Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Сәуле Досжанова: Дүкенбай Досжанды еске алуға арналған кешті қазақ әдебиетіне құрмет деп қабылдаймын

Ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Сәуле Досжанова «Таңшолпанда» қонақта болды. 12 маусым күні Қызылордада жазушы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Дүкенбай Досжанды еске алу шарасы өтті. Осыған орай ақын, ҚР Мәдениет қайраткері Сәуле Досжанова «Таңшолпанда» қонақта болды. «Еске алу кешіне Алматы, Астанадан зиялы қауым, саяси элита өкілдері қатысты. Онда жазушының шығармашылығы, өмірі, жалпы қазақ әдебиеті туралы әңгіме өрбіді. Бұл кешті тек Дүкенбай Досжанды еске алу деп емес, жалпы қазақ әдебиетіне құрмет деп қабылдауға болады»,-дейді ақынның жары. «Биыл «Тарланбоз» деген кітап шыққан еді. Онда Дүкеңнің Мырзатай Жолдасбеков, Әбіш Кекілбаев ағаларымыз бастаған замандастарының естеліктері, Дүкең туралы айтылған жақсы сөз, оның шығармашылығына талдау –енді. Сонымен қатар, өзімнің «Менің жалғыз сер…

0
0
657

Шертпе күйдің шебері – Тәттімбет

Тәттімбет Қазанғапұлының шығармашылығы туралы бүгін «Ғасырлар үні» хабарынан көріңіз. Шертпе күйді орындау мектебінің негізін салушылардың бірі Тәттімбет Қазанғапұлының күйлері лирикалық тереңдігімен, сезімнің дарқандығымен ерекшеленеді. Оның шығармаларының музыкалық тілі орындау мәнерінің күрделілігіне, өзіндік баяндауға негізделген әрі жеңіл қабылданады. Тәттімбет күйлерінің тақырыбы әрқилы. Оның «Қосбасар», «Саржайлау», «Сары өзен», «Терісқақпай», «Былқылдақ», «Боз айғыр», «Балбырауын», «Қара жорға», «Сылқылдақ», «Көкейкесті» және т.б. шығармалары осыған дәлел. Күйшінің көптеген күйі камералық-аспаптық, симфониялық, опералық шығармаларда қолданылды. Мысалы: Е.Г.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсында «Былқылдақ», «Қосбасар», «Жамбыл» фильмінде «Саржайлау» күйі пайдаланылды. М.Сағатов эс…

0
0
727

Қадір түнін қалай өткізген жөн?

«Иман айнасы» хабары бүгін қасиетті түннің маңыздылығына тоқталмақ. Ең қасиетті түн – Қадір түні. Оның қасиеттілігі сол бұл түнде жасалған құлшылықты Жаратушы Иеміз мың айда жасалған ғибадаттан артық, деп қабылдайды. Мың ай қарапайым арифметикалық жолмен есептегеннің өзінде сексен үш жылдық мерзімді қамтиды. Ал, кейбір ғалымдар мың деген санды араб халқы негізінен «өте көп» деген мағынада қолданады. Сондықтан, Құранның: «Қадір түні мың айдан қайырлы» деген аятындағы «мың» сөзі де «өте көп» деген мағынаны береді деп есептейді. Қадір түнінің өзге түндерден артықшылығы сол – ол түні періштелер Жер бетіне Алла Тағаладан қайыр-береке мен мол жақсылық ала түседі.   

Бүгін 12:40-та «Иман айнасынан» көріңіз.

0
0
215

Кенже Жұманұлы: «Алтын қалам» байқауының берері көп

Тележүргізуші, «Алтын қалам» байқауының ұйымдастырушысы Кенже Жұманұлы бүгін таңғы бағдарламада қонақта болды. Байқаудың мақсаты мен шарттары төңірегінде әңгіме өрбіткен ол: «Байқау алғаш рет 2010 жылы басталған. Әуелде байқау қалай болар екен, деп ойлаған едік, бірақ биыл төртінші маусымын ұйымдастырып отырмыз. Соған қарағанда, қатысушылардың жобаға деген ынтасы жоғары сияқты. Қазір конкурсқа шығармалар қабылдаудамыз»,-дейді. «Байқаудың берері көп. Бүгінде қазақ әдебиеті тоқырауға ұшыраған секілді. Себебі, қаламгерлердің өзара байланысы жоқ. Қаламгер мен оқырманның арасындағы байланыс үзілген сияқты. Ал, газеттер қандайда бір кітаптың жарыққа шыққанын ғана айтуда. Бір қарағанда, әдебиетте тыныштық орнағандай. Алайда, жазып жатқандар өте көп екенін біз осы конкурс барысында байқадық. Олар…

0
0
636

«Қайрат» футбол клубы Еуропа Лигасының келесі айналымына шықты

Алматылық «Қайрат» клубы өз алаңында сербиялық «Цервена Звезда» клубын 2:1 есебімен ұтып, келесі кезеңге өтті. Еуропа Лигасының бірінші іріктеу кезеңінде алматылық «Қайрат» футбол клубы «Цервена Звезда» клубын екі ойында да ұтып, жарыстың келесі кезеңіне өтті. 2 шілдеде Сербияда өткен алғашқы ойында «Қайрат» клубы сырт алаңда жергілікті команданы 2:0 есебімен ұтқан. Ал, Қазақстанда өткен жауап ойында қазақстандық клуб 2:1 есебімен жеңіске жетті. Қос ойын нәтижесі бойынша «Қайрат» командасы «Цервена Звезда» клубын 4:1 есебімен жеңді. «Қайраттың» келесі кезеңдегі қарсыласы алдағы уақытта белгілі болмақ. Еске сала кетейік,

Еуропа Лигасында ойнайтын «Ордабасы» мен «Бейтар» арасындағы кезедсуді бүгін сағат 23:00-де «KAZsport» телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

0
0
181

Назардан тыс қалған көше

Қаншама жылдан бері өгей баланың күйін кешіп келеміз. Өйткені, біздің талап-арыздарымызға басшылық тарапынан назар аударылмай келеді. Осылай деген Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» елді мекенінің тұрғындары телеарнаға шағымдарын жеткізді. Халықтың бұлай деп айтуының басты себебі – мұндағы тұрғын үйлердің кейбіріне газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілмеген. Тұрғындардың талап тілектерін тыңдап қайтқан тілші материалы толықтырады. Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды. Бұл талай жылдан бері үйіме табиғи отын кіргізілсін деп, талай есікті қаққан тұрғындардың жәйі. Бірақ, бұл өтініш «Шалғай Қарасу» елді мекенінің барлық тұрғындарына қатысты емес. Арыз-шағымдарын айтқан мұндағы халықтың айтуынша, бұл аймаққа көгілдір отын тартылғанына 5 жылға жуықтаған. Алайда, бұл жұмыстардан неге екені бел…

0
0
387

«Өнерпаз болсаң, арқалан»

Ерекше әуестіктерін өнерге айналдыра білген жандар бүгін «Айтуға оңайда» қонақта. Қазақта әуес, әуестік деген ұғым бар. Бүгінгі тілмен айтқанда, хобби дейміз. Әлдебір нәрсемен ерекше ыждаһаттылықпен айналысатын, әлдебір бұйымдарды ұқыпты түрде жинап жүретін жандар болады. Олардың бірі кітап жинаса, бірі пошта маркаларын, бірі қаламсап, енді бірі ескі автокөліктерді жинаумен айналысады. Ал, «Айтуға оңайдың»  бүгінгі кейіпкерлері тіптен ерекше. Олар сол әуестікті өнерге айналдыра білген жандар. Бүгін 21:05-те Ұлттық арнадан көріңіз.

0
0
645

Ең алғашқы автобус қалай пайда болды?

Автобусты бұрын әскер қатарында болған офицер Станислас Бодри ойлап тапқан. XIX ғасырдың басында әйгілі Наполеон Ватерлоо шайқасында жеңіліс тауып, жер қайысқан әскер тарайды. Наполеонның сенімді серігі болған офицер Станислас Бодри отставкаға шыққан соң, шағын бизнеспен айналысады. Станислас алдымен қала шетінен үлкен монша ашады. Алайда, күн санап, оған келушілер азая бастайды. Оның басты себебі – моншаның қаладан шалғайда орналасқандығы еді. Шағын бизнесін енді ғана бастаған кәсіпкер әбден ойланады. Бірнеше күн өткен соң, моншаға тікелей қатынайтын атты экипаж ойлап табады. Оған «Омнибус» деген ат қояды. Ең өкініштісі, Станисластың моншасына келушілердің саны бәрібір көбеймейді. Қатты ашуланған ол өзінің омнибусын жетілдіріп, 1827 жылы патент алады. Кейін екі қабатты омнибустар да шықт…

0
0
1174

«Түнгі студияда» — Динара Сұлтан

2006 жылы «SuperStar.KZ» республикалық конкурсына қатысқан әнші финалға дейін барады. Кейін «China Town» тобында өнер көрсетеді. Динараның музыкаға деген қабілеті бес жасынан-ақ байқала бастаған. Музыкадан алғашқы сабақты анасынан алады. Мектеп кезінде талай музыкалық конкурсқа қатысып, бас жүлде иеленген. Әнші болуды, сахнада көрінуді мақсат еткен Динара тоғызыншы сыныпты бітіргеннен кейін, музыка колледжіне түсу үшін Алматыға келеді. Мұнда ол КСРО-ның Еңбек сіңірген әртісі Лаки Кесоглудан тәлім алады. 2006 жылы «SuperStar.KZ» республикалық конкурсына қатысқан әнші финалға дейін барады. Кейін «China Town» тобында өнер көрсетеді. Көпшілікке Динара Сұлтан ретінде танылған әнші бүгін 23:40-та «Түнгі студияда» қонақта.

0
0
291

Қайрат Сақ: Журналистика – өмір бойы ізденетін мамандық

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің деканы, профессор Қайрат Сақ бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. 7 шілде күні Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті журналистика және саясаттану факультетінің 2015 жылғы түлектеріне салтанатты түрде диплом табысталды. Осыған орай факультет деканы, профессор Қайрат Сақ бүгін «Таңшолпанда» қонақта болды. «Біздің факультеттің ашылғанына бес жыл толды. Сол бес жылдың ішінде үлкен өсу бар. Егер факультет құрылған кезде біздің студенттер контингенті 200-дің шамасында болса, қазір 800-ден асты. Соныңбиыл 180-ге жуығы бітіріп жатыр. 130-ы бакалавриат болса, қалған 47-сі магистратура академиялық дәрежесін алып шықты. Биылғы ерекшелік – бізде қоғаммен байланыс деген мамандық ашылған. Соның алғашқы…

0
0
700