Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Ұлттық арна сазгер Ренат Гайсиннің «Астана — мақтанышым» туындысының музыкалық көрсетілімін ұсынады

«Қазақстан» РТРК»АҚ мен жас сазгердің ортақ туындысы Астана күніне арналады. Ұлттық арна сазгер Ренат Гайсиннің «Астана - мақтанышым» композициясының музыкалық көрсетілімін ұсынады. «Қазақстан» РТРК»АҚ мен жас сазгердің ортақ туындысы Астана күніне арналған. «Музыка - жанның бақыланбайтын және асау жалынынан пайда болады. Кенеттен туындаған шығарма ерекше бір әуезге ұласады. «Астана - мақтанышым» шығармасының музыкасы қысқа мерзім ішінде жазылды. Себебі, менің ішкі әлемімде Астана бұрыннан нота болып жазылған еді», дейді сазгер. Нәзік әуезді композиция фортепиано мен гармон тілінде өзен ағысын, кең даланың түнгі тыныштығын сипаттайды. Бейнебаянның тұсаукесері де Ұлттық арна эфирінен көрсетіледі. «Біз Астананы әлі ешкім көрмеген қырынан көрсетуге тырыстық. Сондықтан, қала ғимараттарын үсті…

0
0
292

Гүлназ Жоланова және Іңкәр Әбдіраш – «Таңшолпанда» қонақта

«Қыздар» телехикаясының басты кейіпкерлері бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетілген «Қыздар» телехикаясы 11 маусым күні аяқталды. Осыған орай телехикаяның басты кейіпкерлерін сомдаған актрисалар Гүлназ Жоланова және Іңкәр Әбдіраш бүгін «Таңшолпанда» қонақта. Телехикаядағы Айлан мен Зеренің рөлі туралы актрисалар: «Айлан – көшбасшы, барлығының басын қосып жүретін, мансапшыл жан. Ал, Зере – ақылды, байсалды, ақкөңіл әрі аңқаулығы бар қыз. Кейіпкерлеріміздің кейбір мінездері өзімізге ұқсайды»,-дейді. «Телехикая көрсетілу барысында әлеуметтік желілерде мақтау да, сын да, екінші маусымы болса деген тілек те айтылып жатты. Орнды, орынсыз сын болды. Барлығын қабылдадық, келешекте нәтиже шығаруға тырысамыз»,-дейді Гүлназ Жоланова. «Сынға дұрыс қарадық.…

0
0
2061

«Отбасы – қоғам тірегі»

Бүгінгі «Айтуға оңай...» отбасы және ата-ана жауапкершілігі туралы болмақ.

Қазақ үшін шаңырақ – қай кезде де киелі ұғым, қастерлі түсінік. Біздің қоғамда отбасы қашанда руһани және мәдени дәстүрдің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы. Әр шаңырақтың биік, уығы мен керегелерінің берік болуы – тағдыр қосып, бірге тіршілік етуге бекінген екі адамның  береке-бірлігіне, ынтымағына байланысты.  Ал, ынтымақ жоқ жерде бақыттың да ауылы алыс. Бүгінде ажырасу жиілеп кетті. Себебі неде? Отбасылық құндылықтарды қалай түсінеміз? Қазақы тәрбиенің маңызы қандай? Ата-ананың бала алдындағы, баланың ата-ана алдындағы жауапкершілігі қандай болуы керек?

«Айтуға оңай...» ток-шоуы бүгін 21:05-те осы мәселе төңірегінде әңгіме өрбітпек.

0
0
1058

«Әйел бақыты» маусымды аяқтайды

Хабарға ұмытылмас кейіпкерлер қайта келіп, өмірлеріндегі өзгерістермен бөліседі. Жыл бойы «Әйел бақыты» студиясында айтылған сыр көп. Төгілген жас та аз болмады, талай жанның риясыз күлкісі қаншама?! Студияда қонақ болған әр тағдыр иесі – бір-бір оқиға, бір-бір өмір. Олар хабарға қатысқан сарапшы мамандар және көрермендерден қолдау тапты,  өздеріне деген сенімділіктерін оятты, өмірге өзгеше көзқарас қалыптастырды. Сол кейіпкерлердің қазіргі жағдайы қалай? Өмірлері қай арнаға бұрылды? «Әйел бақытының» көмегі тиді ме? Бастысы, олар әйел бақытын таба алды ма?

Бүгін 15:00-де «Әйел бақыты» маусымды аяқтамақ. Хабарға тақырыпқа арқау болған кейіпкерлер қайта келіп, өмірлеріндегі өзгерістермен бөліседі.

0
0
475

Зейнеп Ахметова: Қыздары тексіз елдің іргесінен ырыс кетеді

Жазушы, этнограф Зейнет Ахметова «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді. Еліміздегі басты мейрамдардың бірі Жеңістің 70 жылдығы. Әңгімесін осы тақырыптан бастаған Зейнеп Ахметова: «Қазақстанда соғыстың зардабын тартпаған бірде бір отбасы жоқ. Аталарымыздың қанымен, аналарымыздың маңдай терімен келген Жеңіс солардың арқасы екенін түсінуіміз керек. Қазақстанның қай түкпіріне барсаң да, «Біздің Баукең»,-дейді. Өйткені, қазақ атамды бөлген жоқ, ата қазақты бөлмеді. Ата туралы түрлі спектакльдер қойылып, фильмдер түсірілуде, көше атаулары бар. Естуімше, биылдың өзінде тағы төрт мектепке атаның есімі беріліпті. Бірақ, атаның әскери ғылымы біздің әскерилердің арасында жақсы жүріп жатқан жоқ. Керісінше, Түркия, Израиль, Куба сынды мемлекеттерде сабақ ретінде оқытылуда. Ал, біздің елде заңды түрд…

0
0
1595

«Дін тұтастығы — ел тұрақтылығы»

Бүгін Ұлттық арнадан 12:40-да «Иман айнасы» хабары осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітпек.

Адамзатты сақтаудың жолы – дінаралық татулық. «Халықсыз дін болмайды, дінсіз халық болмайды» деген сөз бар. Ислам дінінің өзге дінді, өзге салт-дәс­түрді құрметтей білуі бей­бітшілік пен береке ұйытқысы екенін дәлел­дейді. Со­ның ар­қасында адамзат баласы бү­гінге дейін адам­гер­шілік қа­сиетін биік ұстап, түрі, тілі, діні бөлек болса да, барлық халықты тең көріп  келеді. Өркениеттің сара жолы қашанда діннен бөлек қарастырылмаған. Жер шарындағы ортақ тір­шілік те  ауызбіршілікке келіп түйіседі. Қазақ елінің Ас­танада тұтас ғаламдағы тү­гел дін өкілдерін жинап съезд өткізуі – дінаралық татулықты нығайту.

Бүгін Ұлттық арнадан 12:40-да «Иман айнасы» хабары осы тақырып төңірегінде әңгіме өрбітпек.

0
0
419

«Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сеңгірбекова «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды

«Балапан» телеарнасының директоры Ләйлә Сұлтанқызы Сеңгірбекова еліміздің мәдениет саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің  «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

Төсбелгіні бүгін Астанадағы «Қазмедиа» орталығында Байланыс және ақпарат қызметкерлері күніне орай өткен жиында «Қазақстан» РТРК» АҚ Төрағасы  Нұржан Мұхамеджанова табыстады. 

0
0
785

Отандық өнімді дамыту керекпіз – Елбасы

Қазақстандық брендті қолдау арқылы еліміз әлемге танылады,-деді Мемлекет басшысы телекөпір барысында. «Біздің басқа елдерден өзіндік ерекшелігіміз болуы керек. Мысалы, Францияны әлем жұртшылығы жұпар иісті әтірлері мен сапалы шарабы арқылы таниды. Жапондықтар уылдырық жемейтін қазаққа шикі балық жегізді. Нидерланды қызғалдағымен танымал. Неге бізге де осы жөнінде ойланбасқа? Миланда өткен EXPO көрмесінде біздің аграрлар біркелілік апортты таныстырды. Көпшілік жасанды апорт па, деп жатты. Бір қарасаң, жай ғана алма. Бірақ, қазір әлем Қазақстан – алманың отаны екенін түсінді. Бізде жаңалық, креативтілік деген жоқ. Алдымен, адамға идея келеді. Одан кейін барып материал жиналады. Материал жиналған соң, іске кірісу қажет. Бізде талантты жастар өте көп. Біз – ұлы даланың ұрпағымыз. Біздің бабал…

0
0
925

Астанада Дж. Вердидiң «Аида» операсы ашық аспан астында қойылмақ

Елорда күнiне орай, Астанада 1-2 шiлде күндері Дж. Вердидiң "Аида" операсы қойылатын болады.Бұндай көлемдегi қойылым ашық аспан астында өтедi деп жоспарлануда. Бұл туралы кеше Орталық коммуникациялық қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында Төлеубек Әлпиев мәлiм еттi. "Бұл спектакльдi бiз тамаша мерекеге орай - Астана күнiне арнап отырмыз. Ашық аспан астындағы қойылым - театрдағы ерекше жанр. Онда көптеген факторлар ескерiледi: театралдық алаңның ауқымды аумағы, сахнаның ерекше орналасуы, әртiстердiң кең құрамы, үлкен аудитория, сонымен бiрге арнайы жарық пен бейнеаппаратура", - дейдi театр басшысы. Жобаға танымал ресейлiк әртiс Юрий Александров жетекшiлiк етпек. Юрий Александров кезiнде Күләш Байсейiтова атындағы опера және балет театрын және жаңадан салынған "Астана Опера" театрының ашылу…

0
0
206

Астанада «Астана Самалы — 2015» атты үрмелі аспаптар фестивалі өтеді

Астана күні қарсаңында Елордада қала тұрғындары мен қонақтарына арналған түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «Астана Самалы - 2015» үрмелі аспаптар фестивалі. Фестиваль 4-6 шілде аралығында еліміздің бас қаласының қалалық алаңдары мен саябақтарында өтеді. Астана күніне орай ұйымдастырылатын шараға Қазақстан мен Ресей өнерпаздары қатысады. Шара 4 шілде күні кешкі сағат 18:00-де ашылады. Бағдарлама аясында үрмелі, халық және эстрада әуендері орындалады. Ал, 5 шілде сағат 10:00-де қалалық әкімдік алаңында Астана әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының үрмелі аспаптар оркестрі, Ұлттық гвардияның ұлттық үрмелі оркестрі, Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының үрмелі оркестрі және Омбы филармониясының үрмелі оркестрі өнерлерін паш етеді. Күннің екінші жартысында аталған…

0
0
178