Бүгін «Нүкте» бағдарламасында
Бағдарламаның әр шығарылымында қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланады. Студияға түйткілдің түйінін шешуге ықпалын тигізе алатын және оны шешуге міндетті адамдар шақырылады.
Көкейіндегісін ортаға салатын кейіпкерлердің айтары тыңдалады. Олардың жанайқайын психолог мамандар саралап, билік өкілдері шешу жолдарын қарастырып, еліміздің белгілі және беделді азаматтары ағалық ақылдарын айтып, талқыға салады. Бағдарлама авторлары әдеттегі ток-шоу жанрындағы таптаурын әдістен бас тартты. Олар бұрынғыша көрерменге лық толы зал мен айтары бар адамдарды ғана жинамайды.

Әр дүйсенбіде «Хабар» арнасында ең өткір мәселелер - жетімдер, қараусыз қалған қарттар, үзілген отбасылық тағдырлар, жалғыздық сияқты тағы да басқа қоғамдағы баршамызға қатысы бар сан алуан тақырыптар қаралады. Тек қана «Нүктеде» - егер ашықтық болса, шегіне жеткен күйде, егер көз жасы болса, онда шынайы, егер жанына батқан күйзеліс болса, онда жасанды емес, егер кешірім болса, онда сөзсіз шынайы.

Алматы облысының тұрғыны Оқап Мұқажанұлы неге 8 жылдан бері бөтелкеден үй салуда?Үш қабатты шөлмектен тұрғызылған баспананың болашағы қандай? Мамандар не деді?
Өмірінің 35 жылын тасқамал салуға арнаған адам туралы естіп пе едіңіз? 65 жастағы Иван ақсақал нені армандайды?
Шатқалдағы белгісіз бекініс турасындағы әңгімені «Нүкте» ток-шоуынан бүгін сағат 19.10-да көріңіздер!
