Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

«Тылсым дәм» драмасын көріңіз

Рю Сын Рён, Ли Ё Вон, Ли Дон Ук сынды актерлер ойнайтын фильмді бүгін сағат 01:00-де көре аласыздар. Өмірдің кез-келген сәтіне арналған мәзір жоқ. Сондықтан, сынақ жасауға тура келеді. Бұл өмірде ащы да, тұщы да болып тұрады. Өмірдің әртүрлі дәмін тек сезімтал жандар ғана сезе алады. Махаббат – өте күрделі сезім. Режиссер  Анна Лидің «Тылсым дәм» драмасында Рю Сын Рён, Ли Ё Вон, Ли Дон Ук сынды актерлер басты рөлдерді сомдайды. Фильмді бүгін Ұлттық арнадан сағат 1:00-де көріңіз.

0
0
854

Жұқпалы аурулар қауіпті ме?

Жұқпалы аурулардың қалай алдын алуға болады? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарын көріңіз. Жаз мезгілінде көкөніс, жеміс-жидектер пісіп, балалардың жазғы демалысы басталған кезде ішек жұқпалы ауруларының өсуі байқалады. Ең кең тараған ішек жұқпалы аурулары қатарында гастроэнтероколит, дизентерия, сальмонеллез, ротавирустық жұқпа және басқалары бар. Ішек ауруларын бактерия, вирустар және шартты патогендік микробтар туындатады. Бұл аурулар әсіресе, балалар арасында жиі кездеседі. Бактериялар суда, азық-түліктерде ұзақ сақталады, қолайлы жағдайда көбейіп кетеді. Ластанған суды, азық-түлікті пайдалану, тазалық ережесін сақтамау адамдардың сырқаттануының негізгі себебі. Жазда жиі кездесетін жұқпалы аурулардан қалай сақтануға болады? Алдын алу шаралары қандай? Бүгін 10:05-те «Дауа» хабарынан мамандар…

0
0
398

«Поэзия әлемінде» — Қуаныш Амандық

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білгіңіз келсе, бүгін 13:45-те Ұлттық арнаны қосыңыз. Ақын Қуаныш Амандық Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан Өнер институтын бітіргеннен кейін 1997 жылдан бері облыстық қазақ драма театрында жемісті еңбек етіп келеді. Осы жылдар ішінде актер отыздан астам образ сомдаса, соның көпшілігі - негізгі рөлдер. Әсіресе, Иран-Ғайыптың «Махамбет» трагедиясында Махамбет, А.Камюдың «Калигуласында» Калигула, Т.Әбдіковтің «Біз үшеу едік» драмасында Мұрат сынды бірегей бейнелерді сахнаға шығарды. Қуаныш Сайлауұлы - О.Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлері республикалық байқауының және республикалық, облыстық мүшәйралардың жеңімпазы. 2008 жылы Ақтау қаласында өткен Қазақстан театрларының республикалық ХVІ фестивалінде Калигула рөлі үшін «Ең үздік ер адам бейнесі»…

0
0
597

«Сенбілік кездесу» Темірғали Көпбаевтың шаңырағында

«Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен болған сұхбатты бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көре аласыздар. Темірғали Көпбаев - 1962 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданында дүниеге келген. ҚазМУ-дің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақ университеті» баспасында редактор, «Жас қазақ» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарған. «Көзмоншақ», «Жаңғырық» жыр жинақтарының, «Қазақ радиодрамматургиясы» ғылыми монографиясының авторы. «Сенбілік таң» ақпаратты-сазды бағдарламасы ақын, журналист, филология ғылымдарының кандидаты, «Қазығұрт» баспасының директоры Темірғали Көпбаевтың отбасымен сұхбат құрады. Бүгін Ұлттық арнадан сағат 09:00-де көріңіз.

0
0
551

Отандық велоспорттың жағдайы қалай?

Бүгінгі «Айтуға оңай...» ток-шоуы елдегі велоспортқа арналады. Әлем елдерінде велосипед тебу спорт қана емес, өмір салтына айналып кеткелі қашан?! Велосипедтің атасы атанған неміс бароны Карл фон Дрездің «шайтан арбасынан» бастап бүгінгі қазақстандық, отандық «Номад» велосипедтеріне дейінгі аралықта талай дүние өзгерді. Бірақ,  халқымыздың санасында «велосипед тебу ересек адамдарға жараспайды», деген ұғым әлі бар. Оған күні бүгінге дейін  баланың ермегі ретінде қараймыз. Бұл көзқарасты қалай өзгертуге болады?  Елімізде велоспорттың бүгінгі даму деңгейі қалай? Бүгін 21:05-те «Айтуға оңайдан» көріңіз.

0
0
337

«Балапан» телеарнасы байқау жариялайды

Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады. «Балапан» телеарнасы бесжылдық мерейтойы қарсаңында ата-аналарға арналған ертегі байқауын жариялайды. Сайысқа ата-аналар жазған қазақ тіліндегі ертегілер қабылданады.    Байқау талабы бойынша  туынды 3-10 жас аралығындағы бүлдіршіндерге арналған, бұрын БАҚ-да, кітаптарда жарияланбаған болуы керек.    Сондай-ақ, кемінде екі бет болуы тиіс (12 шрифт). Ал, ертегі жанрына шектеу қойылмайды.    Ең үздік ертегінің желісі бойынша телевизиялық қойылым түсіріліп, кітап шығарылады.   Айта кетейік, байқау 25 тамызға дейін жалғасады.   Мекенжайымыз: Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4, «Қазмедиа» орталығы, «Балапан» телеарнасы.

E-mail: [email protected]

0
0
1580

Йоганың жаңа түрі пайда болды

«Эйр йога» - төбеде ілініп тұратын гамактардың көмегімен ауада жасалатын жаттығу. II ғасырда пайда болған йога жаттығу тәсілдері мен тәжірибесі арқылы адамды өзін-өзі ұстауға, сезімі мен мінез-құлқын бақылауға, жан дүниесін сабырлылыққа баулуға үйретеді. Йоганың мақсаты – тән мен жанның үйлесіміне жету. Сондай-ақ, денені шынықтыру арқылы жан саулығы мен сергектігін жетілдіру. Раджа, карма, джанана, бхакти және хатха сынды бағыттардан тұратын йоганың тағы бір түрі пайда болды. Басты шарты төбеде ілініп тұратын гамактардың көмегімен ауада қалықтап жаттығу жасау керек болғандықтан, оған «Эйр йога» деген атау берілді. Баяу және жылдам, әрі экстремалды қимыл-қозғалоыста жасалатын эйр-йога адамға психологиялық, физикалық тұрғыдан көмек береді. Елімізде енді ғана қарқын алып келе жатқан йоганың…

0
0
715

WBA рейтингі: Бейбіт Шүменов ТОП-15-те көш бастап тұр

Дүниежүзілік бокс қауымдастығының (WBA) нұсқасы бойынша, әлем боксшыларының рейтингі жаңартылды.Қазақстандық боксшылар WBA рейтингінде орындарын сақтап қалды.

Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде (90,7 келіге дейін) ТОП-15-те көш бастап тұр, Қанат Ислам бірінші орташа салмақ дәрежесінде (69,8 келіге дейін) 6-шы орында, ал Жанат Жақиянов жеңіл салмақ дәрежесінде 53,5 келіге дейін) 2-ші орында тұр.

0
0
381

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады

20 шілде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін және 21 шілде күні сағат 15:00-16:00 аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ мен «Қазтелерадио» АҚ-да тоқсандық жоспарлы-тәжірибелік жұмыстардың  жүргізілуіне байланысты «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша тоқтатылады. Нақтырақ айтқанда, 20 шілде сағат 03:00-17:00 аралығында  «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы, «Балапан» және «KAZsport» телеарналарының хабарлары уақытша көрсетілмейді. 21 шілде күні сағат 14:00-16:00 аралығында «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының аналогтық хабар тарату бағдарламасында бақылау жұмыстары жүргізіледі. Ал, «Отау ТВ» желісіндегі «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының хабарлары 14:00-16:00 аралығында күнделікті кесте бойынша тарайды.

0
0
281

Жыл соңына дейін республика бойынша 162 балабақша пайдалануға беріледі

Жыл соңына дейін республика бойынша 162 балабақша пайдалануға беріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев мәлім етті.«Балапан» бағдарламасын жүзеге асырудың нәтижесінде балалардың мектепке дейінгі біліммен қамтылуы 78,6 пайызды құрады. Жыл соңына дейін 162 мектепке дейінгі ұйым ашылатын болады. Бұл балалардың 81 пайызын қамтуға мүмкіндік береді», - деді ол. Оның атап өтуінше, балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту үшін арнайы жол картасы әзірленген. Аталған картаға сәйкес, мемлекеттік жеке серіктестік негізінде 18 және жеке инвестиция есебінен 324 балабақша ашылатын болады. «Президентттің балаларды жүз пайыз мектепке дейінгі ұйымдармен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасы 2020 жылғ…

0
0
358