат 19:00 Астанада VII Қысқы қайырымдылық балы өтеді. Барлық түскен қаражат балалар үйі тәрбиеленушілері мен Астананың аз қамтылған отбасынан шыққан балаларды қолдауға жұмсалады. «Бал қысқы ертегі желісімен өтетін болады. Әдеттегідей, Бал дебютанттардың орындауындағы тамаша билерімен - веналық вальс, әсерлі рок-н-ролл, полька, блюз және қазақ вальсімен ашылады. Балда қазақстандық әртістер өз өнерлерімен тәнті енпек»,-делінген таратылған мәліметте. Қарлы кеш барысында картиналар мен өнер туындыларының акуционы болмақ. Сонымен қатар, алғаш рет бәссаудаға Геннадий Головкиннің қолтаңбасы бар боксерлік қолғап және «Тур де Франс»…

0
0
196

Илья Ильин «Жыл таңдауы» жобасы бойынша жыл спортшысы атанды

Илья Ильин «Жыл таңдауы» жобасы нұсқасы бойынша жыл спортшысы атынды, деп хабарлады Vesti.kz.

Ауыр атлетикадан екі дүркін Олимпиада чемпионы және төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин «2014 жылдың спортшысы» аталымында «Қазақстандағы №1 жыл таңдауы» - «Алтын адам» сыйлығының лауреаты атанды.

Бұл туралы Илья Ильин Instagram-дағы өзінің парақшасында жазды.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

0
0
196

Хирург пациенттің сау бүйрегін алып тастады

Калифорнияда хирург пациенттің сау бүйрегін алып тастады, ал онкологиялық ауруға ұшыраған ауру бүйрек орнында қалған, деп хабарлады Strana.co.i сайты. Ауру адамға тағы бір ота жасауға тура келді, оның барысында қатерлі ісікке ұшыраған бүйрек те алынып тасталды, пациентке диализ белгіленді. Енді оның донорлық бүйректен ғана үміті бар. Мұндай бейқамдығы үшін тәжірибелі хирург үш жылға медициналық лицензиясынан айырылды. Ол американдық хирургияда 41 жыл жұмыс жасаған болатын. Сарапшылардың мәліметтеріне қарағанда, бұл қайғылы оқиға дәрігердің өзіне деген сенімінің нәтижесінде болған көрінеді., ол ауру органды ойша есінде сақтамақ болған. Дәрігердің салақтығы 59 жастағы қатерлі ісікке шалдыққан ауру адаммен қатар клиникаға да қымбатқа түсті. Ота жасалған медициналық орталыққа 100 мың АҚШ долл…

0
0
252

Жанар-жағармай бағасы төмендейдi — Ұ. Қарабалин

Жанар-жағармай бағасы төмендейдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Энергетика вице-министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiм еттi.

«Жанар-жағармайдың бағасы төмендейдi ме? Жауап: иә. Жақында құны Үкiмет қадағалайтын мұнай өнiмдерiнiң бағасы түседi деп жоспарлануда. АИ-92 бензинi - литрi үшiн 128 теңгеден 115 теңгеге, АИ 80 - бұрынғы деңгейінде, 89 теңге деңгейiнде қалады. Дизель отыны 115 теңгеден 107 теңгеге түспек», - дедi Ұ. Қарабалин.

Еске сала кетейiк, бұның алдында депутат Мұхтар Тiнiкеев елдегi жанар-жағармай бағасы 115 теңгеге түсуi ықтимал деп хабарлаған болатын. Бүгiн вице-министр  бұл болжамды растады.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

0
0
369

3 күннің ішінде көші-қон заңнамасын бұзғандарға 1 млн. 500 мың теңге айыппұл салынды

Құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасына заңсыз келетін адамдарды анықтау мен заңсыз көші-қон арналары мен оларды ұйымдастырушылардың жолын кесу мақсатында 3-5 желтоқсан аралығында Көліктегі ІІД қызмет көрсету аумағында «Мигрант» жедел- алдын алу іс-шарасы өткізілді. Іс-шараға күн сайын барлығы 600-ге жуық қызметкер жұмылдырылып, жедел қызмет, әкімшілік полициясы және көші-қон полициясы қызметкерлерінің қатарынан 51 ұтқыр топ құрылды, деп хабарлайды Көліктегі ІІД баспасөз қызметі. Шара барысында Қазақстан Республикасына келу ережесін бұзғандары үшін 215 шетелдік ҚР ӘҚБК 394-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 153-і ТМД азаматтары, 62-і алыс шетел азаматтары. Сондай-ақ, соттың шешімімен 1 шетелдік Қазақстан Республикасы аумағынан тысқары шығарылды…

0
0
249

Ақмола облысында күйеуін 200 мың теңгеге тапсырыспен өлтіртпек болған әйел ұсталды

Ақмола облысында тапсырыс бойынша кісі өлтіруді ұйымдастырмақ болған азаматша ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Полицейлердің мәліметі бойынша, ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні ІІД Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқармасының қызметкерлері 59 жастағы күйеуін тапсырыс бойынша өлтіртпек болған Көкшетау қаласының 1959 жылғы тұрғынын қолға түсірген. Кейін белгілі болғандай, тапсырыс беруші әйел күйеуінің өмірін 200 мың теңгеге бағалаған. Сонымен қатар, ол орындаушыдан күйеуінің өлгенін дәлелдейтін фотосурет талап еткен. Қазіргі кезде, тапсырыс бойынша күйеуін өлтіруді ұйымдастырмақ болған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалып, дәйектер тәркіленді. Сонымен қатар, күдіктінің үстінен ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімі және 96-бабының 2-бөлімі бойынша (тапсырыс бойынша кі…

0
0
158

Астанада үздік туристік бағдар таңдалады

Бүгін Астанада үздік туристік бағдар таңдалады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің өкілі Әсет Мұқажанов мәлім етті. Оның сөзіне қарағанда, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясымен» халықаралық көрмені өткізуге отандық бизнесті тарту бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгін «Елорданың үздік туристік бағдары» байқауының жеңімпаздарына сертификаттар тапсыру өткізіледі. Байқаудың мақсаты - халықаралық көрме меймандары үшін үздік туристік бағдарды анықтау. Бұл тұрғыда осы бағдарлар сапа мен бағаның барлық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Байқау жеңімпаздары «ЭКСПО-2017» көрмесі кезіндегі ұсынылатын турлардың базасына енгізілетін болады. Сонымен қатар олар халықаралық мамандандырылған көрмені даярлау кезінде туристерді тарту үдерісіне де қатысады. Айта кетейік, аталған…

0
0
238

«Сабина келін» 1 аптада өзінің құнын екі есе ақтады

Қазақ әртiсi, шоумен, режиссер және актер Нұртас Адамбаевтың «Сабина келін» комедиялық туындысы прокатка шыққан сәттен бастап өзінің құнын екі есе ақтады. Фильмнің режиссері 27 қараша - 1 желтоқсан аралығында 615 мың АҚШ доларын жинаған фильм өзінің құнын екі есе ақтағандығын айтады (фильмнің бюджеті - 300 мың АҚШ долларын құрайды). Алматы облысының ауылдарының бірінде 17 күнде түсірілген фильмнің оқиғасы ойдан шығарылған Жүгері ауылында өтеді. Басты кейіпкер - қалада тұратын байдың қызы Сабина Қарсыбаева. Бақыт іздеген ол "шейх ұлының" етегінен ұстап, "Дубайға" аттанады. Ауылға келін болып түскен Сабина қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен жақын танысып, тіпті қазақша сөйлей бастайды. Бұдан бұрын Нұртас Адамбай өзiнiң Фейсбуктегi парақшасында "Келинка Сабина" фильмiне қатысты халы…

0
0
482