Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Жанар-жағармай бағасы төмендейдi — Ұ. Қарабалин

Жанар-жағармай бағасы төмендейдi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде ҚР Энергетика вице-министрi Ұзақбай Қарабалин мәлiм еттi.

«Жанар-жағармайдың бағасы төмендейдi ме? Жауап: иә. Жақында құны Үкiмет қадағалайтын мұнай өнiмдерiнiң бағасы түседi деп жоспарлануда. АИ-92 бензинi - литрi үшiн 128 теңгеден 115 теңгеге, АИ 80 - бұрынғы деңгейінде, 89 теңге деңгейiнде қалады. Дизель отыны 115 теңгеден 107 теңгеге түспек», - дедi Ұ. Қарабалин.

Еске сала кетейiк, бұның алдында депутат Мұхтар Тiнiкеев елдегi жанар-жағармай бағасы 115 теңгеге түсуi ықтимал деп хабарлаған болатын. Бүгiн вице-министр  бұл болжамды растады.

Қосымша ақпаратты http://www.inform.kz сайтынан көріңіздер!

 
0
0
357

Осы тақырып бойынша

Жанар-жағармай бағасы төмендейдi — Ұ. Қарабалин - Yvision.kz