Мазмұнға өту
Әртүрлi

Әртүрлi

3 335 жазбалар3 тіркелуші

Әртүрлi

Қазақстан Ұлттық құрамасы Дэвис Кубогының рейтингісінде 12-ші орында

Дэвис Кубогындағы ұлттық командалардың жаңа рейтингі жарияланды.

Ширек финалда австралиялық теннисшілерден жеңілген Қазақстан 12-ші орында қалды.

Көш басында Чехия, екінші орында Швейцария, үздік үштікті Франция түйіндеді.

Дэвис Кубогі. 2015 жылдың 20 шілдедегі құрамалар рейтингі:

1 (1). Чехия - 30 700 ұпай
2 (2). Швейцария - 22 912.50
3 (3). Франция - 14 725
4 (5). Аргентина - 13 871.25
5 (4). Сербия - 12 000
6 (10). Ұлыбритания - 9574.69
7 (9). Австралия - 9437.50
8 (13). Бельгия - 8887.50
9 (6). Испания - 8750
10 (7). Канада - 6878.13
12 (12). Қазақстан - 5075.

0
0
178

Еуропа Лигасы. «Қайрат» клубы «Алашкертке» ұтылса да, келесі кезеңге өтті

Бүгін Армения астанасы Ереванда Еуропа Лигасы аясында «Алашкерт» пен алматылық «Қайрат» кездесіп, алаң иелері 1:2 есебімен жеңіске жетті.

Ойынның 28-ші минутында Арарат Аракелян («Алашкерт») есеп ашса, 1-ші тайм аяқталар кезде қайраттық Жерар Гоу гол соқты. Екінші таймда «Қайрат» қанша шабуылдағанымен ойынның соңында алашкерттік Эбер есепті 1:2 жеткізіп, командасына жеңіс әкелді.

Алматыда «Алашкертті» 3:0 есебімен жеңген «Қайрат» келесі кезеңде шотландияның «Абердин» командасымен кездеседі.

0
0
280

Алматыдағы сел тасқынынан зардап шеккендерге 2 миллиард теңге бөлінді

Бүгін таңертең қалалық мәслихатта Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов қалада төтенше жағдай жарияланғанын мәлім етті. «Бұл сел тасқыны салдарынан зардап шеккен тұрғындарға дер кезінде көмек көрсету мақсатында жасалды. Төтенше жағдай аясында 2 миллиард теңге бөлінді», - деп хабарлайды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі. «Бүгін таңертеңгі сағат 06:20-да оқиға болған аймақты тікұшақпен аралау барысында 3500 метр биіктікте мұздықтар мен мореналық көлдер басталатын тұста ауа температурасы 11 градус болған. Сол көлдердің бірінің табаны бұзылып, суы бөгетке қарай аққан. Қарғалы өзеніндегі бөгет жартысына дейін суға толды. Қазір ешқандай қауіп жоқ. Оперативтік штаб жұмыс істеп жатыр. Келтірілген шығынның көлемі есептелуде. Төтенше жағдай жарияланған жағдайда зардап шеккендерге қажетті сом…

0
0
162

«Әйел бақыты» жаңа маусымда жаңа тақырыптарды қозғайды

Хабардың жүргізушісі Ләйлә Сұлтанқызы тікелей эфирде ең өзекті мәселелерді талқыламақ.

«Әйел бақыты» хабарының жаңа маусымында жаңа тақырыптар ортаға тасталып, жаңа кейіпкерлердің оқиғасы баяндалмақ. Күнделікті өмірде отбасына да қарап, үй тірлігін де тындырып, қолы қалт етсе, құрбыларымен әңгіме-дүкен құрып та үлгеретін, сәнді киініп, сұлулық сырын да ұмытпайтын әйелдің бақыты неде? Хабар барысында талқыланатын жайттар әр үйде кешкі дастархан басында қозғалатыны сөзсіз. Себебі, «Әйел бақыты» көтеретін тақырыптар әр отбасында бар, әр әйелдің басында кездесетін жағдай. Жаңа маусымда жұлдыздардың ғана емес, сонымен қатар, қарапайым  көрерменнің де сырымен бөліспекпіз.

Ұлттық арнадан «Әйел бақытының» жаңа маусымын күтіңіз!

0
0
255

Джодидің танымалдылығы «Жүрегім саған аманат» фильмінен кейін артқан

«Жүрегім саған аманат» телехикаясын Ұлттық арнадан 5 тамыздан бастап 22:40-та көре аласыздар. Джоди Санта-Мария – 1982 жылдың 16 маусымында дүниеге келген. Отбасының үлкені. Джоди Филиппиндегі ең талантты актрисалардың бірі. Ол актерлік өмірін Abs-cbn компаниясының «Магиялық жұлдызды партия-7» жобасынан бастаған. Бұл жобаға сонымен қатар, «Gimik», «Tabing Ilog», «Pangako Sa'yo», «Kampanerang Kuba», «Нұһ» және «Аспанға бағытталған 100 күн» («100 Дней К Небесам») жобалары кіреді. Ал, актрисаның ең алғашқы түскен фильмі 1991 жылы жарыққа шыққан «Maalaala mo kaya». Актриса бұдан бөлек, «Bagong Buwan», «Cinco», «Gimik» және т.б. фильмдерде ойнаған. Алайда, Джодидің танымалдылығы «Жүрегім саған аманат» телехикаясынан кейін артты. Джоди Санта-Мария 2008 жылы «Sisa» фильмінде сомдаған рөлі үшін «…

1
0
1036

Г.Головкин – А.Уорд жекпе-жегін ұйымдастырушылар ортақ келісімге келе алмады

Орта салмақта көш бастап тұрған Геннадий Головкин (33-0, 30 КО) мен супер дивизионда үздік деп танылған Андре Уорд (28-0, 15 КО) арасындағы мегафайт нұсқасын пысықтауы кедергіге тап болды, деп жазады inform.kz.

«Roc Nation Sports» (А.Уорд ) пен «K2 Promotions» (Г.Головкин) әзірге ортақ келісімге келе алмаған.

«Уорд Геннадий Головкинмен келесі кезекте жұдырықтасқысы келеді, алайда 74,4 келі салмақта бұл мүмкін емес», - деп мәлімдеді инсайдер.

Геннадий Голвкин мен Андре Уорд келесі жекпе-жектерін күзде өткізуді жоспарлауда.

0
0
153

«Өнер шежіресі». Ерболат Төлепбайдың шығармашылығы

Қылқалам шебері туындыларының ерекшеліктері туралы бүгін 12:30-да Ұлттық арнадан көріңіз. Ерболат Төлепбайдың кескіндеме туындылары — Қазақстанның соңғы жылдары көркемсурет мәдениеті саласында пайда болған бірден-бір әрі бірегей құбылыс. Қазіргі заманның қазақ халқына ала келген ғаламат өзгерістерін жинақтап көрсету — суретшінің алдына қойған мақсаты. Сальвадор Далидің сюрреализм дәстүріне ден қоя бастаған Ерболат Төлепбайды бір кездері қатарластарының бірі «қазақтың сюрреалисі», деп атаған еді. Сол сөз шындыққа айналғандай. Расында да, Ерболат Төлепбай шығармашылығында көптеген параметрлер бойынша Сальвадор Далимен іштей диалог жүріп жатады. Оны қылқалам шеьерінің «Қалага келген жаңа бала» (Қонақтар), 1981 жыл, «Алыс ауылдағы жайылымнан оралу», 1982 жыл, «Балкон», «1987 жыл» сияқты туынд…

0
0
942

Чемпиондар Лигасы. «Астана» словениялық «Марибор» клубын ұтып, келесі кезеңге өтті

«Астана-Арена» стадионында Чемпиондар Лигасы аясындағы 2-ші іріктеу кезеңіндегі «Астана» мен словениялық «Марибор» арасындағы матч аяқталды.

Алғашқы кездесуде есе жіберген (0:1) елордалық «Астана» өз алаңында 3:1 есебімен жеңіске жетті.

«Астана» сапынан голды Бауыржан Джолчиев (12 мин), Рохер Каньяс (43 мин) пен Патрик Твумаси (58 мин) салды. Ал, «Марибор» командасынан 39-шы минутта Александер Райчевич мергендік танытты.

Енді қазақстандық «Астана» клубы финляндиялық «ХИК» клубымен кездеседі.

0
0
170

«Барыс» хоккей клубы екі ойыншымен келісімшарт жасасты

Астаналық «Барыс» хоккей клубы екі жас шабуылшы Александр Мелихов және Кирилл Балдинмен келісімшартқа қол қойды.

Екі ойыншы биыл «Жас шабуылшы ҚХЛ – 2015» атанған. «Барыс» клубы екі шабуылшымен 3 жылдық келісімшарт жасасқан.

Сондай-ақ, «Барыс» клубы 1997 жылы туған жас қорғаушы - Артем Бакушинмен келісімшартқа отыруға ниетті.

0
0
247

«Қызыл сарайдағы түс» романы Цао Сюэцинь қайтыс болғаннан кейін жарыққа шықты

Цао Сюэциннің атақты романы 120 бөлімнен тұрады. Қытайдың әйгілі жазушысы Цао Сюэциннің шын есімі – Цао Чжань. Цао бала кезінде ата-анасынан жетім қалады. Кейін есейіп, отбасылы болған кезде әйелінен, қартайған шағында балаларынан айырылады. Цао Сюэцинь – жан-жақты талантты жан еді. Суретті жақсы салатын, каллиграфиямен айналысып, өлең жазатын, қолөнер және емдеу ісі жөнінен де хабары болған. Алайда, Сюэциннің есімі тарихта «Қызыл сарайдағы түс» романымен қалды. Цао ауқатты отбасынан шыққан. Цао әулеті императордың қызметінде жүріп жауынгерлік айбыны үшін жоғары жетістікке жетеді. Мысалы, олардың қатарында гарнизон қолбасшысы, император әскерінің капитаны және т.б. бар. Ал, Цао Сюэциннің өзі Цао Инаның немересі еді. Жеңіл өнеркәсіп саласында шенеунік болған Цао Ина – өте сауатты адам. Әрі…

0
0
1482