Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

«Сабина келін» 1 аптада өзінің құнын екі есе ақтады

Қазақ әртiсi, шоумен, режиссер және актер Нұртас Адамбаевтың «Сабина келін» комедиялық туындысы прокатка шыққан сәттен бастап өзінің құнын екі есе ақтады.

Фильмнің режиссері 27 қараша - 1 желтоқсан аралығында 615 мың АҚШ доларын жинаған фильм өзінің құнын екі есе ақтағандығын айтады (фильмнің бюджеті - 300 мың АҚШ долларын құрайды).

Алматы облысының ауылдарының бірінде 17 күнде түсірілген фильмнің оқиғасы ойдан шығарылған Жүгері ауылында өтеді. Басты кейіпкер - қалада тұратын байдың қызы Сабина Қарсыбаева. Бақыт іздеген ол "шейх ұлының" етегінен ұстап, "Дубайға" аттанады. 
Ауылға келін болып түскен Сабина қазақтың салт-дәстүрімен, әдет-ғұрыптарымен жақын танысып, тіпті қазақша сөйлей бастайды.

Бұдан бұрын Нұртас Адамбай өзiнiң Фейсбуктегi парақшасында "Келинка Сабина" фильмiне қатысты халық ықыласы жайындағы ойларымен бөлiскен болатын.

"Шынымды айтсам, "Келинка Сабинаға" мұндай жылы және оң көзқарас болады деп күтпеген едiм. Ол бiрiншi күннен бастап бүкiл ел бойынша толы зал көрермен жинап келедi. Әлеуметтiк желiлерде жақсы пiкiрлердiң санында шек жоқ. Жұрт өз отбасыларымен фильмге барып, залдан жақсы көңiл-күймен шығып жатқандары қуантады. Мен өзiмдi мақтап "қандай талантты жан едiм!" деуден аулақпын. "Жұлдыздану" - ақымақтардың iсi. Мен тек түсiрiлiм тобына, жобаға үлес қосқан адамдарға, отандық кинематографияны қолдап жүрген барлық көрермендерге және әрине, сол қызға рахметiмдi айтқым келедi. Кинодағы Алтыншаш айтқандай: "Рақмет саған, Сабина!", - дейді Н.Адамбай.

Айта кетейiк, "Келинка Сабина" Қазақстандағы кинопрокатта ең танымал фильмдердiң үздiк бестiгiне ендi және бiр аптаның iшiнде 112 миллионнан астам теңге жинап үлгердi.

Қосымша ақпаратты http://reactor.inform.kz сайтынан көріңіздер!


 

0
0
450

Осы тақырып бойынша

«Сабина келін» 1 аптада өзінің құнын екі есе ақтады - Yvision.kz